Жыраулардың сөз жасаудағы әдіс-тәсілдері


Орта ғасырдағы шешендік сөз үлгілері



бет31/40
Дата31.12.2021
өлшемі74,94 Kb.
#23493
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
Документ (178)

Орта ғасырдағы шешендік сөз үлгілері.

Халықтың шешендік дәстүрі ежелгі дәуірлерден қолданылып келе жатқан аңыз-әңгімелерде көрінеді. Аңыз-әңгімелердің негізінде келіп дамыған халық ауыз әдебитінде: тұрмыс салт жырларында, ертегілер мен эпостық, лиро-эпостық жырларда, мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда шешен сөйлеу үлгілері сақталып қалған.

Шешендік сөз көпшілікке қаратып айтылады, бірер адамға қарата айтылған сөз әдетте шешен сөз болып шыға бермейді, себебі, бірер адамға айтылған сөздің қоғамдық-әлеуметтік мәні болмауы мүмкін.

Қазір жұртшылықтың арасында фольклордың бір жанры ретінде кең таралып жүрген шешендік сөздерді ғана танысақ, онда шешендік сөз соңғы дәуірде дамымай тоқтап қалған сала болып шығады. Бұл төңіректе Р.Сыздықованың айтқан пікірі өте бағалы «Әдеби тілдің ауызша түрі» деп аталатын кітапта Р.Сыздықова: Ал шындығында өте ерте замандардан бері өмір сүріп, біздің дәуірімізге дейін жетіп, бүгінгі мәдени – рухани өмірімізден орын алып келе жатқан шешен сөйлеу дәстүрі бар. Және ауызша сөйлеудің аясы ұлғайған сайын, шешен сөйлеудің қажеттілігі арта түсіп отыр. Біздің қазіргі қоғамымызда шешендік өнердің көрінетін жерлері әлдеқайда кеңіді: ол саяси әлеуметтік өміріміздің барлық саласында идеялогиялық күрестің, тәрбие мен оқу-ағартудың, заң мен ғылымның, қоғам басқарудың ең бір пәрменді құралына айналды. Сонымен қатар шешендік ауызша жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарының бірден-бір құралы. Жиналыс, конференция, съез, симпозиум, семинар, диспуттарда шешендік өнер өте-мөте қажет. Бұл күнде шешендікті радио мен телевизияда да көрсетеді. Өйткенгі бұларда жазба тілмен қатар ауызша сөйлеудің үлгісі ортақ. Демек, ауызша сөйлеу табиғаты жалпы мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып отыр. Ал шешендік өнер тіл мәдениетін көтеретін шарттардың бірінен саналады дей келіп, біздіңше, «шешендік сөз» деген терминді шешендік өнердің іс жүзінде асқан нәтижесін атауға қалдыру керек, яғни фольклор мұрасының бір жанрын және қазіргі кезде де шешен айтылған сөзді осылайша атау керек те, шешендік өнердің сөзге шеберлік сөзін сәл болса да өзгешелеу атау керек.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет