Ключевые слова: среднее образование, образование, духовно-нравственное воспитание,
патриотическое воспитание, качество образования, эксперимент.
Кіріспе Еліміз тәуелсіздік алғанына 30 жыл толды.
Елдігін алған әрбір мемлекет үшін ең алдымен
өзіндік білім беру жүйесін қалыптастыру аса
маңызды. Бұл тұста біздің еліміз де аянып қал-
мады. Осы 30 жыл ішінде еліміздің білім беру
жүйесі біршама өзгерістерге ұшырады. Түрлі ре
-
формалар бойынша жұмыс жасап, барынша үздік
білім беру жүйесін, білім беру бағдарламасын
жасауға ұмтылды. Білім беру жүйесі тек оқыту
ғана емес, сонымен қатар ел болашағын даярлау,
ұрпақ тәрбиесін қамтиды. Тәрбие, тәлім-тәрбие
– жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды
мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу
мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Бесік тәрбиесінен бастау алатын тәрбие
балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім
тәрбиесі, жастар тәрбиесі болып жалғасып,
адамның өмір бойына созылатын үздіксіз про
-
цесс болып табылады. Әрі оның әр сатысы
өзіндік ерекшеліктермен жүзеге асырылады.
Тәрбиенің мақсаты адам бойында адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыру және өмір сүруге
қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастыру.
Қоғамның дамуына орай әр кезеңнің өзін-
дік сұраныстары мен мәселелері болады. Ал
қазіргі таңда білім берудің өзекті мәселесі
жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизмді
қалыптастыру, адамгершілік-рухани тәрбие
беру. Бала тәрбиесінің қалыптасуында оның
туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиенің алар
орны зор. Отбасындағы әрбір бала белгілі бір
міндетті орындау үшін, оған өзіндік ерекше
жағдайлар жасалады. Балаға айтылған әрбір
ақыл, көрсетілген үлгі-өнеге негізінде баланың
бойында жауапкершілік, адалдық, сыйластық,
парыз, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету,
бауырмалдық, Отанға деген сүйіспеншілік сын
-
ды жағымды қасиеттер қалыптасады.
Бала мектепке бармас бұрын оның бойын
-
да адамгершілік қасиетін қалыптастырудың
негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді:
ізгілікке тәрбиелеу, бала мен аға буын арасында
сабақтастықты қалыптастыру, өзгеге сыйластық
таныту, құрмет сезімі, қоғаммен бірлесе өмір
сүруге баулу, жанашырлық, қайырымдылық
және т. б. ізгі қасиеттерді қалыптастыру.
Білім беру әрдайым тәрбиемен қатар жүреді.
Себебі, тәрбиесіз білімнің, білімсіз тәрбиенің
айқын нәтиже бермесі анық. Білім әрдайым
адамдық қасиеттермен өрнектелгенде, тәрбие
объективті, ғылыми біліммен көмкерілгенде
ғана адам жеке тұлға болып, қоғамда өз орын
таба алады. Сол себепті де білім беру жүйесінің
сапасы білім беру ұйымындағы тәрбие үдерісінің
ұйымдастырылуымен де тығыз байланысты.
Маңызды құрауыш ретінде рухани-адамгершілік
және патриоттық тәрбие беру сапасы еліміздің
білім беру жүйесінің дамуына септігін тигізері
анық. Ендеше әлем бойынша дамыған елдердегі
тәрбие мәселесіне көз жүгіртсек.
132
Қазақстан мен әлемнің тәрбие дәстүрлеріне салыстырмалы талдау