Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы


Электромагниттік сәулелену радиотолқындар және көрінетін толқындар арқылы алынатын ақпарат



бет12/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75

13. Электромагниттік сәулелену радиотолқындар және көрінетін толқындар арқылы алынатын ақпарат


Қашықтықтан зондтаудың әдістері электромагниттік сәулелену қасиеттерін пайдалануға негізделген. Барлық табиғи объектілер түрлі ретпен белгілі бір спектралдық құрам мен қарқындылықты электромагниттік толқындармен көрсетеді, жұтады немесе сәулелейді. Қашықтықта қабылдау қондырғыларының көмегімен оларды тіркеу қашықтықтан зондтаудың міндеті болып табылады. Тіркелген ақпарат, кейіннен зерттелетін объектілер мен олардың қасиеттерін анықтау мақсатында өңделеді.
Толқындар немесе жарық бөлшектерінің (фотондарының) тура сызықты ағыны түрінде кеңістікте энергияның таралуын электромагниттік сәулелену деп атайды. Ол толқындық параметрлермен – таралу жылдамдығы, толқынның ұзындығы және (=с/) жиілігі немесе жарық кванттарының немесе фотондарының ағыны сияқты корпускулярлық теория түсініктерінде сипатталуы мүмкін.
Электромагниттік сәулелену кеңістікте жарық жылдамдығымен таралады және бір-бірімен энергияның таралу бағытына ортогональды орналасқан электрлік және магниттік өрістерден тұратын жазықтық гармониялық толқынның моделімен сипатталуы мүмкін.
Электромагнит толқыны біртұтас электромагниттік өрістен тұратын электрлік (Е) кернеуінің бағытымен және магниттік өрістің (В) индукциясының бағытымен сипатталады. Электромагниттік толқындар тарала отырып, энергияның ауысуын жүзеге асырады.
Радиотолқындар. Радио толқындарының ұзындығы айтарлықтай өзгеруі мүмкін - бірнеше сантиметрден жүздеген, тіпті мыңдаған шақырымға дейін, оны жер шарының радиусымен салыстыруға болады.
• Барлық радиодиапазондардың толқындары техникада кеңінен қолданылады -дециметрлік және ультра қысқа метрлік толқындар жиіліктік модуляциясы бар ультра қысқа толқындар диапазонында (УКВ/FM) теледидар тарату және хабар тарату үшін қолданылады, толқындардың тікелей таралу аймағында сигнал қабылдаудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
• Метрлік және километрлік диапазондағы радиотолқындар амплитудалық модуляцияны пайдалана отырып, радиохабар тарату және радиобайланыс үшін қолданылады, ол сигнал сапасына нұқсан келтіре отырып, оның жер шегінде кез келген үлкен қашықтыққа берілуін қамтамасыз етеді
• Дециметрлік диапазондағы толқындар жер көкжиегін бір метрлік толқындар сияқты айналып өте алмайды, бұл қабылдау аймағын тікелей таралу аймағымен шектейді, ол антеннаның биіктігі мен таратқыштың қуатына байланысты бірнеше ондаған шақырымға дейін созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет