Жоспары І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет5/11
Дата28.09.2022
өлшемі169,5 Kb.
#40689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Аффектілер. Түрлі сезімдер адам бойында әр алуан себептерге байланысты пайда болып, олардың сыртқа шығуы да түрліше сатыда көрініс береді. Мысалы, қорқу кезінде адам басынан неше түрлі күй кешеді. Қорқудың бастапқы сатысы - тынышсызданып, сескену. Содан кейін қорқу пайда болып, ол күшейе түссе, аффект туады. Адамның үрейі ұшып, абдырайды.
Аффектілердің тууы мидағы қозу мен тежелу процестерінің өте күшті болуымен байланысты- Мұндай өте екпінді сезімдердің сыртқа тебуі, әсіресе, мидың төменгі бөлімдерінің қатынасына байланысты. Сезімі аффект дәрежесіне көтерілген кезде, адам көп жағдайларды байқамай қалуы мүмкін. Аффектілер лепірме сөз, дөрекі қимыл-қозғалыстар түрінде шапшаң сыртқа шығады. Қісі бұлқан-талқан болып ашуланады. Алайда, мұның бәрін сау адамды аффект сезімі билеп кетудің, оның ес-түсін білмеуінің салдары деп санау дұрыс емес. Әрине, адам есінен айрылып, не ауыр жарақаттанып қансыраған кезде мұндай хал кездесуі ықтимал. Дені сау адам бойын аффект кернеген кезде ақыл-есінен танбайды. Аффект дегеніміз - кісіні аз уақыт ішінде болса да кенеттен бұлықтыра билеп, бұрқ етіп сыртқа шығатын эмоциялық күй. Адам бойын қаншалықты ашу-ыза кернегенімен, оны долылық сатысына жеткізбей, аффектіні ауыздықтап, ерік күшіне бағындыруына болады. Осы орайда, халық даналығындағы «Ашу - дұшпан, ақыл- дос, ақылыңа ақыл қос» деген мақалдың тағылымдық маңызы ерекше.
Адамның көңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психологияда фрустрация деп аталады. «Фрустрация» латыншадан аударғанда - көңілдің бұзылуы, межелі іс-тің жүзеге аспай қалуы дегенді білдіреді. Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі құлазып, бойын ашу-ыза кернейді, қайғырып, күйзеледі. Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесі қиналады. Мұның бәрі фрустрацияның психологиялық стрестің өзіндік бір қыры екендігін көрсетеді. Адамның сезімі мен эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды. Фрустрациялық жағдайдағы көніл күй өшпенділік, кейіс пен каһар тудырады.
Сезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі - эмпатия. Эмпатия - адамның өзгелер қайғы-қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл-күйде болуы. Жанашырлық сезімнің (эмпатияның) мән-жайын психологияда ашып көрсеткен - американдық психолог Э.Титченер. Ол философиядағы ұнату сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімінің эмоциялық, салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық (когнитивтік) және адам көңіл-күйінің аффектті жағдайға душар болу себептерін алдын ала сезе білу сияқты түрлері болатындығын да даралап көрсетеді. Адамдардың бір-бірінің күйзелісті жағдайларға ұшырауын терең түсініп, оған жанашырлық білдіруі олардың өмір тәжірибесіне, мінез-кұлқындағы адамгершілік қасиеттеріне де байланысты болып отырады.
Құмарлық сезімі. Құмарлық көрнекі түрде сыртқа шығып, ұақ уақытқа созылады. Ол әрқашан белгілі бір объектіге бағытталады. Құмарлық - адамның белсенді іс-әрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды және ұнамсыз жақтары да бар. Мысалы, оқып білім алуға деген құмарлық адам кабілетін тәрбиелейді, мәдениетін дамытып, өмірдегі мақсат-мүддесіне жеткізеді. Бұл - ұнамды қасиет. Ал ұнамсыз құмарлық адамның еркін нашарлатады, жан дүниесін аздырып, бей-берекеттікке ұшыратады. Мәселен, маскүнемдікке салыну т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет