Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет102/224
Дата02.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#46944
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   224
Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).


7. Бақылау (тесттер, есептер.)
Жағдайлық есептер:

  1. Н. атты аурудың шағымы. өте күштi бас ауруы, дене температурасы 400С көтерiлген, мұрыннан судың бөлiнуi, құрғақ жөтел, 2 күн ауырған. Алдында қонақта болған, онда тұмаумен ауырған адаммен контактта бірге болған. Қарағанда: мұрынның кілегей қабатының гиперемиясы, тахикардия, өкпе сырылы жоқ. Шамамен ЖРВИ деген диагноз қойылған. Диагностика үшiн риноцитоскопия өткiзген.

  2. Балалар клиникасында 1 жастағы балалар арасында, тыныс алу жолдарының төменгi бөлiмдерiнiң залалдануымен (бронхиолиттер, пневмония) тағы да ларингит интоксикация жалған круптың белгiлерiмен белгiлi бiр уақытта дәрiгерге келдi. Иммунофлюоресценттi әдiс арқылы, арнайы сарысулармен, мұрын, жұтқыншақ және қақырықтың шайындысының ВПТ×-1, ВПТ×-2, ВПТ×-3 антигендерi табылады. Лабораториялық және клиникалық диагнозыңызды негiздеңiз. Лабораториялық негiздерiңiздi ескере отырып, емдiк-алдын алу шараларды ұсыныңыз.

  3. Қыс мерзiмiнде Ш. қаласының жарты тұрғынының өткiр респираторлы ауру байқалды. Оның негiзгi клиникалық белгiлерi: ауыр құрғақ жөтел, көпшiлiгiнде қызбамен (38-39ºС) сипатталады. Ауырған адамдардың арасында мидың сусіңденуінің нәтижесiнде летальдық жағдайға алып келген. Мұрын жұтқыншақтағы жұғындысынан әртүрлi арнайы сарысулармен иммунофлюоресценттi әдiспен зерттеген кезде: грипп, парагрипп, респираторлы синцитиальды, аденовирустың, А грипiнiң антигендерi табылды. Диагнозды дәлелдеңiз. Осы зерттеу әдiсi нақты диагностикасын қою үшiн емдеу-алдын алу шаралар жүргiзу үшiн жеткiлiктi ме?

  4. Жұқпалы аурулар ауруханасының мынадай шағыммен 5 жасар бала түстi. Денесiне бас жағынан бастап, төменге қарай таралған бөртпелердiң пайда болуы және қызба. Анасының айтуы бойынша: Бала бақшаға барғанда, бақшада бір бала жақында қызылшамен ауырған. Эпидемиологиялық мәлiметтер және клиникасын ескере отырып, лабораториялық диагностикасының зерттеу тәсiлдерiн негiздеңiз. Емдiк алдын алу шараларды қолданудағы сiздiң тактикаңыз?

  5. Инфекциялық бөлiмшеге денесiнiң барлығын папулездi бөртпелердiң пайда болуымен, температурасының көтерiлуiмен, кейбiреуiнде коньюктивит, фарингит, ринит белгілері бар, яғни клиникалық белгiлерi бiр-бiрiмен өте ұқсас бiр топ бала түстi. Зерттеу барысында әр түрлi сарысу жиындықтарымен иммунофлюоресценттi реакциясына қойғанымызда зақымдалған жасушаларда қызылша антигенi бар екендiгi анықталды. Алынған лабораториялық зерттеудiң нәтижесiн дәлелдеңiз. Сiздiң клиникалық лабораториялық тактикаңыз.

  6. Жүктiлiк кезiнде жұқпалы аурумен ауырған әйелдiң құрсағындағы баласын зерттеу кезiнде серологиялық реакция арқылы анасынан да, баласынан да қызамық вирусының IgМ класының антиденесi табылды. Анасы мен құрсақтағы баланың лабораториялық және ретраспективтi диагнозын дәлелдеңiз.

  7. Ашық қызыл түстi, папулездi бөртпелердiң пайда болуымен түскен жүктi әйелдiң, интерференция тестi бойынша зерттеуде, зерттелетiн материалдың жасуша дақылына егу жасағанда ЕСНО вирусының цитопатикалық әсерiнiң жоқтығын дәлелдедiк. Жүктi әйелге емдiк алдын алу шараларды табыңыз. Жүктiлiктi сақтайсыз ба әлде үзесiз бе?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет