Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет53/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71
көрсетіңіз. Олар қандай эмоцияларды сипаттайды?
Эмоциялар 
дескрипторларын 
қолдану 
эмоцияларды 
әртүрлі 
сипаттамалардың ауқымды үйлесімінде вербалды көрсетуді қамтиды және 
келесідей тапсырмаларға негізделуі мүмкін: 
– мәтіннің бірінші бөлігін эмоция дескрипторларын бейтарап лексикамен 
алмастыра отырып мазмұндаңыз, ал екінші бөлігін эмоционалды концепттің 
лексика-фразеологиялық қорынан сүю эмоциясының дескрипторларын қосып 
баяндаңыз. Топ мүшелерімен бірінші және екінші жағдайда эмотивті 
мағыналарды жеткізудің қиындығын талқылаңыз; 
– екі жарнамалық мәтін дайындаңыз: олардың біреуінде эмоция 
дескрипторларын қолданыңыз. Олардың екеуін де кез келген Интернет-
порталға орналастырыңыз. Қайсысының көп қаралғанын тексеріңіз; 
– суретке / бейнероликке / музыкалық шығармаға қатысты туған 
сезіміңізді сипаттаңыз;  


119 
– бейнероликтерді дыбыссыз қарап шығыңыз. Кейіпкерлердің сезімдерін 
сөзбен 
сипаттаңыз. 
Соңынан 
бейнероликтерді 
дыбысымен 
қарап, 
жазғаныңызды түпнұсқамен салыстырыңыз. 
Эмотивтік құзыреттіліктің маңызды көрсеткіштерінің біріне адамның 
өзінің және өзгенің эмоциялары мен сезімдерін анықтай алуы мен сипаттай алу 
дағдылары жатады. 
Бұл дағдыларды дамыту өзін-өзі бақылауға байланысты бірқатар 
әрекеттерді қамтиды: 
– белгілі бір эмоционалды жағдайдың көрсеткіші ретінде организмдегі 
физиологиялық өзгерістерге назар аудару; 
– вербалды емес мінез-құлықты байқау және экспрессивті реакцияларды 
белгілі бір эмоциямен сәйкестендіру; 
– белгілі бір эмоцияны сезіну кезінде пайда болатын ойларға және басқа 
адамдармен сөйлесу сипатына назар аудару.
Сондықтан осы кезеңде білім алушыларға өзіндік жұмыс ретінде 
төмендегідей жаттығу түрлерін ұсынуға болады. 
Өзінің және басқалардың эмоционалды күйін түсіну қабілетін дамыту 
үшін ұсынылатын жаттығу үлгісі: 
Қорқу, ашулану, қайғыру, қуану сияқты эмоцияларды зерттеп көріңіз. 
Әрбір эмоцияға қатысты келесі сұрақтарға жауап беріңіз: 
1. Осы эмоцияны бастан кешірген уақытты есіңізге түсіріңіз. 
2. Осы сезімнің салыстырмалы күшін (қарқындылығын) 1 (әлсіз) мен 5 
(өте күшті) аралығында анықтаңыз. 
3. Осы эмоцияны бастан өткергенде қандай сезімде болғаныңызды және 
қалай көрінгеніңізді (сыртқы түріңіз) сипаттаңыз. 
4. Осы эмоцияны қалай басқаруға тырысқаныңызды сипаттаңыз. 
5. Айналаңыздағы адамдар сізге қалай қарағанын сипаттаңыз. 
6. Сізбен сөйлескен қандай да бір адамның осы сезімді бастан кешірген 
уақытын есіңізге түсіріңіз. 
7. Бұл адамның сыртқы түрі мен не сезінгенін өзіңіздің қалай 
қабылдағаныңызды сипаттаңыз. 
8. Оның осы эмоцияны қалай басқаруға тырысқанын сипаттаңыз. 
9. Оның сол кездегі іс-әрекетіне қатысты туған реакцияңызды 
сипаттаңыз. 
III кезең – эмоцияларды білдіру. Осы кезеңдегі эмоционалды концепттің 
лексикалық және фразеологиялық қорын оқытуда басты назар эмотивтерге 
аударылуы керек. Бұл кезең білім алушылардың эмоциялардың түрлі 
қызметтерін жүзеге асыру мақсатында эмотивті бірліктерді кешенді қолдануын 
қарастырады. Сондай-ақ білім алушылар мәтіндегі бейтарап бірліктермен 
берілетін жасырын эмотивті сөздерді анықтай алуды меңгеруі керек.
Эмотивтермен танысу олардың эмотивті мәтіндерде көрінуін талап етеді. 
Эмотивтерді семантикаландыруға арналған жаттығуларды мынадай үлгіде 
ұсынуға болады:


120 
– өлеңді оқыңыз. Сізге әсер еткен қай сөздер? Оларды басқа сөздермен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет