Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) иб №15211



Pdf көрінісі
бет132/181
Дата21.10.2023
өлшемі3,54 Mb.
#120331
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   181
Байланысты:
vestnik-pedagogika-4-69-2021-dlya-sajta

Зерттеудің мақсаты 
– рухани-адамгершілік 
және патриоттық тәрбие беру сапасын бағалау. 
Өзге елдегі тәрбие мәселесіне салыстырмалы 
талдау жасау.
Зерттеудің әдістері
Білім беру саласындағы тәрбиенің рөлін 
анықтау мақсатында өзге елдегі тәрбие үдерісін 
зерделеу және талдау. Теориялық талдау мен 
жинақтау, индукция мен дедукция, жүйелеу, мо
-
дельдеу, түсіндіру.
Әдебиеттерге шолу. Салыстырмалы талдау
Оңтүстік Кореяда балаларды тәрбиелеу 
әр отбасының маңызды міндеті болып сана
-
лады. Ұлттық ерекшеліктерінің бірі болып 
табылатын ерекше балажандылық, балаға де
-
ген сүйіспеншілік бұл елдің халқының бала 
тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуіне әкеледі. Балала
-
рын жақсы көріп, мектеп жасына дейін еркелетіп, 
айтқанын екі етпей, еркін тәрбиелеп жүріп, 
мектеп жасына келгенде тәрбие стилін орынды 
өзгерте алу халықтың басты тәрбиедегі жетістігі 
десек те болады. Мектепке барғаннан баласына 
жауапкершілікті, ұстазға деген үлкен құрмет пен 
сыйластықты, тәртіпке бағыну мен ұқыптылықты 
ұғындыра бастайды. Отбасындағы тәртіптің 
қатал болғаны соншалық, бұл елде бастауыш
-
та бір сыныпта оқитын 50-60 баланы оқыту, 
тынышталдырып тәрбиеге шақыру ұстаздарға 
еш қиындық тудырмайды. Мұғалім беделі ата-
анасының тәрбиесі арқылы нығайтылғандықтан 
бұл ешқандай мәселе емес. Отбасылық тәрбие 
ұлттық тәрбиемен етене байланысып жатқан 
корейліктер үшін ұлттық тәрбиені бала бойына 
сіңіру парыз болып табылады. Ата-ананы сый
-
лау, үлкенді сыйлау тәрбиенің бастауы. Бала
-
ларын дәстүр негізінде тәрбиелейді. Осылайша 
бұл елдің тәрбие жүйесі туралы төмендегідей 
қорытынды жасауға болады:
1. Отбасы тәрбиесі;
2. Белгілі бір дәстүрде тәрбиелеу;
3. Өздігімен өмір сүруге тәрбиелеу;
4. Тәртіптілік және конформизм;
5. Мотивацияның жоғары деңгейі;
6. Мектеп және мұғалімге деген сыйластық.
Финляндияда білім беру сапасын жақсарту 
мақсатында тәрбие мен тәртіптің маңызды 
екенін әрбір ата-ана терең түсінеді. Сол себепті 
бұл елде ата-аналардың белсенділігі ерекше 
байқалады. Әр аптаның сәрсенбісінде ашық есік 
күніне келетін ата-аналар балаларының мінез-
құлқы, мектептегі өзін ұстауы, мектептегі аху
-
ал мен мектеп саясаты туралы, оқытушылары 
туралы толық ақпарат біліп отырады. Олар 
өз баласының білім сапасын бағалау жөнінде 
үш жақты әңгімеге араласа алады. Фин елінің 
мұғалімдерді таңдауда қатаң ережелерге 
сүйенетіндігі, тек кәсіби шыңдалған маман
-
дар, магистр дәрежесі бар ғылыми білікті пе
-
дагогтар екенін және де ата-аналар тарапынан 
белсенділікті ескере келе не үшін білім беру 
индексі бойынша Финляндияның тұрақты түрде 
бірінші орын алатындығының сырын ұғыну 
қиын емес. Сонымен қатар, бұл ел еуропалық 
елдер арасында оқушылармен жұмыс жасай
-
тын психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер 
саны жөнінен бірінші орында. Бұл дегеніміз 
бала лардың рухани жан дүниесіне, үнемі 
мотивациялық деңгейінің артуы мен өзін-өзі та
-
нуына, психологиялық тұрғыда қолдау көрсетуге 
жағдай жасалғандығын білдіреді.
Сингапурда бастауыш білім нәтижесінде 
төмендегідей көрсеткіштер алынады:
1. Ойлай білу және өз ойын айта білу;
2. Айналасындағы заттарға қызығушылық 
таныту;
3. Жақсыны жаманнан айыра білу;
4. Достық қарым-қатынас орната білу;
5. Сингапурды жақсы көру;
Байқағаныңыздай, балаларға жастық шағы-
нан рухани азық болар адамгершілік тәрбиені, 
жақсы мен жаманды, адамдармен достық қаты-
насты орната білуді жетілдіре отырып, маңызды 
тәрбиенің бөлігі ретінде патриоттық тәрбиені де 
сырт қалдырмайды. Өз елін, жерін сүюге баули 
отырып, патриот азамат болуға тәрбиелейді.
Жалпы білім беру мен оқыту барысында 
мектеп тәрбиесінде тәрбиенің барлық түрлері 
қамтылған. Сонымен қатар, адамзат денсаулығы 
болмаса еш жетістікке жетпесін де түсінеді. Ба
-
лаларды дене тәрбиесіне үйрете отырып, оны 
жетілдіруге шақырады.
1. Тұқым қуалау арқылы берілген денсаулығы 
және оны жақсарту;
2. Адамгершілік және зияткерлік тәрбиесі;
3. Дене тәрбиесі;
4. Әлеуметтік және эстетикалық тәрбие;
5. Еңбек тәрбиесі;
6. Отбасылық құндылықтар;
Міне, осындай тәрбие процесіндегі ерекше-
ліктер білім сапасы бойынша алдыңғы қатарлы 
елдердің бірі болып табылатын Сингапурға тән.
Жапония еліне тоқталар болсақ, Оңтүстік-
Шығыс Азия елдерінде тәрбиенің негізі конфу-
цийлік ілімнен бастау алады. Бұл ілім бойынша 


133
М.Н. Атем, С.А. Рамазанова
тәрбиенің бастапқы көрсеткіші ата-ананы сый
-
лау болып табылады, тәрбиенің негізі отбасын
-
да қаланады. Баланың алғашқы ұстазы – анасы 
болып табылады. Отбасы тәрбиесі негізінде 
ұлттық санасы қалыптасады. Ата-анасы мектеп 
өмірінің белсенді өкілі. Олар түрлі тапсырма
-
лар орындауға қатысады, баланың білім алуы 
мен әлеуметтік тұлға болып қалыптасуында 
маңызды қызмет атқарады. Елдегі бастауыш 
мектептің мақсаты:
1. Өзін адаммын деп терең түсінетін;
2. Мәдениетті жалғастыратын, жасайтын, да
-
мытатын;
3. Өзін Жапония азаматымын деп түсінетін;
4. Дені сау және белсенді бала тәрбиелеу.
Көріп отырғаныңыздай, бұл елде руханилық 
пен патриоттық тәрбиенің ұштасып отырғанын 
айқын аңғаруға болады. Ел идеологиясы 
академиялық көрсеткішке емес, адам, тұлға, 
азамат қалыптастыруға бағытталған. Үлкенді 
сыйлайтын, адам екенін түсінетін, өмір сүруге 
икемді, елін сүйетін, жауапкершілікті түсінетін, 
тәртіпке бағынатын, ұлттық құндылықтарды 
сақтайтын, міне мұның бәрі жапондықтардың 
басты назарында. Мектепте оқытылатын пәндер 
жалаң, суық ғылым мен техниканы зерттеп, 
ұғындыруға емес, баланың шығармашылығын 
дамытуға, жан дүниесінің қалауына, эмоцио
-
налды дамуына, құрдастарымен қарым-қатынас 
орнатуға, жеке әдеттерін қалыптастыруға, гиги
-
ена мен дене тәрбиесіне бағытталған. Теориялық 
білім үшін жылдап оқытудың орнына, аз уақытта 
қолданушы ретіндегі нақтылы дағдыларды 
қалыптастыруды жөн көреді. Пәндердің арасын
-
да адамгершілік тәрбиесі, үй шаруашылығы де
-
ген пәндер бар. Бұл пәндер бастауыш сыныпта 
емес, негізгі білім беру барысында оқытылады, 
яғни 5-12 сынып аралығында. Эмоционалды 
бет-бейнесін қалыптастыратын пәндер 70%-ды 
құрайды. Қоршаған ортаны қорғап, өмірдің әр 
сәтінен ләззат алуға, әдемілікті көруге баулитын 
бұл елде эстетикалық тәрбиенің де орны зор. 
Осылайша өзімен үйлесімділікте өмір сүруге 
тәрбиелейтін бұл елдің тек тәрбие емес білім 
сапасының көрсеткіші артып, көш бастап отыр. 
(Құсайынов, 2013: 196) [1]
Білім сапасы жағынан алдыңғы орынды ие ле-
ніп отырған Азия өңірінің елдерінде тәрбие ісі:
1. Ұлттық басымдылықтарды сақтауға;
2. Дәстүрлі мәдениетін сақтауға;
3. Ұлттық құндылықтарды сақтап, жаң ғыр туға;
4. Шығармашыл;
5. Бірегей ойлайтын;
6. Үйлесімді және рухани бай жеке тұлғаны 
тәрбиелеуге бағытталған.
Озық елдердің тәрбие ісінде басшылыққа 
алатын ұстанымдарын саралай келе, еліміздің 
тәрбие жүйесімен бірқатар ұқсастықтары мен 
айыр машылықтарын байқай аламыз. Ең алды
-
мен ұқсастығы: ұлттық тәрбие мен этнопедагоги-
каның элементтерінің орын алуы; отбасы тәрбиесі 
және үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру 
үрдісі. Баланы жасында еркелетіп, кейін еңбекке 
баулитынын тіпті халқымыздың «Балаңды бес 
жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес 
жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқан 
соң досыңдай сырлас» деген нақылынан аңғара 
аламыз. Ұлттық құндылықтарды тәрбиенің 
қайнар көзіне айналдыра білу тәрбиенің баста
-
уы әрі ұлы күш деп сеніммен айтуға болады. 
Ұқсастық пен айырмашылықтың қатар жүруі 
заңдылық: еліміздегі білім ордаларында нақты 
тәрбиеге қатысты ұстанымның, ортақ бір иде
-
ология, ереженің жоқтығы, тәлім берудегі 
жүйесіздік еліміздегі тәрбие үрдісінің сапасын 
сынға ұшыратуда. Бұл өз кезегінде еліміздің 
білім сапасының дамыған елдерден кем түсуіне 
әкеліп соғуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет