Диспут және дебаттар ұлттық тәрбие материалдарын игертудің
проблемалық, шығармашылық сипатын арттыруымен ерекшеленеді.
Диспут және дебаттарға қатысу арқылы студенттер өздерін қызықгыратын
түрлі
сауалдарға жауап алады, тың мағлұматтарға қанығады.
Консультациялардың
атқаратын
қызметі
–
ұлттық
тәрбие
материалдарын меңгерудегі қиындықтар мен кемшіліктерді жоюға, осы
сала бойынша білімдерін толықтыруға көмек беру. Консультация
оқытушының немесе ғалымдардың әңгіме-кеңестерін қамтиды. Топтарда
жалпылама немесе жекелеген түрде жүргізілетін консультациялар
студенттердің әдеби мұралар мен салт-дәстүр, көркемдік өнер
жөніндегі білімдерін тереңдетіп, оны меңгеруде ішкі рухани күштерін
жұмылдыруға ықпал етеді.
Фолъклорлық экспедициялар халықтың әндері мен күйлерін, сәндік-
қолданбалы өнер үлгілерін, аңыз-әңгімелерін, туған өлкенің мәдени
құндылықтарын ел ішінен жинау мақсатында ұйымдастырылады.
Мұндай экспедициялар студенттерді ізденімпаздық, байқампаздық,
іскерлік кабілеттерін шыңдап, белсеңділіктерін жетілдіреді.
Көрмелер өлкетану жорықгары кезінде жинақтаған қазақ халқынын
тұрмыстық заттары, киіз үй жиһаз-жабдықгары, зергерлік әшекей
бұйымдары және т.б. арналады. Оны ұйымдастыру жұмыстарына
студенттердің өздерінің қатысуының білімділік-тәрбиелік маңызы
зор. Студенттер көрмелерді өздері басқарып, пікір алмасуы, өз
тәжірибелерімен таныстыруы олардың танымдық белсенділіктерін
арттырып, мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сенімдерін нығайтады.
Жарыстар, сайыстар, олимпиадалар студенттердің ұлттық
тәрбие материалдары жөніндегі білім, іскерлік, дағдыларын
жетілдіріп, қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуда тиімді
ұйымдастыру формалары болып табылады.
Ғылыми-шығармашылық бірлестіктер мен клубтар студенттердің
ұлттық тәрбие материалдары саласынан білімдерін тереңдетіп,
ғылыми ізденіске бағыттайды. Студенттер педагогтардын, ғалымдардың
жетекшілігімен проблемалық топтарда ғылыми-теориялық, ғылыми-
практикалық конференцияларына баяндамалар, мәнжазбалар дайындап,
оларды көпшілікте қорғайды. Ізденіс барысында ғылыми қосымша дерекер
жинап, оларды теориялық және практикалық тұрғыда негіздеп, өзара
байланыстарын көрсетеді, сөйтіп, ғылыми зерттеу жұмыстарының
талаптарын меңгереді.
Ұлттық тәрбие материалдарын жоғары мектептің оку үрдісінде
пайдалану оқыту әдістері арқылы жүзеге асырылады. Атап айтсақ:
сөздік әдістер, көрнекілік әдістер (яғни қоршаған ортадағы заттар,
құбылыстар, көрнекі құралдар), практикалық әдістер (іс-әрекеттер
әңгімелер өткізіледі. Сонымен қатар, курстың жүргізілу барысында
декоративті - қолөнер бұйымдарын, ұлттық киімдерді, тұрмыстық заттары
көрсетіліп, ерекшеліктері түсіндірілді. Бұл өз ұлты жөнінде көбірек
мәлімет жинауға, мәдениетіне деген қызығушылықтарын туғызуға негіз
болады. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты халқымыздың
тарихына, мәдениетіне, дәстүріне деген құрметі мен қызығушылығы арта
түсті.
Достарыңызбен бөлісу: