30
−
тұрақтылық, ал қажет болған жағдайларда, тасымалдау
процесінде автомобиль шанағында, вагонда, трюмде немесе контейнерде
олардың бойлық және көлденең жылжуын болдырмайтын жүктерді бекіту
мүмкіндігі.
Көліктік пакеттермен ыдысқа салынған жемістер мен көкөністер
жалпақ табандықтарда (жәшіктерде, бөшкелерде, қаптарда және т.б.) немесе
жәшікті тұғырықтарда тасымалданады. Тұғырықта қалыптастырылған
пакеттің салмағы жазық тұғырықтың номиналды жүк көтергіштігінен аспауы
тиіс.
Тиеу кезінде көлік құралының жүк көтергіштігін ескеру керек және
оны асырмау керек, ал жүктерді орналастыру және бекіту кезінде
орналастырудың техникалық шарттарының талаптарын сақтау керек.
А қосымшасында 2.5-кестеде жемістер мен көкөністердің кейбір
түрлерін автокөлікпен тасымалдаудың температуралық режимдері
келтірілген.
Кәдімгі қатар орналастыру кезінде қораптар қағазбен қапталған,
қақпақтың астындағы түбіне ағаш жоңқаларын қабаты немесе жемістерге
тегіс жағы бар гофрленген картон парағы салынған, ал алмұрттың әр қабаты
екі жағынан жабылған қағазбен және қиындылармен жабылған болуы тиіс.
2.7-суретте ыдысқа оралған жемістерді сақтауға орналастыру тәсілі
көрсетілген.
Кәдімгі бүктелмеген жағдайда, ағаш жоңқаларын қабаты қораптың
түбіне және қақпағының астына қойылады, ал жемістерді неғұрлым тығыз
төсеу үшін діріл қондырғысында діріл арқылы тығыздау жасалады.
Өнеркәсіптік өңдеуге арналған үшінші сұрыпты алмұрттарды
тұтынушымен келісім бойынша жоңқасыз жәшікке және қақпақсыз буып-
түюге жол беріледі.
2.7-сурет-ыдысқа оралған жемістерді сақтауға орналастыру тәсілдері
Достарыңызбен бөлісу: