Жусупова д. Ж



Pdf көрінісі
бет28/68
Дата07.01.2022
өлшемі1,67 Mb.
#18448
түріПрактикум
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68
Саралау – оқушыларға 
қалай  көбірек қолдау 
көрсетуді жоспарлай-
сыз? Қабілеті жоғары 
оқушыларға қандай 
міндет қоюды 
жоспарлап отырсыз?  
Бағалау – 
оқушылардың 
материалды меңгеру 
деңгейін қалай 
тексеруді 
жоспарлайсыз?  
Денсаулық және 
қауіпсіздік 
техникасының 
сақталуы  
Саралау іріктелген тап-
сырмалар, нақты бір 
оқушыдан күтілетін нә-
тижелер, оқушыға дер-
бес қолдау көрсету, оқу 
материалдары мен ре-
сурстарын оқушылар-
дың жеке қабілеттерін 
есепке ала отырып ірік-
теу (Гарднердің жиын-
дық зият теориясы) 
түрінде болуы мүмкін.  
Саралау уақытты 
ұтымды пайдалануды 
есепке ала отырып, са-
бақтың кез-келген кезе-
ңінде қолданыла алады 
Оқушыларға сабақ 
барысында сұрақ қою. 
Және тапсырманың 
дискрипторларына сай 
бір-бірін бағалау.  
Денсаулық сақтау техно-
логиялары. 
Сергіту сәттері мен бел-
сенді іс-әрекет түрлері. 
Осы сабақта қолданыла-
тын Қауіпсіздік техни-
касы ережелерінің 
тармақтары    
Сабақ бойынша 
рефлексия  
Сабақ мақсаттары/оқу 
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін 
пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ 
бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.   


27 
мақсаттары дұрыс 
қойылған ба? 
Оқушылардың барлығы 
ОМ қол жеткізді ме?  
Жеткізбесе, неліктен?  
Сабақта саралау дұрыс 
жүргізілді ме?  
Сабақтың уақыттық 
кезеңдері сақталды ма?  
Сабақ жоспарынан 
қандай ауытқулар 
болды, неліктен?  
 
Жалпы баға  
Сабақтың  жақсы  өткен  екі  аспектісі  (оқыту  туралы  да,  оқу  туралы  да  ойла-
ныңыз)? 
1: 
2: 
Сабақты  жақсартуға  не  ықпал  ете  алады  (оқыту  туралы  да,  оқу  туралы  да 
ойланыңыз)? 
1:  
2: 
Сабақ  барысында  сынып  туралы  немесе  жекелеген  оқушылардың 
жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу 
қажет? 
 
Сабаққа дидактикалық материал: 
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық 
«Анимация.  Қозғалатын  элементтер  (ермексазды  анимация,  кө-
леңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар)» тақырыбына 
арналған  сабақ  «Визуалды  өнер»  бөлімінің  кезекті  тақырыбының  бірі.  
Сол себепті осы бөлім тақырыптарын бастамас бұрын сынып бөлмесінде 
анимация,  мультфильмге  қатысты  фото,  бейнефильмдерді  жинақтаңыз. 
Сабақ алдында теледидар немесе ноутбуктен мультфильм қосып қойыңыз. 
Сабақ  басталғанша  дейін  оқушылардың  көңілін  осылайша  тақырыпқа 
ойыстыруға болады. 
«Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды  анимация, көлеңке-
лі  театр,  саусақты  және  таяқшалы  қуыршақтар)»  тақырыбына  арналған 
сабақта 6.1.2.1. 
Әлем  және  қазақ  ұлттық  мәдениетіндегі  өнер,  қолөнер  мен  дизайн 
туындыларының  ерекшеліктері  туралы  білімі  мен  түсінігін  көрсетуоқу 
мақсаты  қарастырылады.  Аталған  оқу  мақсатын  жүзеге  асыру  үшін  екі 
мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі,анимация өнерімен танысу, со-
нымен қатар қазақ мультипликация өнерінің қалыптасу тарихын қарастыру. 


28 
Анимация(Animation)  –  ол  қозғалыстың  әр  түрлі  кезеңіне  сәйкес 
кескіндер  тізбегін  экранда
 
жылдамдата  көрсету  арқылы  дене  қозғалысы
 
динамикасын бейнелеу тәсілі. 
Сабақ барысы 
1-тапсырма  
Сабақты  оқушылармен  мультипликация  тақырыбына  қатысты  сұрақ-
тарды талқылаудан бастаңыз. Мультфильмді бала кезден көріп өскен оқу-
шылар  үшін  бұл  сабақ  тақырыбы  аса  қызықты  болуы  керек.  Сол  себепті 
сабақтың  оқу  мақсатын  оқушылардың  өмірлік  тәжірибесінен  білімдері 
мен  дағдыларын  қарастырудан  бастау  ұсынылады.  Оқушылардан  қандай 
мультфильмдерді көретіндіктерін, олардың қалай жасалатындығы жөнінде 
сұрастырыңыз. Сұрақтар сан қилы болуы керек. Әсіресе, отандық мульт-
фильмдер  жайында  сұрастырып  көріңіз.  Қазіргі  таңдағы  мультфильмдер-
дің ішінен "Алдар көсе", "Мақтаншақ қыз", "Ертөстік", "Көксерек" сынды 
мультфильдерді білуі мүмкін.  
2-тапсырма 
Анимацияның  тарихы  туралы  бейнематериал  көрсетіп,  визуалды 
өнердің бір түрі – мультипликацияның пайда болу тарихымен таныстыры-
ңыз.  Бейнематериалды  тамашалаудың  өзіндік  дискрипторларын  оқушы-
лармен  бірге  қарастыру  маңызды.  Оқушылар  бейнематериалдан  қажетті 
ақпаратты  алуы  қажет.  Бұл  орайда  "Білемін.  Білгім  келеді.  Білдім"(ЗХУ) 
әдістемесін қолданған жөн. Мысалы төмендегі таблицада көрсетілген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет