Жоғары жүйке қызметі және оның жастық ерекшеліктері Жоспар


сұрақ Ұйқы, оның физиологиялық негіздері мен жас ерекшелігі



бет9/10
Дата02.06.2023
өлшемі113,5 Kb.
#98201
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
7 сұрақ Ұйқы, оның физиологиялық негіздері мен жас ерекшелігі
Ұйқы адам ағзасының қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай.
Ұйқы кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды немесе мүлде тоқталады, денедегі зат алмасуы, бұлшық еттердің тонусы, ас қорыту, жүрек-қан тамырлар мен тыныс мүшелерінің қызметі төмендеп, дене тұлғасының бұлшық еттері босайды. Тыныс жиілігі, жүректің соғуы азаяды. Ұйқыдағы адамның миындағы жүйке жасушаларының өзара байланыстары жөнге келтіріліп, талданып, талқыланады, қажетті мәліметтер есте сақталады. Ол мәліметтердің іздері нығайып, күшейеді, нейрондардың энергия қоры қалпына келтіріледі, сондықтан ұйқы қандай да болмасын ағзаға өте қажет.
Ұзақ уақыт ұйқы кемігенде адамның еңбек қабілеті, есте сақтау, ойлау қабілеттері төмендеп, нашарлап кетеді, денсаулығы бұзылады. Тіпті ұзақ мерзім ұйқысы қанбаса адамның психикасында өзгерістер пайда болып, психоз, невроз ауруларының, шаршау, қалжырау белгілері орын алады.
И.П.Павлов пен оның шәкіртгерінің зерттеулері негізінде ұйқы мен ішкі тежелудің табиғаты бір екені анықталды. Ояу жүргенде ішкі тежелу жүйке жасушаларының жеке топтарында ғана байқалады. Ал ұйықтағанда тежелу ми қыртыстары мен қыртысасты құрылымдарына тарайды. И.П. Павловтың айтуынша, ұйқы - мидың жоғарғы бөлімдеріне жайылған қорғаныс те ж е л у і.
Қазіргі мәліметтер бойынша ми бағанасында ұйқы мен сергектікке әсер етуші жүйке жасушаларының шоғырланған топтары болады. Ұйқының пайда болуына таламус, гипоталамус пен торлы құрылымның маңызы бар екені анықталды. Таламус пен гипоталамуста арнайы ұйқы орталықтары бар, ал торлы құрылымда сергектік орталық бар деп есептейді.
Ұйқыдағы ағзаның ЭЭГ-сын зерттегенде әрбір 80-90 минөт сайын баяу ырғақтар ояу кездегіге ұқсас жылдам ырғаққа ауысатынын бақылаған. Ондай кезде көз алмасы жылдам-жылдам қозғалып, пульс пен тыныс жиілігі артады. Бұл мезгілді ұйқының парадоксты кезеңі, яғни жылдам ұйқы деп белгілеген. Бұл кезеңде электр белсенділігі сергек кездегідей болғанымен ағзаның сыртқы ортамен байланысы болмайды, оның сигналдарын қабылдау тежелген. Кезекті күнделікті ұйқы кезіндегі ЭЭГ-ның белсенділік ырғақтары нейрохимиялық жүйенің белгілібір жұмыстарына байланысты деп есептеледі. Ұйқыдағы адам осы кезде түс көреді. Жылдам ұйқы адам ағзасына аса қажетті. Егер ұйықтағанда ол пайда болмаса, бір түннің ішінде адамның жүйке жүйесінің козғыштығы күшейіп, күндіз ашуланшақ болады, ал ұзақ мерзімге созылса, адам науқастанады. Жылдам ұйқы кезінде адам оянбайды.
Ұйқының баяу толқындары байқалатын кезендерін

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет