Крийтериалдық бағалау Add Your Title
Критериалды бағалау
Критерий – (гректің kriterion – пікір айту құралы деген сөзінен шыққан) соның негізінде баға берілетін белгі, бір нәрсені анықтау немесе бағалау, пікір беру өлшемі.
Критериалды бағалаудың моделі оқушының дамуын, оның
қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр
оқушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді
бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады.
Анық құрастырылған критерийлепдің көмегімен, мұғалім де оқушы да: Оқушы оқытудың қай сатысында?
Олар білім алуда неге талпынады?
Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?
екенін түсінеді.
Add Your Title
Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Мақсаты
Критериалды бағалаудың міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту; 2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы оқушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау; 3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу; 4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз: - оқушыларға олардың оқу сапасы туралы; - мұғалімдерге оқушылардың ілгерілеуі туралы; - ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы; - басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну; 5. Оқу нәтижелеріне деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы рефлексия, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту. Термин «Критериалды бағалау» терминін алғаш Роберт Глейзер (1963) қолданған,
ол әдеттегі мінез-құлық моделінің жиынын анықтау үдерісін, білім
алушылардың оқу жетістігі деңгейінің шамасы мен қолжетімділігінің
арасындағы сәйкестікті сипаттады. Бұл оқушы әрекетін алдын ала анықталған
критерийлерді тіркеп жинақтау арқылы бағалауды білдіреді.
Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі
• оқыту мен бағалаудың тұтастығына негізделеді;
• оқушылардың үлгерімін, ілгерілеуін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін қалыптастыруға бағытталады;
• оқу бағдарламасына сәйкес дағдыларды дамытуды, білім алу дәлелдерін
жинақтауды, оқу мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
• оқу бағдарламасының мазмұны негізіндегі әр сынып үшін пән бойынша
бағалаудың формалары мен тәсілдерінің әртүрлілігін қамтиды.
Төменде критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын теориялық
негіздердің сипаты ұсынылды.
Қалыптастырушы бағалау— оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.
Жиынтық бағалау— оқу бағдарламасындағы бөлімдер (ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалады.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Назарларыңызға рахмет