Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет52/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71
махаббатты бастан кешіру тәжірибелеріне сүйеніп, осы мәселеге қатысты 
өз ойыңызды білдіріңіз;
– топта (жұбыңызбен) қастық туралы талқылаңыз. 
Жаттығулардың ерекше тобын эмоционалды сөйлеу әсерін қамтамасыз 
етуге бағытталған коммуникативтік жаттығулар құрайды. Ұсынылып отырған 
технологияны іске асырудың бұл кезеңі аясында біз ұсынатын эмоционалды 
сөйлеу әсерінің стратегиялары мен тактикалары айтарлықтай көп емес. 
Тапсырмалар сипаты мынадай:
– ашулану эмоциясының атауларын қолданып, жұбыңызбен қысқа диалог 
құрыңыз; 
– жек көру эмоциясының атауларын қолданып, сізге тіл тигізген адамға 
жауап беріңіз, жағдаятты суреттеңіз;
– қайғыру мен қуану эмоцияларының атауларын қолданып тобыңызға екі 
мәтін құраңыз. Олардың осы мәтіндерді тыңдағандағы эмоционалды 
реакцияларын бақылаңыз;
– сүю эмоциясының атауларын қолдана отырып, кіші сыныптар үшін 
кішкентай бала мен оның күшігі туралы оқиға құрастырыңыз. Ондағы 
мақсатыңыз – балалардың «Жануарлар әлемі» тақырыбына эмпатиясын 
дамыту.
II кезең – эмоцияларды сипаттау. Бұл кезеңде білім алушылар эмоциялар 
дескрипторларын игерулері қажет болады. Дескрипторларды игеру тек сезімді 
атап қана қоймай, оны толық сипаттауға мүмкіндік береді. Мұндағы негізгі 
лексикалық бірліктер – фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер. 
Фразеологиялық бірліктер мен мақал-мәтелдердің семантикалануы мен 
іске қосылуы, негізінен, контекст арқылы жүзеге асады, өйткені тек контекст 
арқылы олардың қызметі, мағынасы мен формасы туралы білуге болады. 
Жұмыстың бұл кезеңінде ұсынылатын жаттығулар мынадай:
– екі түрлі ұлт өкілінің диалогын тыңдаңыз. Талқыланып тұрған 
мәселеге қатысты олардың ойы не себепті бір жерден шықпады? Шиеленіске 


118 
ұласуы мүмкін бұл жағдайдан қалай шығуға болады? Айтар ойыңызда мақал-
мәтел немесе фразеологизмдерді қолданыңыз; 
– берілген бейнероликке қатысты үш мақалдың қайсысын таңдайсыз? 
Не себепті?;
– диалогты оқып, онда белгіленген мақалдардың мағынасын түсіндіріңіз; 
– суреттердің мазмұны мына сөз тіркестерінің мағынасына сәйкес келе 
ме? Егер сәйкес келмесе, не себепті?; 
– мәтінде белгіленген сөздер мен сөйлемдерді төменде берілген 
мағыналас фразеологиялық бірліктермен алмастырыңыз; 
– фразеологиялық бірліктердің мағынасын ашатын анықтамаларды 
таңдап алыңыз;  
– белгіленген фразеологиялық бірліктердің мағынасын қимылмен 
көрсетіңіз.
Эмоция 
дескрипторларын 
жаттықтыру 
үшін, 
сондай-ақ 
білім 
алушылардың жадында фразеологиялық бірліктер мен мақал-мәтелдерді бекіту 
және олардың эмотивті коммуникациядағы қызметін игеру үшін мынадай 
жаттығулар беруге болады:
– мәтіннен жағымды және жағымсыз эмоцияларды сипаттайтын 
сөздер мен сөз тіркестерін тауып, екі бағанға көшіріп жазыңыз; 
– мәтінде белгіленген бейтарап сөздерді төмендегі эмоция 
дескрипторларымен алмастырыңыз. Өзгертілген мәтінге баға беріңіз; 
– төменде берілген эмоция дескрипторларын стилистикалық бейтарап 
және ауызекі қарапайым (дөрекі) лексикаға бөліп жазыңыз. Жаттығуды 
дұрыс орындау үшін сөздіктер қолданыңыз; 
– 
сөйлемдегі 
бос 
орындарды 
төменде 
берілген 
эмоция 
дескрипторларымен толықтырыңыз; 
– бір-бірінен эмоциялар дескрипторымен ерекшеленетін сөйлемдерді 
тыңдаңыз. Оларды көшіріп жазыңыз. Айырмашылығын талдаңыз;
– оқушы мен мұғалімнің диалогында айтылған эмоция дескрипторларын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет