Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет60/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71
Оқыту эксперименті 
Эмотивтік құзыреттілікті қалыптастыру мен дамытудың оқыту 
эксперименті технологияның ұсыну, жаттығу, қолдану, бақылау және бағалау 
деңгейлері (әр кезең оқытудың төрт деңгейін қамтитыны жоғарыда айтылды) 
бойынша жүргізілді: 
а) оқытудың ұсыну деңгейін қамтитын лексиканы тану эксперименті 
Білім 
алушыларға 
эмотивті 
лексиканы 
ұсыну 
мақсатында
Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» шығармасынан үзінді берілді. Білім алушылар 
мәтіндегі эмотивті лексиканы номинативтерге, дескрипторларға және 
эмотивтерге бөліп жазды. 
«Жігіттер үнсіз. Кәлен де тұнжырап барады. Қанша күннен бері 
соңында үн-түнсіз жортып отыратын жігіттердің арғы жағындағы ойын 
біле алмай дал. Обалына не керек, әйтеуір, қанша қиындық көрсе де, әлі бірі 
қынқылдап қабақ шытқан жоқ. Ат үстінде өткізген осынау сүргінде күн өтіп, 
жел қағып қара сіңірленіп алған ашаң беттері іште қайнаған ызамен 
қатуланып, тастай боп шымыртып алған. «Осы шіркіндер неге үндемейді? 
Тілі байланып қалған ба?» - деп ойлады Кәлен. 
Бұларға не болды? Неге үнсіз сазарады? Әлде арғы жағында реніш бар 
ма? Ондай жағдайда ойдан, қырдан жиналған осынша кісінің ішінен бұған 
тіке қарап тұрып, тура айтып тілдіріп түсетін қасқыр бет бір жігіт 
табылмағаны ма? Өтпейтін пышақтай тобан аяқ, түйте мінезден жаман не 
бар? 
Не әлде осы жұрт қасқырдан қашқан сұр көжектей жан сауғалап жоси 
беруден жалықты ма? Кәлен мырс етіп күліп жіберді. Төмен қарап үн-түнсіз 


132 
тұнжырап алған жігіттерге бұл енді қыжылсыз күле қарады. Кенет ол өзінің 
әне бір заман түзу кездегі ерлігіне басып, Батақтың Сарысының Жармола 
түрмесінен оралып келе жатқанда айтқан асқақ әнін ащы дауысқа салып, 
қазір тап осы арада, осы мына ұнжұрғасы түсіп кеткен шикі өкпедей 
жігерсіз, жасық енеңді ұрайындардың алдында айқайға басып жібергісі кеп 
кетті. Қашаннан бері бұның өзінің де зығыры қайнап, түгі сыртына теуіп 
түтігіп алған қара бұжыр бетіне тап жаңағы тұста сайқы мазақ күлкі сәл 
ғана жылылық беріп тепсініп қалды. Ін түбінде әріде жылтыраған жылан 
көздің жанарында әлгі ұшқын тұтана түсті де, тез өшті. Жалбыраған қабақ 
қайта жабылып, түнеріп кетті» [215]
Бұл тапсырманы екі топтың да студенттері жоғары деңгейде орындады 
деуге болады. Нәтижелері төменде берілді (кесте 16, сурет 11). 
Кесте 16 – Оқытудың ұсыну деңгейін қамтитын лексиканы тану 
экспериментінің нәтижелері 
 
Эмотивті лексиканы тану 
қабілеттері 
1-топ (22 адам), % 
2-топ (20 адам), % 
Барлығы, % 
Номинативтерді табуы 
86,4 
90 
88,1 
Дескрипторларды табуы
77,3 
80 
78,6 
Эмотивтерді табуы 
72,7 
75 
73,8 
 
Сурет 11 – Оқытудың ұсыну деңгейін қамтитын лексиканы тану 
экспериментінің көрсеткіштері 
Жүргізілген эксперименттің соңында төмендегідей тұжырымдар 
жасалды: 
1) студенттер эмотивті мәтінді тани алады; 
2) эмотивті лексиканың түрлерін ажырата алады; 
3) номинативтер мен дескрипторларды анықтай біледі; 
4) эмоцияларды атау, сипаттау және білдірудің вербалды құралдарын 
біледі; 
0.00%
20.00%
40.00%
60.00%
80.00%
100.00%
Номинативтер
Дескрипторлар
Эмотивтер
86.40%
77.30%
72.70%
90%
80%
75%
1-топ
2-топ


133 
б) оқытудың қолдану деңгейін қамтитын рефлексивті хат эксперименті 
Рефлексивті хат – бұл өзінің эмоцияларын рефлексия арқылы білдірудің 
жазбаша тәжірибесі. Ол – рефлексивті ойлаудың нәтижесі. Рефлексивті ойлау 
барлық тәжірибені құнды білімге айналдырады. Сондықтан бұл – белсенді, 
білімді болуға, сыни ойлауға көмектесетін әдіс.
Рефлексивті хат экспериментінің мақсаты – білім алушылардың 
эмоционалды триггерлерін, эмоцияларын анықтай отырып, оларды сипаттау 
мен білдіру үшін эмотивтерді қолдануға жаттықтыру. Тәжірибенің жүргізілу 
формасы – рефлексивті хат жазудың жолдарын, құрылымдық бөліктерін 
түсіндіру, рефлексивті хатқа мысал ұсыну және рефлексивті хат жазғызу. 
Рефлексивті хатқа «Ашу хаты», «Реніш хаты», «Психологқа хат», «Анама хат», 
т.б. тақырыптар ұсынуға болады. 
Рефлексиві хаттың мысалына Ә. Ысқақтың «Әкеге хаты» ұсынылды: 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет