ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА DEDICATED TO KAZAKHSTAN’S 30TH ANNIVERSARY OF INDEPENDENCE К 30-ЛЕТИЮ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА https://doi.org/10.26577/JES.2021.v69.i4.12
М.Н. Атем* , С.А. Рамазанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
*e-mail:
atem.
marzhan@
mail.
ru
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЛЕМНІҢ ТӘРБИЕ ДӘСТҮРЛЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ Мақалада орта білім беру сапасын арттыру барысындағы рухани-адамгершілік және
патриоттық тәрбие беру сапасының рөлі, сонымен қатар білім беру сапасы дамыған елдердегі
тәрбие процесін ұйымдастыру мәселесі қарастырылады.
Мақалаға арқау болып отырған Оңтүстік Корея, Финляндия, Сингапур және Жапония
секілді білім беру жүйесі дамыған, озық елдердегі тәрбие процесі мен оның ұйымдастырылу
ерекшеліктері. Тәлім-тәрбие мәселесі қашан да өзектілігін жоймайтын тақырып. Дамыған озық
елдердің көбі ұлттық тәрбиеге сүйенетіндігі мақалада нақты дәлелдермен жүйеленген. «Тәрбиесіз
берілген білім – адамзаттың қас жауы». Сол себепті де балаға біліммен қатар тәрбие де берілу
қажет. Білім беру мен тәрбие егіз ұғым. Алайда, тәрбие процесін бағалай алмайтындықтан, бұл
өте нәзік ұғым болып отыр. Баланың тәрбиелік деңгейін нақты бағалау да, біржақты көзқарас
арқылы баланы нақтылы бір қалыппен тәрбиелеу де қиын. Сол себепті тәрбие беру процесіне
отбасы да, мектеп те, қоғам да өз үлесін қосып отырады.
Мақалада Түркістан облысында жүргізілген эксперимент барысында рухани-адамгершілік
және патриоттық тәрбие беру сапасын арттыру мақсатында жасалған іс-шаралар мен нәтижелері
берілген.
Түйін сөздер: орта білім беру, тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, патриоттық тәрбие,
тәрбие беру сапасы, эксперимент.
M.N. Atem*, S.A. Ramazanova
Аl-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty
*e-mail: atem.marzhan@mail.ru