Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет343/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
270 
 
1. Кәсіби білім беру және болашақ әлеуметтік педагогтарды тәрбиелеу кең педагогикалық 
мағынада тҥсіндірілетін кәсіби білім беру ҥдерісі ретінде қарастырылады. 
2.  Педагогикалық  кең  мағынада  тҥсіндірілетін,  болашақ  әлеуметтік  педагогтардың 
тәрбиесі, мақсатты тҥрде кәсіби сәйкестендіруге бағытталған ҥдеріс. 
3.  Кәсіптік  оқыту  негізінен  жасанды-символикалық,  символдық,  сызба-нысандармен, 
жҥйелермен  және  жағдайлармен  жҧмыс  істейді,  ал  кәсіби  тәрбие  табиғи  процестерге, 
қҧбылыстарға, жағдайларға сҥйенеді. 
4.  Кәсіптік  оқытуда,  әдетте,  жҧмыстың  мазмҧны  мен  технологиялық  аспектілер  тҧрса, 
кәсіби тәрбиеде жетекші орында жеке тҧлға болады. 
5. Кәсіптік білім беруде логикалық, когнитивті компонент басым болса, кәсіби тәрбиеде  - 
қҧндылықты бағдарлау, мотивациялық, эмоционалды, мінез-қҧлық басымдыққа ие. 
6.  Болашақ  әлеуметтік  педагогтардың  кәсіптік  даярлығы  мен  тәрбиесі  ӛзара  байланысты, 
бір-біріне  тәуелді  және  органикалық  бірлікте  әрекет  етеді,  бҧл  бірінші  кезекте  оқыту  болмаса 
тәрбие беруді жҥзеге асыру мҥмкін емес. 
Жоғары оқу орнының білім беру қызметі оқу мен практиканың барлық тҥрлерін қамтиды 
(оқыту,  кәсіби,  педагоггикалық  және  т.б.).  Студенттер  -  қоғамның  зияткерлік,  мәдени  және 
кәсіби  резерві,  сондықтан  мемлекеттің  болашақ  дамуы  және  қалыптасуы  білім  беру  мен 
тәрбиелеу сапасына байланысты. Кәсiби сәйкестендiру әртҥрлi дәрежеде реттелетiн процестердiң 
(әлеуметтiк  және  педагогикалық)  жиынтығын  қамтиды  және  болашақ  маманның  кәсіби  рӛлiне 
сәйкес келетiн қарым-қатынас, нормалар мен қҧндылықтар жҥйесiн меңгеруiне мҥмкiндiк бередi. 
Кәсіби әлеуметтену - бҧл адамның ӛзін-ӛзі тану жолындағы кәсіби мәдениетті игеру және 
жетілдіру [14], «жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінің әсерінен білім алушының кәсіби-
бағдарлы  әлеуметтендіру  ҥдерісінің  дамуы  -  бҧл  жеке  тҧлғаның  кәсіби  дамуының  ерекшелігі 
(кәсіби  тҥрде  кӛрсетілген  әлеуметтенуі).  Бҧл  процесс  ішкі  және  сыртқы  ҥдерістердің  бірлігі 
қамтиды»  (Л.В.  Мардахаев)  [15]  және  кәсіптік  білім,  кәсіби  дағдылар,  кәсіби  саладағы 
шығармашылық қызметтің тәжірибесімен қатар мінез-қҧлық пен қарым-қатынас нормаларының 
жиынтығын, мамандықтың мақсатына және мағынасына сәйкес келетін белгілі бір қҧндылықтар 
жҥйесін қҧрайды. 
Кәсіптік  білім  берудің  негізі  болашақ  әлеуметтік  педагогты  кәсіптік  қоғамдастықтың 
мҥшесі  ретінде  қалыптастыру,  кәсіби  қҧзыреттілігін  қамтамасыз  ету  және  кәсіптік  қызмет 
субъектісі  ретінде  қалыптастыру.  Студенттің  болашақ  әлеуметтік  педагог  ретінде  қалыптасуы 
сыртқы реттеушілердің (білім беру бағдарламалары, практикалық негіздер, қарым-қатынас және 
т.б.)  интериоризациялау  процесі  негізінде  жеке  ішкі  тҧлғалық  жоспарға  айналады,  соның 
нәтижесінде  кәсіби  қҧзыреттілік  жҥйесі  және  болашақ  маманның  позициясы  оның  кӛзқарастар 
жҥйесі,  жеке  және  кәсіби  ӛзін-ӛзі  дамыту  ҧстанымы  ретінде  ӛз  ӛмірі  мен  кәсіби  жолы  туралы 
кӛзқарас қалыптасады (В.А. Сластенин) [16]. 
Табысты кәсіби сәйкестендірудің нәтижесі - адамның кәсіби қауымдастыққа кірігуі, оның 
нормалары  мен  кӛзқарастарын  қабылдау.  Әрине,  бҧл  нәтиже  кәсіптік  білім  берудің  белгілі  бір 
кезеңі  аяқталғаннан  кейін  ғана  қол  жеткізіледі,  себебі  тәжірибе  тәуелсіз  кәсіптік  қызметте 
жинақталады  және  пайдаланылады.  Кәсiби  маманның  қалыптасуына  кәсiби  сәйкестендiру 
әлеуметтiк бағдар ретінде маңызды нысан болады. Бҧл бағдар: 

 
болашақ  әлеуметтік  педагогтың  кәсіби  ӛзіне  маман  ретінде  қарауын  жандандыру, 
яғни, студенттің болашақ мамандыққа деген қарым-қатынасын дамытуға және кәсіби қызметтің 
иесі  немесе  нақты  субъектісі  ретінде  ӛзіне  қарау;  әлеуметтік  педагогтердің  кәсіби  қызметтіне 
қойылған  әлеуметтік,  психологиялық,  педагогикалық  және  басқа  да  сипаттамалары  бойынша 
талаптарды меңгеру; 

 
кәсіби  қоғамдастықтың  терминдік  және  кәсіби  қҧндылықтарын  меңгеру,  сондай-ақ 
әлеуметтік  педагогтың  қызметінің  алынбас  бӛлігі  болып  табылатын  мінез-қҧлық  дәстҥрлерін, 
нормаларын және ережелерін игеру. 
Кәсіби  сәйкестендіру  міндеті  –  болашақ  әлеуметтік  педагогтің  нақты  бір  кәсіби  ҥлгімен 
яғни  модельмен  астасу,  бірігу.  Кәсіптік  білім  беру  ҥрдісінде  болашақ  әлеуметтік  педагогтар 
белсенділікті,  тәуелсіздікті,  бастамашылықты  және  таңдау  жасауға  қабілеттігін  кӛрсетеді.  Бҧл 
және  басқа  да  қабілеттер  болашақ  әлеуметтік  педагогқа  кәсіби  мамандықты  қалыптастыруға, 
«мамандықта  ӛзін  іздеуге»,  кәсіптік  имидж  (бейнесі,  сыртқы  келбеті),  кәсіптік  қызметтің  жеке 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет