Механикалық ұғымды есте сақтау қабылетінің коэффициенті
с2= а2 / в2
ЖЖІӘ бойынша мәселелік тапсырмалар.
Ми қыртысын тітіркендірсе, ит алдыңғы аяқтарын қимылдатады. Бұл мидың қай жерінің тітіркенгенін көрсетеді?
Төменде жоғары жүйке әрекетінің типтері (И.П. Павлов бойынша), темперамент түрлері (Гиппократ бойынша) келтірілген. Олар дұрыс жазылған ба?
Күшті, ұстамды (тең), ширақ – холерик
Күшті, ұстамды (тең), баяу (инертті) – сангвиник
Күшті, ұстамсыз – флегматик
Әлсіз – меланхолик
Тежелудің мына түрлерінің қайсысы шартты тежелуге жатады?
Шартты тежелудің бұлардан басқа қандай түрлерін білесіздер?
Сыртқы, шамадан тыс, өшетін, кешіктірілген.
Итте «қоңырау» деген сөзге шартты рефлекс жасалған. Сонда қоңырау дыбысына итте шартты рефлекс реакциясы пайда болады ма?
Жоғары жүйке іс- әрекетінің бұзылуына қандай себептер бар?
Еттері толық босаған, ұйқыдағы адамның қасына барғанда ол жиі-жиі ырғақсыз дем алып жатса, оның жұмылған көздері қабақ астынан қозғалып тұрса, ондай адамды ұйқыда деп айтуға бола ма?
Егер жалпы ұйқы кезінің 75%-інде жылдам ұйқы болса, ол адамның жасы нешеде?
Жаңа туған нәрестеде шартты рефлекс пайда болуы мүмкін бе?
Жануар атаулының дөңгелекті элипстен ажырата алатындығын қалай анықтауға болады?
Адамның көзіне жарық түсіріп тітіркендірсе электроэнцефалограмманың альфа-ырғағы қалай өзгереді?
Шарттыз тітіркендіргіштің әсері шартты тітіркендіргіштің алдында 5 сек. ерте беріледі. Осы жағдайда жануарда шартты-рефлекстік реакция қалыптасады ма?
Шартты рефлекстің қалыптасуына қандай ережелерді сақтау керек?