Казахская головная архитектурно-строительная академия


СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)



бет31/35
Дата07.03.2022
өлшемі4,41 Mb.
#27182
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)

  • …Егер дана адам туралы біз білетін пікірлерді қарастырсақ, біз мұнда, мүмкін, көбірек айқындыққа жетерміз. Біріншіден, біз дана адам әрбір жеке зат туралы білімге ие болмаса да, мүмкіндігінше бәрін біледі деп болжамдаймыз. Екіншіден, біз дана адам деп адам үшін қиын және игеру оңай емес нәрсені танып-білуге қабілетті адамды санаймыз (сезім арқылы қабылдау барлық адамдарға тән, сондықтан бұл жеңіл және мұнда тұрған дана ештеңе жоқ қой). Үшіншіден, кез келген ғылымда басқаларға қарағанда дәлірек және себептерді анықтауға үйретуге қабілеттірек адам дана, және, төртіншіден, ғылымдардың арасындағы данасы одан алынатын пайдасы үшін қалаулысы емес, өзі үшін және таным үшін қалаулы болатыны, ал бесіншіден, көмекші ғылымнан көп басымы, себебі дана адам тәлім алуы тиіс емес, керісінше, тәлім беруі тиіс және ол басқаға емес, даналығы азырақ басқа адам оған бағынуы тиіс.
  • …Даналық атауын бір ғылымға жатқызу керек: бұл алғашқы бастаулар мен себептерді зерттейтін ғылым болуы тиіс: игілік те, «не үшін болса, сол» да себептердің бір түрі ғой. Ал бұл жасау өнері емес екенін алғашқы философтар-ақ түсіндірді. Себебі, қазір де, бұрын да таңдану адамдарды философиялық пайымдауға жетелейді… Біз еркін адам деп басқа үшін емес, өзі үшін өмір сүретін адамды атайтынымыз секілді, бұл ғылым да жалғыз еркін ғылым, себебі жалғыз ол ғана өзі үшін өмір сүреді.
  • Бірінші себептер туралы білімге ие болу қажет екендігі айдан анық: біз бізге бірінші себеп белгілі деп ойлағанда, әрбір жеке алынған жағдай туралы білеміз дейміз ғой. Ал себептер туралы төрт мағынасында айтылады: осындай бір себеп деп біз мәнді, немесе зат болмысының мәнін санаймыз ( әрбір «неге» ақырында заттың анықтамасына әкеледі, ал бірінші «неге» себеп те, бастау да болып табылады); басқа себеп деп біз материяны, немесе субстратты (hypokeimenon) (аудармасы: «негізінде жатқан») санаймыз; үшінші деп  қозғалыстың бастауы қайдан болса, соны; төртінші деп  соңғыға қарсы жатқан себепті, атап айтсақ, «не үшін болса, соны», немесе игілікті есептейміз (себебі, игілік кез-келген пайда болудың және қозғалыстың мақсаты)…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет