Жоспар кіріспе I абай және аударма өнеріндегі рухани үрдіс (А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романының Абай нұсқасы) II абай аудармаларындағы ұлттық болмыс (М. Ю. Лермонтовтен аударған өлеңдері) III әдеби байланыстың кейбір мәселелері


I АБАЙ ЖӘНЕ АУДАРМА ӨНЕРІНДЕГІ РУХАНИ ҮРДІС (А.С.ПУШКИННІҢ «ЕВГЕНИЙ ОНЕГИН» РОМАНЫНЫҢ АБАЙ НҰСҚАСЫ)



бет2/7
Дата02.03.2022
өлшемі51,34 Kb.
#26868
1   2   3   4   5   6   7
I АБАЙ ЖӘНЕ АУДАРМА ӨНЕРІНДЕГІ РУХАНИ ҮРДІС (А.С.ПУШКИННІҢ «ЕВГЕНИЙ ОНЕГИН» РОМАНЫНЫҢ АБАЙ НҰСҚАСЫ)

Абайдың түр жағынан жаңалықтар берген өрнекті, өрісті жырлары 1889 жылдарға ауысады. Бұл жылы өз шығармалары мен аудармаларын қосқанда, жиырма жеті өлең жазады. Сөздің сиқырын, сырын, ырғағын, құйылысы мен кестесін сезіп, тұщына білген Абай мен Пушкин «Евгений Онегин» романы арқылы шүйіркелесіп, табысады десе де болады. А.Пушкиннің ішкітерең мазмұны мен ұғысып, ұйқас ағысын тапқан Абай оның сегіз өлеңін аударады. Олардың арасында жеті-сегіз буынды шалыс ұйқас пен он екі он үш буынды қара өлең үлгісіндегі «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Онегиннің Татьянаға жауабы», «Онегин сөзі» сынды жырлары бар. Абайдың А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан аударған, ОнегинніңТатьянаны жұбатып айтқан сөзінің аудармалары түпнұсқада – 68 жол. Абай аудармасында– 76 жол. Бұл өлең ақынның алғашқы 1909 жылғы жинағында жарияланған. Ақын бұл өлеңіне әншығарған. Әнді музыка зерттеушісі Қ.Жүзбасов 1984 жылы Мәкен Мұхаметжановадан таспаға жазып алып, нотаға түсірген. Әуен аралас өлшем ырғақ желісіне түсіп, баяу орындауды қажет етеді.

Қарт Шыңғысты мекендеп келе жатқан сол кездегі Тобықты еліне Арқа әндерінің дендеп тарай бастағаны даҰлы Абайдың ән, сән түзеген жастық-бозбалалық шағымен тұспа-тұскелетінін Мұхтар Әуезов әріден байыптап, суреткерлік шығармашылығында молынан пайдаланғаны оқырманға «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы белгілі.

Абай «Евгений Онегин» романы бойынша Татьяна мен Онегиннің бірнеше хатын аударып,ән жазады. «Таңғажайып бұл қалай хат», «Хұп білемін сізге жақпас» аудармаларына жазғанәндерін А.Затаевич пен А.Жұбанов нотаға түсіріп,«Қазақтың 1000 әні» жинағына енгізеді. Ән халық арасында кеңінен тарап, жұртшылыққа ерте танымал болды. Қазақстан мәдениетін зерттеуші А.Седельников:«Абай Құнанбаев қазақ поэзиясындағы жаңа ағымның өкілі, оның қаламынан «Евгений Онегин» дастанының және Лермонтовтың (қазақтарға ең түсінікті болған ақын) көптеген өлеңдерінің тамаша аудармасы туды. Семей әншілерінен «Татьяна сөзі» әнін естуге болады» деп жазды. Музыка зерттеушілері, фольклоршылар бұл әннің алты түрін халық әншілерінің орындауында жазып алды. Абайдың осы жылы Пушкиннен аударған «Амал жоқ, қайттым білдірмей» өлеңі Татьянаның Онегинге жазған хаты. Мұның 1889 жылы Абай тудырған нұсқасы – 79 жол, түпнұсқада – 76 жол. Абай Татьянаның хатының терең мазмұнын толық жеткізуді көздей отырып, бұл мақсатын қазақ жастарының ұғым-түсінігіне орай жүзеге асыру қажеттігін түсінген. Татьянаның мінезін,еркіндігін, адал­дығын өнеге ету үшін хаты қазақ қыздарының ұғымына сай келтір­ген. Қазақша нұсқадағы кейбір өзгешеліктер осыдан туған деп қарауымыз керек. Мысалы,

Шеш көңілімнің жұмбағын,

Әлде, бәрі алданыс.

Жас жүрек жайып саусағын,

Ұмтылған шығар айға алыс, деген шумақтағы қыз жүрегін аспандағы айға саусағын жайып тұрған жанды бейне кейпінде алып сипаттағаны –Абайдың өзі тапқан көркемдік тәсіл. Өлең терең мағыналы болуымен бірге көңілге қонымды, тілге жеңіл болып шыққан. Оған Абайдың өзі әдемі ән шығарып, ел арасында кең тарап, айтылып келгені мәлім. Өлең – жеті-сегіз буынды шалыс ұйқас, Абайдың алғашқы өлеңдер жинағын енген. Қазақ оқушысына көптен мәлім ақынның бұл аудармалары Пушкиннің жазбасына қатты ұқсай қоймайды. Аударып отырған өлеңінің мағынасын бастан-аяқ дәл, тура жеткізуге де ұмтыла бермейді. Шығыс поэзиясына тән нәзира дәстүрі бойынша кейбір үзінділерін алып, кейде жақын, кейде жанай,еркін тәржімалаған. Ал, 1889 жылы Абай «Жарым жақсы киім киіп…» (Онегиннің өлердегі сөзі) өлеңін түгелдей өз жанынан шығарған деуге болады. Көлемі –он сегіз жол. «Евгений Онегин» романында Онегин­нің өлімі жайында дәл ештеңе айтылмайды.Онегиннің;

Атам, аннам қара жер,

Сен аша берқойныңды.

Сенен басқа еш жерден,

Таба алмадым орнымды, деп өмірмен қоштасуы – Абайдың өзі тапқан көркемдік шешімі.Онегин тағдырын Абай трагедиялық бояуын қоюлатып, қиянатты көп көрген, азап шеккен адам етіп көрсетуге ұмтылған. Онегиннің Татьянаға жазған хатындағы:

Сорлы адаммын жер жүзінде,

Бірқуаныш көрмедім.

Неқыласың, ерікөзіңде,

Қайғысы асқан шерлі едім, дейді.

«Түзеле алман» дегеннің мағынасы «өмірден бір қуаныш көрмедім», «шерлі едім» дегенімен астасып жатқанын аңғарамыз. Жеті-сегіз буынды қара өлең ұйқасымен жазылған өлең ақынның 1909 жылғы жинағында жариялан­ған. Абай бұл өлеңіне ән шығарған, бірақ Абай әндерінің ішінде сирек орындалатын туындылардың бірі.

Абайдың аударма өлеңдерін түп нұс­қаға жақын аударма және еркін аударма деп жіктеудің қисыны бар. Қазіргі аудармашылардай, түп нұсқаны сол қалпында жеткізуді мақсат етпеген ақынның алдымен Пушкинге назар салғаны тегін емес. Орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің мазмұны, тақырып идеялары мен көркемдік сапасы классикалық әдебиеттің басы болды.

Пушкинді бөлек-бөлек үзінділер түрінде аударған Абай оның жанына терең үңіліп, екі жас арасындағы махаббаттың хал-құбылыстарын қазақ мәдениетіне жақын қылып көрсетеді. Пушкин қолданған теңеу­лерді дәл, шебер жеткізіп, өз жанынан қосылған шумақтар мен ой-сезім­дерін үйлестіре түседі.

Қаймақ еді көңілімде,

Бізге қаспақ болды жем, деп Пушкинде жоқ кейбір жайларды қазақы тілмен, шебер көркемдік пен қазақ қызына тән тамаша теңеуді қолданады:

Рауверять, заставить верит,

Казаться мрачным изнывать, деген жолдарды:
Нанасың, не айтса да амалың жоқ,

Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген, деп түп нұсқаға сай етіп аударады. Бұл жөнінде М.Әуезовтің «Пушкинді дәл аударушылар бола берер, бірақ, оның романының ішіндегі үлкен ой, сирек сезімдерді Абайша жеткізіп, көріктеп беру көп табыла бермес» дегені бар.

Осындай шеберлікке жету үшін Абай неше алуан теңеуді, шешен­дікті, қазақтың төл сөздерін түгел қолданады. Осылайша, Пушкиннің аса көр­кем халықтық шығармасына қазақ ақыны бірталай еркіндік жасайды.

«Онегиннің өлердегі сөзі» атты өлеңін Абай өз жанынан шығарып, Онегин бейнесін сол кездегі қазақ жұртшылығына жақсы таныс шығыс поэзиясының дәстүріне жақындата, Пушкиннің сипаттауымен басқаша баяндайды.

«Куда, куда вы удалились» деп басталатын Ленскийдің сөзін көп өзгертпей жеткізуге ұмтылғанымен Онегинді өмірімен қоштастырып:

Атам, анам, қара жер,

Сен аша бер қойныңды, деп өзі шығарып, өлердегі сөзін айтқызады. Татьяна­ны қазақша ойлатып, Пушкиннің Татьянасынан да аса алшақтатпай:

Сен шошыдың ғашығыңнан,

Өзге жұрттан қамшы жеп, дейді. Сол кездегі қазаққауымының ұғым-түсінігіне сай көңілге қонатын сөз­дер айтады. М.Әуезов айтқан «Хат түріндегі эпистолярлық роман» болғанымен, тұтастай алғанда, біржеліге тү­сірілген лирикалық драма.

Қалай айтсақ та, Абай мен Пушкин­нің біртұтастығының сарынымен жазылған ұлылықтың ажырамас жарқын көрінісі, М.Әуезов пікірінің құндылығы да осында. Екі алып ақынның ішкі сезім үндестігі шығармашы­лық байланысының сиқырлы сыры да осы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет