Сонымен қатар, академиялық хаттың ерекшелігі:
Обьективті түрде жазылады
Ғылыми стильде жазылады
Жүйелі құрылыммен жазылады
Сілтемелерді жиі қолданады.
Сонымен ғылыми стиль:
жазба стилінің бір түрі
логикалық оймен жазылуы тиіс
терминдер қолданылады.
Ғылыми стильдің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі бар.
Өзге стильдермен ерекшелейтін қасиеттері:
нақтылық
обьективтілік
қисындылық.
Шартты түрде академиялық бағытта ғылыми тұрғыда жазылған жұмыстардың құрылым үлгісі мынандай:
титул бет
мазмұн бет
кестелер тізімі (міндетті емес)
алғыс (міндетті емес)
түйіндеме
кіріспе
әдебиеттерге шолу
зерттеу әдісі
нәтижелер/талда
қорытынды
ұсыныстар (міндетті емес)
алдағы зерттеулер
қолданылған әдебиеттер
қосымшалар.
Студенттер үшін академиялық жазылым төмендегідей дағдыларды қалыптастырады:
ақпаратты беруде лексикалық бірліктердің орынды қолданылуы
мәтін жүйесінің логикалық мәнде болуы
тақырыптың тұтастығы
ғылыми стиль талаптардың сақтауы.
Ал, академиялық хаттың негізгі талаптары:
Зерттеу тақырыбының болуы
Зерттеу сұрағының болуы
Плагиат ережесін сақтауы
Ғылыми мәліметтерді қолдануы
Кіріспе, негізгі бөлім, қортынды бөлімдерінің болуы
Түйіндеменің болуы (шағын эсселерге қатысты емес).
Лекция 2
Эссе және оның түрлері
1. Академиялық жазылым және оның ерекшелігі
2. Эссе және оның түрлері
3. Жазба жұмысының тілі мен стилі
Эссе – шағын көлемді прозалық мәтін. Эссеге батыл болжамдар, өткір ұсыныстар, талас тудыратын пікірлер, ойлар, қозғау саларлық байламдар тән. Онда автордың жеке көзқарасы, өзіндік пікірі көрініс табады.
Эссеге мынадай талаптар қойылады:
Достарыңызбен бөлісу: |