ерекшеліктермен сипатталады?
2.Вегетативті жүйке жүйесі қандай бөлімдерге бөлінеді?
З.Симпатикалық жүйке жүйесінің өзіндік орталығы қай жерде орналасады?
4.Симпатикалық жүйке жүйесінің қандай ганглийлерін білесіз?
5.Омыртқамаңы ганглийлерінің бөлімдеріне, ақ жəне сұр байланыстырғыш
тармақтарына сипаттама беріп, олардың жүйкелендіру аумақтарын атаңыз.
б.Омыртқаалды ганглийлеріне, олардың жүйкелендіру аумақтарына сипаттама
беріңіз.
7.Такырып мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды
жаттаңыз.
ПАРАСИМПАТИКАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталықтарысимпатикалық
жүйке жүйесінің орталық тəрізді орталық жүйке жүйесі мүшелерінде
біртұтас орналасады. Жүйке жүйесінің бұл бөлімінде барлығы алты өзіндік
орталық болады. Олар ортаңғы мида, сопақша мида жəне жұлынның
кұйымшақ бөлімінің сегменттері сұр затының латеральды мүйіздерінде
орналасады.
ядросыңда (nuclei parasympathici n. oculomotorii), ортаңғы мидың алдыңғы
төмпешіктер аймағында жатады. Аталған орталықтың нейроциттері
аксондарынан түзілетін түйіналды миелинді жүйке талшықтары көзқимыл
жүйкесі құрамында мидан шығып, осы жүйке бойында жатқан кірпікті
ганглий (ganglion сіііаге) нейроциттерінде синапспен аяқталады. Аталған
ганглий нейроциттерінің түйінсоңы миелинсіз жүйке талшықтары кірпік
жүйкелері (nn. ciliares) - деп аталып, көз алмасындағы кірпікті дене жəне
қарашықтың қысқыш бұлшық еттерін жүйкелендіреді де, көз қарашығын
тарылтады. Ал алдыңғы мойын ганглийінен келетін симпатикалық түйінсоңы
миелинсіз жүйке талшықтары көз қарашығын кеңейтеді.