Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Патогистологиялық өзгерістер



бет4/4
Дата16.12.2023
өлшемі185,56 Kb.
#139923
1   2   3   4
Патогистологиялық өзгерістер. Індеттің септицемиялық түрінде талақтың қызыл үлпершегі домбыққан, онда қан іркілген; ағза қаңқасы мен қабығы қанталаған, ақ үлпершекте торша элементтері шамалы ғана; тамырлар жүйесі жалқақты - некрозды қабыну жағдайында және олардың қуыстарында, синустар мен торшалар аралығында құжынаған бациллалар табылады. Сөл бездері геморрагиялық қабынуға ұшыраған, фолликулдердің герминативті орталықгары мен жұмсақ жолақтарда атрофиялық өзгерістер байқалады. Шеткі және орталық синустарда, фолликулдер төңірегінде эритроциттер іркіліп жиналған (инфильтрация) және де құжынаған бациллалар көрінеді. Бездердің трабекулдері де домбығып борпылдаған, оларда эритроциттер шоғырланған.

Ішекте серозды-геморрагиялық немесе геморрагиялық энтерит дамиды, осыған орай дистрофиялық-некротикалық өзгерістер ерекше көзге түседі. Бұлар некрозды васкулиттермен және гемодинамикалық өзгерістермен сипатталады, сонымен қатар бұл жерлерде аякталмаған фагоцитоз байқалады. Бауырда, жүрек етінде және бүйректе түйіршікті дистрофия көрінеді.
Ауруды анықтау. Ауру белгілеріне қарап қараталақты дәл анықтау мүмкін емес: ауру жіті өтсе, басқа аурулардың белгілеріне ұқсайды. Малдың алқымы ісіп, денесіне көршиқан шықса, қараталақ деп күмәндануға болады.
Осы мақсатпен ауру малдың немесе өлексенің құлағынан, аяғынан қан алады да, төсеніш шыныға жағып, бірнеше препарат жасайды. Препараттарды көлеңкеде кептіреді де, таза пергамент қағазға және полиэтиленге орап, буғаннан кейін лаборагорияға жібереді. Қан орнына өлексенін құлағын жіберуге болады. Ол үшін кесілетін жердің астыңғы және үстіңгі жақтарын жіппен мықтап тартып буады да, жіп түйіндерінін ортасын бойлап тіледі. Тіліктің бетін күйдіру шарт. Құлақтың кесіп алған бөлігін пергамент қағазға, содан кейін полиэтиленге орап, жіппен таңып тастайды. Пергаменттің орнына 3% карбол қышқылына, басқа бір зарарсыздандырғыш ерітіндіге малынған шүберекті пайдалануға болады. Осылай ораған құлақты шыны ыдысқа салып, ыдыстың аузын мұқият жауып, таңғаннан кейін дереу сенімді кісі арқылы лабораторияға жөнелтеді. Материал шіріп кетсе де жарай береді, оны преципитация реакциясымен зерттеуге болады.
Қараталақты қарасаннан, пастереллезден, зілді ісіктен, гемоспоридиоздардан ажырата білу керек. Қарасан мен зілді ісік кезінде мал денесіне шыққан ісіктер бармақпен басқан кезде сықырлайды. Пастереллездің жіті түрімен ауырған малдың шеліндегі ісік тез ұлғаяды, сондай-ақ оның өкпесі де зақымданады. Мал гемоспоридиозға шалдықса, эритроциттен түрлі паразиттер табылады. Негізгі талап - барлық жағдайда бактериологиялық зерттеу жүргізіп, оның нәтижесін ескеру.

Қорытынды
Қараталақ жылдың салқын мерзімінде сирек кездеседі: мұз болып қатқан топырақта ауру қоздырғышы көбейе алмайды. Осыған орай қараталақ маусымды ауру деп аталады.Қараталақ малдың қанын қағындырады, оның денесінде көптеген үлкенді - кішілі ісіктер пайда болады.Қараталаққа күдікті малды союға болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет