алмай жатырмын, қай жерде екенін көрсетесіз ба?» деп соны
сұрасаңыз болады. Танысқысы келетін адам сияқты емес, жай
ғана сізге сол ақпарат керек секілді сұраңыз.
Егер жігіттерден
сұрай алмасаңыз әйел адамдардан сұрап бастаңыз. Ал барлығы
дұрыс болса онда бірден жігіттерден, жас азаматтардан сұрап
бастасаңыз болады.
Есіңізге түсіріңізші, қашан соңғы рет біреумен таныстыңыз?
Әйел, ата, апа, кішкентай бала, жігіт. Кім болса да, қашан сізде
соңғы рет жаңа таныстық болды? Бізге керегі дәл қазір іске
көшу. Дәл қазір бастау. Біз барлығын кейінге қалдырып
үйреніп қалдық. Мысалы, қазір бір жігітпен немесе бір қызбен
танысқыңыз келіп тұр. Ал оның айналасында достары көп.
Сондықтан сіз онымен сөйлеспейсіз, кейінге қалдырасыз,
жалғыз қалғанын күтесіз немесе
дене бітіміңізді қалпына
келтіргіңіз келеді, бірақ дәл қазір бастай алмайсыз. Себебі,
қолыңыз бос емес, жұмыстарыңыз көп, фитнеске ақша керек,
дұрыс тамақтану қымбат т.с.с. Немесе қазір шаршап тұрсыз.
Жаңа таныстық ритуалдары сізде әдет ретінде қалыптасуы
керек. Мысалы, сіздің әлі жігітіңіз жоқ, бірақ тұрмысқа
шыққыңыз келіп тұр. Сізде мынандай әдет қалыптасады:
күнделікті жұмысқа бара жатқан кезде, міндетті түрде бір ер
адаммен танысасыз, сөйлесесіз және 15 күн өткеннен кейін, он
бесінші күні сіздің арманыңыздағы жігіт сізге сөз салатын
шығар, сізді кездесуге шақыратын шығар. Ал ол қай жігіт?
Сіздің жұмысқа бара жатқан кезде, өзіңіз бірінші қадам жасап
танысқан жігітіңіз болуы әбден мүмкін.
Некеге дейін...
17
Күніне 3 жаңа адаммен сөйлесіңіз.
Жаңа таныстармен көп әңгіме -
өзіңізге деген сенімділікті
арттырады.
1.
Мысалдарды айтып өттім.
Официанттар, лаш мейкер, нэйл стилист, дүкенші, мұғалім,
күзетші. Кез-келген жұмысы бар, сізге сұраққа жауап бере
алатын адамға сөйлеу керексіз. Тым болмаса есімін сұраңыз.
Егер қорқынышты өтей алсаңыз, әңгіме кемінде 5 минут болу
керек!
-Кітап оқып отырған адамға сұрақ қойыңыз;
-Сізбен очередьте тұрған адамға өтініш айтыңыз;
-Автобуста жаныңыздағы
адамға сұрақ қойыңыз, уақыт
сұраңыз.
2. Күніне 3 жаңа адамға комплимент айту керексіз!
Киімі, дауысы, очки, сумка, көздері, не болса да комплимент
айтыңыз.
Жігіті барлар қыздарға, әпкелерге айтасыздар.
Жігіті жоқтар 2 әйел, 1 жігітке айтасыздар
3. Күніне аяқ асты 3 жақсылық жасаңыздар!
Асыңызбен бөлісіңіз, мысыққа тамақ беріңіз, даяшыға стол
жинауға көмектесіңіз, чаевые калдырыныз,
балаға балмұздақ
алып беріңіз және т.с.с.
Бұл басқа адамдармен танысу үшін болмаса да, сіздердің
коммуникативті қабілеттеріңізді жақсартады.
Некеге дейін...
18
Достарыңызбен бөлісу: