К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет26/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

қисық мінез, жылы су - жылы сөз, қара топырақ - қара жүрек
Абстракті  және  конкретті  мағыналы  есімдердің  сөз  тіркесіндегі 
қолданысы    М.Балақаевтың  «Қазіргі  қазақ  тілі»  (1959)  оқулығының 
синтаксиске арналған бөлімінде қарастырылған [25;18]. 
В.Н.Перетрухин  «Введение  в  языкознание»  (1972)  еңбегінде 
мағынасы  жағынан  зат  есімдерді    конкретті  және  абстракты  деп  екіге 
бөледі.  Біріншісі  -    затты  білдіреді  де  (үй,  үстел,  қоңыз),  екіншісі  - 
сапаның, қимыл мен қалып туралы дерексіз ұғымдарды (ұйқы, жүгіріс, 
жарыс) бейнелейді деген. Ал М.Д.Степанова, Г.Хелбигтің «Части речи 
и  проблема  валентности  в  современном  немецком  языке»  (1975) 
еңбегінде    абстракты  есімдерді  былайша    жіктеген:  1)  қимыл  атауы  2) 
қалып  есімдері  3)  сапа  есімдері  4)  белгі  есімдері  5)  уақыт 
өлшемдерінің, аурудың атаулары және т.б. [26;115]. 
Қазақ  тіліндегі  де  дерексіз  зат  есімдерді  осы  үлгімен 
топтастыруға  болады  деп  ойлаймыз.  Мәселен,  1)  қимыл  атауы:  күлкі, 
шайқас,  дағдарыс,  соққы,  жүріс  т.б.  2)  қалып  атауы:  қуаныш,  өкініш, 
қызғаныш,  сағыныш,  бұрқасын,  борасын;  3)  сапа  атауы:  мейірімділік, 
кісілік,  адамгершілік,  жоқтық,  инабаттылық  т.б.  4)  қабілет-қасиеттер 
атаулары:  үгітші,  аңдушы,  өсекші,  көмекші  және  т.б.  5)  уақыт 


45 
 
өлшемдері  мен  ауру  атаулары:  дүйсенбі,  сейсенбі,  жаз,  биыл,  былтыр, 
делбе, қылтамақ, қан қысымы және т.б.     
Профессор Т.Р.Қордабаев «Жалпы тіл білімі» (1975) оқулығында 
тіл  –тілдің  қай  –  қайсысында  да  оның  құрылымдық  элементтерін 
абстракциялап қолдану заңы бойынша деректі элементтің дерексізденуі 
негізінде  жаңа  элемент  пайда  болады  деген    пікірін  кездестіреміз 
[27;136]. 
Сөздің  деректі  және  дерексіз  мағынасы  жөнінде  мәліметтер 
І.Кеңесбаев,  Ғ.Мұсабаевтың  «Қазіргі  қазақ  тілі»  (1975)  оқулығында  да 
берілген.  Абстракт  мағына  сөздің  нақты  мағынасына  сүйене  отырып 
жасалатынын, тарихи ақиқат жағдайымен салыстыра отырып зерттеген 
кезде,  көптеген  абстракт  сөздерден  кейін  пайда  болғандығын  айта  
кетеді.  Сонымен  қатар  алдымен  сөз  жасалғанда  нақты  бір  атау  болса, 
кейіннен  ол  сөзге  жаңа  мағына  қосылып,  мағынасы    көбейіп,  байып 
отыратынын  ескереді.  Сөз  мағынасының  затқа  тәуелділігі  көп 
мағыналы  болғанда  жойылып  кетпейді,  сөздің  мағынасы  дамып 
отыратыны сияқты түр – тұлға да өзгерісте болып, дамып отыратынын 
байқаймыз деген. Сөздің затқа тәуелділігін тым тар мағынада түсінбеу 
керек  екендігін  профессор  Р.А.Будагов  та  айтқан.  Сондықтан  тіл 
жүйесіндегі  нақты  мағына  арқылы    абстракт  мағына  жасалып,  туып, 
дамып  отыратыны  ақиқат.    Оқулық  авторлары,  мысалы,  ағаш  дегенде 
тас,  су  және  басқа  заттарды  түсінбейміз,  әйтеуір  ағаш    біткенді 
түсінеміз  деген.  Бұл  –  ол  сөздің  нақты  мағынасы  болса,  бұл  сөздің 
мағынасы сонымен бірге жалпылау ұғымды да білдіретінін түсіндірген. 
Мысалы, ағаш  дегенде не жалпы ағаш, не жеке ағаш, не орман болып 
түсінілсе,  бұл  сөз  абстракт  мағынаға  ие,  ал  егерде  қайың    десек  ұғым 
нақты, ал ақ қайың дегенде одан  гөрі де нақтылау дейді. Сөйтіп, нақты, 
абстракт мағына бір сөздің өзінде де болатынын ажыратқан [17;38-40].   
          Осы 
мәселе 
жөнінде 
Р.А.Будаговтың, 
А.Ысқақовтың 
көзқарастары  жоғарыда айтылған пікірлермен ұштасып жатыр.  
 Ә.Төлеуов  «Сөз  таптары»  (1982)  еңбегінде  зат  есімнің  нақтылы 
және  абстрактілі  мағыналық  топтарына  тоқталып,  абстрактілі  зат 
есімдерді жалпылық зат есімдер деп қарастырған [15;8]. 
Қазақ тіл білімінде аталған жұп ұғымдардың пайда болу мәселесі  
төңірегінде   А.Ысқақов пікірін келтірген орынды: «Дерексіз (абстракт) 
заттық    ұғымдардың  аттары  деректі  заттық  ұғымдардан  кейін  шыққан 
және  сол  нақтылы  ұғымдардың  негізінде    туған.  Өйткені,  мысалы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет