К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет24/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

жинақты,  жіктемелі  деп  бөліп,  бірыңғай  тектес  заттарды  жалпылама 
атап (мал, ағаш, құс, аң) жинақты жалпы есім десе, осы жинақты жалпы 
есімдерге  енетін  сөздердің  ішінен  бөлінетін,  дараланатын  сөздерді 
жіктемелі  жалпы  есім  (Ә.Төлеуов)  деп  ажыратқан.  Мысалы,  мал: 
(жинақты  есім)  сиыр,  қой,  ешкі,  түйе,  жылқы  (жіктемелі  зат  есімдер) 
ағаш: жиде, терек, қарағай, емен, тал және т.б. 


40 
 
 Жинақтасақ,  ғалым  жалпы  есім  мағыналарын  талдай  келе, 
төмендегідей топтаған: 
1) адам атаулары; 
2) төрт түлік мал атаулары; 
3) өсімдік атаулары; 
4) құрт-құмырсқа, хайуанат; 
5) техникалық және  басқа құрал-сайман атаулары; 
6) тағам аттары; 
7) жаратылыс құбылыстарының аттары; 
8) адамның ішкі ой-сезімін білдіретін атаулар; 
9) ұлт, ру-тайпа атаулары; 
10)  қимыл  процесінің  нәтижесінде  пайда    болған    оқиғаның 
аттары; 
11) ғылым салалары атауларының  аттары; 
12)сұйық және газ тектес заттардың атаулары; 
13) мезгілдік мағынасындағы атаулар; 
14) қоғам  құбылыстарының аттары; 
15)  абстрактылы  ұғым  білдіретін  зат  есімдер  (ақыл  ,  ой,  сана, 
пікір); 
16)  белгілі  ұғымдарды  білдіретін  түбірлі  сөзге  –лық    жұрнағы 
қосылу  арқылы  жасалатын  зат  есімдер  (балалық,  батырлық,  тазалық 
және т.б.); 
«Сөздің  жалпылаушы  қасиеті  оның  ең  негізгі    ерекшелігі  болып 
табылады.  Сондықтан    сөздің  сыры  мен  мәні  жалпылық  пен 
даралықтың  бірлігі  арқылы  танылады»,  -  деген    Ә.Төлеуов  пікірі  де 
орынды айтылған [15;10]. 
І.Кеңесбаев  пен  Г.Мұсабаев  «Қазіргі  қазақ  тілі»  оқулығында 
П.Азымовтың  түрікпен тілінің сөздік құрамындағы адамға байланысты  
сөздердің өзін алты топқа бөлу  классификациясын көрсеткен. Мысалы
адамға байланысты атаулар: 1) туыстық атаулар; 2) адамның кәсібі; 3) 
кейпі;  4)  адамның  дене  мүшелері;  5)  киім-кешек;  6)    азық-түлік,  -  деп 
бөлген [17;35]. 
Мұндағы  адамның дене  мүшелері  атауларын  әрі  қарай,  мәселен, 
көзбен  көруге  болатын  және  көзбен  көруге  болмайтын  дене  мүшелері 
немесе адамның ішкі мүшелері, бас мүшелері деп ажыратуға болады. 
Ал М.Оразов адамға байланысты атаулардың өзіне компоненттік 
талдау  жасап,  туысқандық  атауларды  мағына  сыбайластығына  қарай 
семаларға бөліп, жіктеген. Туысқандық атауларды қандық туысқандық 
және  некемен  байланысты  туысқандық  атаулары  деп  бөлшектеген. 
Қандық  туысқандыққа  жататын  жалпы    есімдерді  тікелей  қандық  
туысқандық (ата, ана, перзент, ұл, қыз, аға, іні және т.б.) және сатылай 
қандық  туысқандық  (әже,  баба,  нағашы,  немере,  шөбере,  жиен,  бөле 
т.б.)  деп  ішінара  екіге  ажыратқан.  Сол  сияқты  некемен  байланысты 
туысқандық  атауларды  күйеу    жақтағы  және  қалындық  жақтағы 


41 
 
туысқандық  атаулар  деп  топтаған.  Демек,  туысқандық  атауларды 
білдіретін  жалпы  есімдердің  мағына  жағынан  ұштасып  жатқандығын 
байқауға болады. Ғалым бұл жалпы  есімдердің жалпылаушы мағынасы 
туысқандық  атаулар  болады  десе,  туысқандық  атаулардың  әрбіреуін 
даралап,  жалқылап  тұратын,  мәселен,  ата  мен  ана  жалпы  есімдерін 
айырушы  сема  1)  жыныстық  белгісі;  ал  аға  мен  қарындасты  
ажыратушы  сема  1)  жас    мөлшері  2)  жыныстық  белгісі  семаларын 
көрсеткен [8;150]. 
Ғалым тілшілердің компонент талдау әдісі бойынша сөзді ең кіші 
мағыналық  бөлшекке  талдау  пікірлеріне    сүйене  отырып,  туысқандық 
атаулардың  ең  кіші  семаларын  анықтаған.  Мысалы,  бала  сөзінде  1) 
қандық  2)  тікелей  туысқандық  3)  жасы  кіші  4)  еркек  кіндік;    жиен 
сөзінде    1)  қандық  туысқандық  2)  тікелей  ұрпақ  емес  3)  жыныстық 
белгісі бар  деген [18;181].  
 Демек,  бала  сөзінің  жалпы  мағынасы  «туысқандық  атау»деп 
есептесек,  жеке  семаларына  қандық  -  тікелей  туысқандық,  жасы  кіші, 
еркек 
кіндік 
семаларын 
жатқызуға 
болады. 
Тіл 
білімінде 
Ю.С.Масловтың  туыстық  атауларын  компонентке  талдау  әдісі 
М.Оразовтың талдау әдісіне ұқсас. 
  Ю.С.Маслов туыстық атауларды  жинақтап тұрған жалпылаушы 
қасиетін  «қандық  туысқандық»  десе,  үш  айырушы  яғни  1)  ұрпаққа 
тәуелділігі, 2) тікелей - тікелей емес туыстық, 3) жыныстық белгілерін 
анықтап,  орыс  тілінің  туыстық  атауларын  жеке  мағыналарға 
бөлшектеген. 
 Осы  мәселеге  қатысты  Н.Базылханұлы  өзінің    «Қазақ  тіліндегі 
табиғат  құбылыстарының  туатүп  атаулары»  авторефератында  жалпы 
есімнің  мағыналық  тобына  енетін  табиғат  құбылыстарына  қатысты 
атауларды  лексема  тұрғысынан  топтастырып  жіктеген.  Табиғат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет