Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет208/224
Дата02.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#46944
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   224
Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).


6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):

  1. Риккетсиялардың тудыратын аурулары мен ерекшеліктері?

  2. Хламидиялардың тудыратын аурулары мен ерекшеліктері?

  3. Микоплазмалаордың тудыратын аурулары мен ерекшеліктері?



Дәріс № 23.
1.Тақырыбы: Анаэробты инфекцияларының қоздырғыштары (сіреспе, газды гангрена, ботулизм)
2.Мақсаты: Студенттерге бізді қоршаған ортадағы клостридиялар тобына жататын жарақат –инфекция қоздырғыштарының таралуын, жұғу жолдарын науқасқа микробиологиялық диагноз қою әдістерін талдап түсіндіру.
3.Дәріс тезистері.
1. CLOSTRIDIUM- түріне қозғалмалы таяқша спора түзетін жасушаға веретено (ұршық) тәрізді пішін беретін (kloster – веретено ) микроорганизмдер кіреді .
Дақылдау сатысының басында Гр+хемоорганотрофты –кейбір түрлері сахаролиттік, ал кейбір түрлері протеолиттік белсенділігін көрсетеді. Көп түрлері клостридиялардың қатаң анаэроб. Сіреспе клостридиясы- CLOSTRIDIUM tetanus – ауыр кешетін жарақат инфекциясы, жоғарғы жүйке жүйесінің зақымдалуымен, тоникалық және клоникалық тырысулармен байқалады.
Сіреспе қоздырғышын бір мезгілде Н. Д Моностырский (1883 ж) және А Николаев (1884ж) ашқан.Грам + (оң) таяқша ұшы домалақ ұзындығы (4-8 мкм және қалыңдығы 0,3-0,8 мкм (жас дақылдарда кей кездерде жіп тәрізді жасушаларды түзеді, біреуден болмаса моншақ тәрізді орналасады. 20-ға жуық жіпшелері бар перетрих, ескі дақылдарда (30 тәуліктен асқан дақылдарда қозғалмайтын түрге айналады. Споралары домалақ таяқшаның ұшында орналасады (терминальды) диаметрі 2-3есе қалыңдығынан үлкен, пішіні барабан таяқшасын еске түсіреді. Қатаң анаэроб, яғни оттегіне өте сезімтал. ЕПА және желатинде өте баяу өседі, жұқа мөлдір шеттері тегіс немесе кедір – бұдыр колониялар түзеді. Қоректік ортада S-R колониялар түзеді. Жартылай сұйық агарда 24-48С R – форма колониялар түзеді болмаса ортасы қоңыр қатты ұлпабас S – форма колониялар түзеді. Спора түзу 2-3 тәулікте басталады, сұйық ортада вегетативты жасушалар жойылады , ал ортада біркелкі споралар қалады.
БИОХИМИЯЛЫҚ – белсенділігі төмен, цитохром, цитохромоксидаза, переоксидаза және каталаза белсенділігі жоқ. Өсуіне аргинин, гистидин, тирозин, валин, изолейцин, лейцин және триптофан қажет.
О және Н антигені бар, жіпшелі антигені 10 серовар бөледі.
. Патогенділік қабілеттілігінің себебі экзотоксин өндірілуінде – тетаноспазмин және тетанализин.
ТЕТАНАСПАЗМИН- Бұл полипептид, токсин жүйке жасушаларының өсінділеріне жабысып, тіке жасуша ішіне еніп және аксонолармен тасымалданып орталық жүйке жүйесіне түседі. Әсер ету механизмі тежелуші нейромедиаторлардың басылуына қысым жасайды. Бірінші токсин перифериядағы нервтерге әсер етеді, бұлшық еттердің тетаникалық жиырылуын шақырады. Қоректік ортада 2-тәулікте қоздырғыштың токсині пайда болады, 5-7 тәулікте токсигенділік қасиеті ең жоғарғы дәрежеге жетеді.Ұзақ уақыт термостатта сақталғанда, оттегі және күн сәулесі әсерінен жойылады:
ТЕТАНОЛИЗИН. (тетоногемолизин) гемолитикалық кардиотоксигендік және өлімге алып келетін нәтижелерімен сипатталады.
Инфекция қақпасы тұрмыстық өндірістік жарақаттар, көп жағдайларда аурулар жарақаттарымен медициналық көмекке қаралмағанда болады.
Сіреспе – токсинемиялық инфекция, негізгі патогенетикалық фактор сіреспе токсині болып табылады. Қоздырғыш кірген қақпадағы ұлпада болады, экзотоксин өндіреді, адам организімінде қанға түсіп, ағзаға қан және лимфа тамырлары арқылы таралып, және жүйке өсінділері арқылы жұлынға және сопақша миға жетеді.
Инкубациялық кезең 6-14 күн. Жеңіл формасы (жергілікті сіреспе) мезгілімен зақымдалған аймақта бұлшық еттердің жиырылуына алып келеді. Аймақтық сіреспе - өте көп кездесетін түрі, бұлшық еттердің жиырылуымен, тахикардия, аритмия, менингит, гипокальцемия белгілері байқалады.
Табиғи иммунитет жоқ. Инфекциядан кейін иммунитет пайда болмайды, себебі сіреспе токсинінің токсигендік дозасы, иммуногендік дозадан аз, сондықтан қайтадан кездеседі. Микробиологиялық диагностикасы. Тексерілетін материал қоздырғыш кірген жерден жарақаттан алынады, сондықтан жарақат байланған байлау материалдарынан алынады, егер жарақат жазылып кеткен болса, біткен жарақат орнына, терідегі жырылған жерлерге көңіл бөлу керек. Бактерияскопиялық, бактериялогиялық, биологиялық әдістерімен анықтауға болады. Қоректік орталардан: КИТТА – ТАРОЦИИ + ет сорпасы + бауыр бөлігі қоректік ортасына егіледі. Вильсен – Блера қоректік ортасына егіледі. Мәйттерден 10 мл қан, бауыр, қара бауыр бөлігі (20-30г) алынады. Бактериоскопиялық әдіс нәтижесіне қарай қорытынды диагноз қою мүмкін емес, себебі басқа клостридия түріне кіретін микроорганизммен шатасуымыз мүмкін.Тексерілген материал Китто-Тароцци қоректік ортасына 3-4 тәуліктен кейін қатты қоректік ортаға енгіземіз. Ажыратып алған дақылдың токсигендік қасиетін тексеру үшін тексерілетін материалдарды ақ тышқандарға енгізіп анықтаймыз .
Сіреспеге қарсы ат сарысуын 50-100 тыс (ленң) МЕ (курсқа – 2 инъекция, ал ауыр жағдайларда 3 инъекция бөліп енгізіледі, сіреспеге қарсы донырлық иммуноглобулинді 900 МЕ енгіземіз .
Жарақат алғанда хирургиялық жәрдем көрсету керек. Арнайы алдын алу жұмыстарында егу календары бойынша енгізіледі.
4.Иллюстрациялық материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет