Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет340/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Түйін сӛздер: сәйкестендіру, кәсіби сәйкестендіру, факторлар, сыртқы, ішкі факторлар, білім беру 
ортасы, кәсіптік білім беру, кәсіби тәрбие беру және қарым-қатынас 
 
Жеке  тҧлғаның  дамуы  және  оған  әсер  ететін  факторлар  туралы  мәселелерді  зерттеумен 
философия, психология, педагогика, әлеуметтану және т.б. ғылымдар айналысып келеді. Аталған 
мәселені  тереңірек  ашу  ҥшін,  алдымен  «тҧлға»  тҥсінігіне  талдау  жасап,  әлеуметтік  педагогтің 
кәсіби маман ретінде оның дамуы мен оған қандай факторлар әсер ететінін анықтау қажеттілігі 
туындайды.  
Адам  баласы  ӛзара  байланысты  және  бірін-бірі  толықтырушы  биологиялық  және 
әлеуметтік  даму жолымен  ӛтеді. Бала  дҥниеге  келгеннен  әлеуметтік қҧндылығы болмайды,  тек 
биологиялық тән ретінде ғана қарастырылады. Бала ӛскен сайын оның биологиядық бейімділігі 
мен  қасиеттері дами береді,  адам  ретінде фукционалдық жетілуі  де қалыптасады. Биологиялық 
дамумен  қатар  қоғамда  дамыған  адамға  тән  белгілі  бір  әлеуметтік  қасиеттерді  иеленеді,  атап 
айтқанда  сӛйлеуді  меңгереді,  қарым-қатынас  дағдыларын  меңгереді,  отбасында  және  кӛшеде 
мінез-қҧлқы қалыптасады, белгілі бір еңбек міндеттерін орындауға кіріседі. 
И.Ф.Харламов  жеке  тҧлғаны  зерттей  келе:  «адамның  әлеуметтік  мәні,  оның  ӛзіне  тән 
қасиеттер қалыптастыруынды және оларды ӛмір бойы дамытуында» [1], - дейді. Бҧл қасиеттерге 
жеке  бағдар,  белсенділік,  алдына  мақсат  қоя  білу,  мойнына  жауапкершілік  ала  білу  және  т.б. 
атауға  болады.  Кейбір  адамдарда  осы  қасиеттері  жоғарырақ  дамуы  мҥмкін,  ал  басқаларында 
тӛменірек  болуы  мҥмкін.  Әлеуметтік  қасиеттердің  бойында  қаншалықты  дамығаны  -  адамның 
қоғамда  ӛмір  сҥруіне  қаншалықты  дайын  екендігінің  кӛрсеткіші.  Бҧл  жағдайда  жеке 
қасиеттердің қалыптасуына байланысты ӛмірге дайындық деңгейі туралы айтуға болады. 
Студентік шақ (17-22 жас) - интеллектуалды және физикалық мҥмкіндіктерді дамытумен, 
сондай-ақ  қҧндылық  бағдарларының  және  ынталандырудың  барлық  жҥйесін  қалыптастырудың 
маңызды  кезеңі.  Ол  сондай-ақ  «экономикалық  белсенділік»  кезеңі  деп  те  аталады,  оған  жеке 
кәсіптік  қызмет,  еңбек  етудің  басы  және  ӛз  отбасын  қҧруға  дайындық  кіреді  [2].  Бҧл  кезең 
адамның  жеке  тҧлға  ретінде,  ақыл-ой  функцияларын  дамыту,  бҥкіл  интеллектуалды  жҥйені 
қалыптастыру, яғни барынша әлеуметтену кезеңінен ӛтеді. 
Университетте  оқу  мерзімі  жасӛспірімдердің  екінші  кезеңіне  немесе  жеке  тҧлға 
қасиеттерінің қалыптасу кҥрделілігімен сипатталатын алғашқы жетілу кезеңі деп атауға болады 
(Б.Г.Ананьев, А.В.Дмитриев, И.С.Кон, және т.б.). Бҧл жасқа тән ерекшелік іс-әрекетінің саналы 
тҥрде  жасалуы  болып  табылады.  Мамандықты  саналы  тҥрде  таңдаудың  себептері,  оның 
болашақта  кәсіби  дамуына  ықпал  ететін  факторларға  айналады.  Студентке  таңдаған  кәсіби 
бағыттағы  сенімділіктің  орнауы,  біліктілігін  және  ҧйымдастырушылық  дағдыларын  дамытуға, 
болашақ  маманның  кәсіптік  маңызды  қасиеттерін  дамытуға  арналған  жҥйені  қалыптастыруға 
мҥмкіндік береді. 
Әлеуметтік педагогтарды даярлау кезінде келесі факторларды атауға болады: 
- жоғары оқу орнының білім беру ортасы; 
- жоғары оқу орнының студенттердің оқудан тыс мамандығына байланысты іс-әрекеттері; 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
267 
 
- кәсіби әлеуметтік педагогтармен қарым-қатынас. 
Барлық  аталған  іс-шаралар  әлеуметтік  педагогтардың  жҧмысының  қажеттілігі  мен 
маңыздылығын сыртқы ынталандыру арқылы кӛрсете отырып, болашақ әлеуметтік педагог ҥшін 
ішкі  сенімділік  ҧялатуға  кӛмектеседі.  Осылайша,  болашақ  әлеуметтік  педагогтар  кәсіби 
қауымдастықтың  нормалары  мен  қағидаттарын  қабылдайды,  яғни  бҧл  жерде  біз  болашақ 
әлеуметтік педагогтардың кәсіби сәйкестендіруі туралы айту орынды. 
Болашақ  әлеуметтік  педагогтарды  кәсіби  сәйкестендірудің  жетекші  факторлары  ретінде 
білім  беру  ортасы  мен  кәсіби  қызметке  қойылатын  талаптарын  қарастыру  ӛте  маңызды.  Біздің 
жҧмысымыз  ҥшін  кәсіптік  білім  теориясы  мен  әдістемесі  туралы  зертеген  тӛмендегі  отандық 
ғалымдардың  тҧжырымдамалары  ӛте  қҧнды:  Б.А.Абдыкаримов  [3],  К.К.Жампеисова,  Н.Н.Хан, 
Ш.Ж.Колумбаева,  У.Б.Жексенбаева  [4],  Н.Э.Пфейфер,  Е.И.Бурдина,  С.К.Ксембаева  [5],  Г.Ж. 
Менлибекова [6], Н.Д.Хмель [7], Л.А.Шкутина [8] және басқалар. 
Кәсіби  сәйкестендіруді  ынталандыруға  тҥрлі  факторлар  әсер  етеді.  И.А.Зимняя  айтуы 
бойынша,  студенттер  -  кәсіби  бағдарлы,  болашақ  мамандығымен  тҧрақты  қарым-қатынас 
орнатқан әлеуметтік топ. Автор студенттің болашақ мамандықты қабылдауына және оқуға деген 
қарым-қатынасының  деңгейі  арасындағы  ажырамас  байланыстың  болуын  атап  кӛрсетеді.  Яғни 
студенттің  болашақ  мамандығы  туралы  қаншалықты  кӛзқарасы  тӛмен  болса,  оқуға  деген 
ынтасыда тӛмен болады [9], - деп тҧжырымдайды. И.Кон осы кезеңде жеке тҧлғаның ӛзіне ғана 
тән, қайталанбас қасиеттерінің қалыптасып, сондай-ақ оның маңыздылығының артуын атап ӛтеді 
[10]. Шетелдік зерттеушілер Д. Бромли мен Э. Эриксон студенттің даму кезеңін зерттеу кезінде, 
білім алуы мен кәсіптік даярлығы жалғасып, белгілі бір кәсіптік рӛлдерді игеріп, ешкімге тәуелді 
емес тҧлға ретінде (Д.Бромлей) және кәсіби сәйкестендіру ӛтетін айтады (Э. Эриксон). 
Э. Эриксон жасӛспірімдердің дҥниетанымы жеке тҧлға ретінде қалыптасуындағы қарама-
қайшылықтардан  қалыптасады,  олар  сәйкестендірілу  мен  ӛзін-ӛзі  тану,  әлеуметтік  және  жеке 
тҧлғаның  таңдауынан  тҧрады.  Егер  осы  кезеңде  проблемаларды  шешу  мҥмкін  болмаса,  онда 
оның  дамуы  ҥш  бағыт  бойынша  жҥре  алады,  олардың  біреуі  «теріс  сәйкестендіруді 
қалыптастыру», ӛзін-ӛзі  анықтаудан бас тарту және теріс тҧлғаларға еліктеу. Осылайша, «теріс 
сәйкестік» себептерін жою ҥшін біз жоғары оқу орнында оқыған кезде мҧндай мінез-қҧлықтың 
алдын-алуға  кӛмектесетін  және  мақсатты  тҥрде  ӛзін-ӛзі  тануға  кӛмектесетін  және  кәсіби 
сәйкестендіруді ынталандыратын білім беру ортасы болып табылады [11]. 
Студенттердің білім алу кеңістігі кӛптеген факторларға ие, олар толық есепке алу мҥмкін 
емес. Бҧдан басқа, барлық сыртқы ортаның факторлары кәсіптік білім алуға бірдей әсер етпейді. 
Сондықтан, сыртқы орта тҧжырымдамасын кәсіби сәйкестендіруді ынталандыруға айтарлықтай 
ықпал ететін факторларға ғана назар аудару қажет. 
 
Осыған  байланысты  жоғары  оқу  орындарының  сыртқы  білім  кеңістігінің  ортасын 
былайша бӛлуге болады: 
 
-  болашақ әлеуметтік  педагогтарды  дайындауға  тікелей  қатысы  бар  сыртқы  ортадағы 
фактор; 
 
- жоғары оқу орындарында білім беру ортасының ықпалы факторлар арқылы болашақ 
әлеуметтік педагогтарды дайындау нәтижесіне әсер етеді. 
Жалпы  факторларды  тікелей  әсер  ететін  факторларға  және  жанама  әсер  ететін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет