Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»


Дж.Х. Уилмор, Д.Л. Костилл Физиология спорта. Москва, 2001.-С 504



бет25/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46

2. Дж.Х. УилморД.Л. Костилл Физиология спорта. Москва, 2001.-С 504


3. Жолдасбекова Б.А. Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері. Шымкент,2013.-С.172.
4. Физиология физического воспитания и спорта. Смирнов В.М. Дубровский В.И. – М., Влад. Пресс.2002.
5. Дубровский В.И., Смирнов В.МФизиология физического воспитания и спорта. Москва, 2002.-С.606
Қосымша әдебиеттер.

1. Жилов Ю.Д  Назарова Е.Н. Возрастная анатомия, физиология и гигиена. Москва, 2014.-С.256

2. Прокофьева В.Н. Практикум по физиологии физического воспитания и спорта. Москва, 2008-С.191


3. Дж.Х. Уилмор Д.Л. Костилл Физиология спорта и двигательной активности. Москва, 2007.-С.503


Практикалық сабақ №9
Сабақтың тақырыбы: Әйелдердің спорттық жаттығуының физиологиялық негіздері


Сабақтың жоспары:
1. Әйел ағзасының физиологиялық ерекшеліктері.
2. Әйелдердің қимыл аппаратының физиологиялық ерекшеліктері және дене сапаларының дамуы.
3. Әйелдердің анаэробты және аэробты жұмысқа қабілеттілігі.
4. Өзіндік тән биологиялық циклдің әртүрлі кезеңдеріндегі әйелдердің
жұмысқа қабілеттілігі.
Сабақтың мақсаты және міндеті, ептілік, дағды және құзыреттілік:
Әйел ағзасының құрылысының және қызметінің ерекшеліктерін ақыл-ой және дене жұмысқа қабілеттіліктеріндегі айырмашылықтар анықтайды.
Практикалық сабақтарын өткізу түрі: Семинар-дискуссия
Қысқаша теориялық мәлімет:
Әйел ағзасының құрылысының және қызметінің ерекшеліктерін ақыл-ой және дене жұмысқа қабілеттіліктеріндегі айырмашылыұтар анықтайды. Жалпы биологиялық аумақта әйелдер ерлермен салыстырғанда қоршаған орта өзгерістеріне (температура өзгерістеріне, аштыққа, қан жоғалтуға, кейбір ауруларға) тез, әрі жеңіл бейімделеді және ұзақ өмір сүреді.
Әйел ағзасына мидың арнайы қызметтік ерекшеліктері тән. Сол жақ ми сыңарлары оларда ерлермен салыстырғанда біршама төмен айқындалады. Бұл сол жақ қана емес оң жақтағы да сөздік қызметтің өкілдерінің жеткілікті дәрежеде айқындалуымен байланысты. Әйелдер сөздік ақпаратты – ана тілін және шет тілдерін үйренулерімен, аударуға бейімділігімен, мәселені сөзбен талдау арқылы шешу стратегиясымен және қимылдарды сөзбен реттудің жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, ақпаратты талдау шапшаңдығы және сандық ес әйелдерде ерлермен салыстырғанда төмен. Әйелдерде эмоциялық қозу жоғары, ерлермен салыстырғанда эмоциялық тұрақсыздық және қауіптілік сезімі басым.
Тері рецепторларының сезімталдығы, көру өткірлігі, түсті ажырату әйелдерде жоғары. Әйелдердің ерлермен салыстырғанда бойлары орташа есеппен 10 см-ге, ал дене салмақтары 10 кг-ға төмен болады. Рас дене өлшемдері кіші болса ішкі мүшелердің де, дене салмағының да өлшемдері төмен болады. Дененің әртүрлі бөлімдерінің арасындағы арақатынаста да айырмашылық болады, атап айтқанда, әйелдердің аяқ-қолдары тұлғасына қарағанда қысқа, жамбас бөлімдері үлкен, ал иық белдеуі қушиған болады. Дененің бұл ерекшеліктері салмақ орталығының жалпы төмендеу орналасуы күйін қамтамасыз етеді. Ал осының нәтижесінде, мысалы, ескек есу, бағанда тұрып жаттығулар орындау сияқты жаттығуларда дене тепе-теңдігі дұрыс сақталады. Сонымен бірге, жамбас бөлімінің кең болуы қозғалыс тиімділігін азайтады. Әйелдерде омыртқа жотасының қозғалмалылығына және сіңір апаратының созылмалығына байланысты қимыл амплитудасы біршама үлкен, иілгіштік қасиеті жақсы жетілген болып келеді де көлденең шпагат жеңіл орындалады. Әйелдердің өкшесі жоғары болып келеді, оларда жалпақ табандық (ерлермен салыстырғанда) сирек кездеседі. Көбінесе оң жақты ассиметрия (көбіне оң жақ қолдың, аяқтың, көздің үйлесімділігі) басым болып келеді.
Әйелдердін дене мөлшерінің жіне құрамының ерекшеліктері әйел ағзасының вегатативті қызметінің арнайылық белгілерін анықтайды. Әйелдердің тыныс алу жүйесі қызметінің арнайылық белгілерін анықтайды. Әйелдердің тыныс алу жүйесі қызметінің ерекшеліктері өкпенің көлемінің және тыныс алу жиілігінің жоғарлығымен сипатталады. Әйелдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы ерлермен салыстырғанда 1000 мл-ге төмен. Тыныштық күйде ТК төмен, ал жұмыс кезінде ТЖ жоғары. Бұл көрсеткіштер әйелдердің тыныс алуының төмен тиімділігін анықтайды. ТМК тыныштық күйде 3-5л, жұмыс кезінде 100 л-ге дейін көтеріледі. ТМК ТК және ТЖ аз тиімді қатысымен жүреді, де тыныс алу бұлшық еттерінің тез шаршауымен сипатталады. Маргарий тесті, қандағы сүт қышқылының концентрациясы, максисальды оттектәк борыш арқылы бағаланатын анаэробты мүмкіндіктер әйелдерде ерлермен салыстырғанда 25-50%-ке төмен. Оттегінің максисальды қолданылуымен (ОМҚ) бағаланатын әйелдердін аэробты мүмкіндіктері орта есеппен ерлерден 25-30%-ке төмен. Жоғары дәрежелі спортшыларда ОМҚ орташа есеппен 3,5-4,5л/мин-1 немесе 60-70 мл /кг-1 . 7-8 жастан бастап қыздарда құрсақтық тыныс алу кеуделік тыныс алуға ауысады.
Әйелдердің қан жүйесі жоғары ұан түзілу қызметімен сипатталады, мұның қзі көп қан жоғалтуды жеңіл сезінуді қамтамасыз етеді және ағзаның қорғаныстық қызметімен сипатталады.
Әйелдердің қанындағы лейкоциттердің және тромбоциттердің мөлшері ерлермен бірдей, тек эротрициттердің (4-5 млн) мөлшері төмен, осыған орай гемоглобиннің мөлшері (120-140 г/л, ал ерлерде 103-160 г/л), сондай ақ айналымдағы қан мөлшері төмен (4,5) болады. Дене салмағына шаққанда қанның мөлшері аз, қанның оттекті сыйымдылығы төмен, сондықтан аэробты жүктемелер кезінде спортшы әйелдердің артериялық қанының рН реакциясының төмендеуі әйел ағзасына ауыр тиеді. Әйелдердің жүрегінің абсолютті көлемі – 580 см3, спортшыларда – 640-790 см3. Қаншалықты жүректің көлемі кіші болса, соншалықты систолық қан көлемі аз болады, есесіне ЖСЖ-і және қан ағымының жылдамдығы жоғары болады.
Тыныштық күйде әйелдердің систолалық қан көлемі – 57 мл, жұмыс кезінде бұл көрсеткіш 118 мл-ге көтеріледі. Қанның минуттық көлемі тынышьтық күйде – 4 л\мин, жұмыс кезінде 25 л\мин-ке дейін көтерәледі. ЖСЖ тыныштық күйде – 72-78соғу /мин, бірдей аэробты жағдайда ерлерге қарағанда әйелдерде ЖСЖ 20-40 соғу/мин- ке арттық көтеріледі. Жүктемелерге кардиялық-респираторлық жүйелердің бұл беймделу механизімдері әйелдердің аэробты мүмкіндіктерін және жалпы жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді.
2. Арнайы, биологиялық циклдің әйелдің жұмысқа қабілеттілігінің әсері.
Әйелдердің ағзасының қызметі күйінің және дене көрсеткіштерінің сапаларының өзгерістері овариалді-менстраулді циклге (ОМЦ) немесе етекірге байланысты. Бұл циклдің ұзақтығы – 21-36 күн, орташа есеппен әйелдердің 60%-да 24-28 күн. Барлық цикл 5 кезеңнен тұрады:
1) менструалд3 немесе етеккір кезеңі -1-2-7 күнге созылады;
2) постменструалді немесе етеккірден кейнгі кезең -4-12-шi күндер;
3) овулятрлы кезең – 13-14-ші күнлер;
4) овуляциядан кейні кезең -15-25 күндер;
5) етеккірден алдынғы кезең-25-28-ші күндер;
І-ші кезеңде жатырдың ішкі кілегейлі қабаты бөлініп, қан кетуі ба»қалады. Етеккір қанның мөлшері шамамен 150-200 мл.
ІІ-ші кезеңде аналық жасушадағы фолликуа пісіп-жетіліп, жарылады. Бұл кезең басқаша – фолликулярлы немесе овуляция алдынғы кезең деп аталады. Бұл кезеңде қандағы әйелдердің жыныс гормоны – эстроген көбейеді және жатрдың кілегейлі қабаты дамиды.
ІІІ-ші кезеңде фолликуладан жұмыртқа жасушасы шығып (овуляция), жатыр түтікшесіне, ары қарай жатырға түседі. Бұл кезде жұмысқа қабілеттік төмендейді.
ІV-ші кезеңде фолликулдың қалдықтары сары дене түзеді, бұл дене жаңа ішкі сөл бөлетін безге айналады да, прогрестерон гормонын бөле бастайды; егер аналық жасуша ұрықтанбаса сары дене бұзылады; егер аналық жасуша ұрықтанбаса сары дене бұзылады; менструация немесе етеккір басталуына 2-3 күн қалғанда қандағы прогестеронның және эстрогеннің мөлшері азайып, фолликулдың орнында жатырдың кілегейлі қабатындағы процестерді белсендіретін прогестерон гормонын бөлетін сары дене түзіледі, жұмысқа қабілеттілік артады.
V-ші кезеңде жұмыртқа жасушасының ұрықтануы жүрмесе, ағзаның функционалді күйін төмендете отырып, қандағы прогрестеронның және эстрогеннің мөлшері азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет