Ұлттық тәрбиенің ғылым саласы ретінде заңдылықтарын бөліп көрсету
жалпы тәрбие заңдарын қарастыруда белгілі бір тәсілдерді алдын-ала талдауды
қажет етеді.
Зерттеушілер педагогикалық заңдарға мыналарды жатқызады:
- Тәрбиенің адамдар тіршілік әрекетіндегі ерекше ортасы ретінде,
қоғамдық ортаның объективті және субъективті факторларының жиынтығына
тәуелділігі. Тәрбиеленушілердің әрекеті қаншалықты қоғамға пайдалы
ұйымдастырылса, олардың қатынасы соншалықты ұтымды болады, ал тәрбие
үрдісі тиімдірек жүргізіледі.
- Барлық тарихи кезеңдердегі тәрбиенің сипаты өндірістің объективті
қажеттіліктерімен және қоғамның билеуші таптарының мүддесімен анықталады;
- Біртұтас педагогикалық үрдістегі оқыту мен тәрбиелеудің бөлінбейтін
бірлігі.
Кейбір авторлар тәрбиенің тиімділігін анықтайтын педагогикалық
заңдылықтарын төмендегідей бөліп көрсетеді:
- тәрбиеленушілер арасындағы өзара қарым-қатынастарының сапасы мен
қарқындылығы;
- тәрбие мен өзіндік тәрбиенің қарқындылығы;
- тәрбиенің бағыты мен әлеуметтік практиканың сәйкестігі;
- қалыптасқан тәрбиелік қатынастар.
- мақсаттылық заңдылықтары;
- тәрбие үрдісінің мазмұнын сипаттайтын заңдылықтар;
- тәрбиенің технологиясы мен ұйымдастырылуының заңдылықтары.
Жоғарыда атап көсетілген тәрбие заңдылықтарының салыстырмалы
талдауы және педагогикалық заңдылықтардың табиғатына деген басқа
көзқарастар,
этнопедагогикалық,
фольклорлық-тарихи,
этнологиялық
зерттеулердің теориялық жинақтау ұлттық тәрбиенің заңдылықтарын
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы тәрбие заңдылықтары сияқты ұлттық
тәрбие заңдылықтарын екі топқа бөліп көрсетуге болады:
А) Ұлттық тәрбиенің мақсаттары объективті және олар ұлттық
психологияның ерекшеліктерімен, өмірдің әлеуметтік, тарихи, экономикалық
жағдайларымен анықталады;
Ә) Болашақ ұрпақты өмір сүруге даярлаудың қажеттігі кешенді
мақсаттарға сүйенеді - ұлттық мәдениетімен, өмірдегі әдет-ғұрыптарының
ерекшеліктерімен анықталатын жетілген тұлғаны тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: