БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ
КӘСІБИ СӘЙКЕСТЕНДІРІЛУІ
КӘСІБИ СӘЙКЕСТЕНДІРУГЕ ӘСЕР ЕТЕТІН
ФАКТОРЛАР
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
269
Студенттердің маман ретінде қалыптасуы ҥшін кәсіби әлеуметтік педагогтармен және
қызметкерлермен қарым-қатынастары ерекше және негізгі әсер етуші фактор болады. Қарым-
қатынас - бірлескен іс-қимыл қажеттілігінен туындайтын кҥрделі процестер. Сондықтан қарым-
қатынас болашақ әлеуметтік педагогтардың жақсы жақтары мен ынталандыруларын айқындау
және ашу, олардың санасын қалыптастыру және болашақ кәсіптік қызметке қатысты мәселелерді
ақпараттандыру ҥшін ең маңызды шарттардың бірі болады.
Осылайша, оқу әрекетінен тыс уақытта болашақ әлеуметтік педагогтердің ӛз-ӛздерімен
айналысып кәсіби жҧмыс істеуі ішкі ынталандыруға оң ықпал етуі мҥмкін. Бҧл әрекет ӛз
кезегінде кәсіби сәйкестендіруді анықтайтын шарттардың бірі.
Студенттерді қоршаған білім беру ортасы кӛптеген факторларға ие, оларды толық есепке
алу мҥмкін емес. Бҧдан басқа, білім беру ортасы кәсіби сәйкестендіруді дамытуға әсер ететін
жалғыз фактор емес, жалпы қоғамды ескеру қажет, себебі, студент болашақ қоғамның бірден-бір
мҥшесі: отбасы, қоғамдық топтар, ҧйымдар және т.б. Барлық факторлар кәсіби сәйкестендірілуге
бірдей әсер етпейді. Сондықтан, сыртқы орта тҧжырымдамасын кәсіби сәйкестендіруді
ілгерілетуге айтарлықтай әсер ететін факторлармен ғана шектелу қажет. Осыған байланысты
қоғамды тӛмендегідей қарастыруға болады:
- болашақ әлеуметтік педагогтарды (кәсіби қоғамдастықтар, тәжірибе базасы) кәсіби
дайындаумен тікелей байланысты сыртқы ортадағы фактор ретінде;
- жоғары оқу орындарының білім беру ортасының әсері, оның факторларының болашақ
әлеуметтік педагогтардың дайындығына (ережелер, экономикалық әл-ауқат, әлеуметтік
педагогтың мәртебесі және т.б.) әсер етуі арқылы кӛрініс табады.
Қоғам - белгілі бір аумақта жҧмыс істейтін қауымдастық, оның ішінде отбасы, топтар,
қҧрдастар, тҥрлі қоғамдық, мемлекеттік, діни, білім беру ҧйымдары, сондай-ақ тҥрлі бейресми
топтардың тҧрғындарынан тҧрады (А.В. Мудрик) [12].
Әлеуметтік педагогикада қоғам ең алдымен баланы оған араластыру процесін және оны ең
жақын әлеуметтік ортаны тҧтас қоғамға біріктіру тҧрғысынан қарастырады. Осы тҧрғыдан
келешек әлеуметтік қызметкерлердің қарым-қатынасы және олардың қоғам ішіндегі әлеуметтік
жағдайы, ӛзара қарым-қатынастың қҧрылуына байланысты болады. Қоғам – барлық мҥшелеріне
қолданылатын ерекше қарым-қатынас жҥйесі мен ережелерімен сипатталатын әр тҥрлі адамдар
тобының қоғамдастығы. Сондықтан, бір жағынан, болашақ әлеуметтік педагог оған ӛзіне тән бір
жаңалық әкеледі, белгілі бір дәрежеде оған әсер етеді, оны ӛзгертеді, бірақ сонымен бірге
қоршаған орта студентке де әсер етеді, ӛз талаптарын алға тартады. Ол болашақ маманға, оның
кейбір әрекеттерін, мінез-қҧлықтарын мейірімділікпен қабылдауы мҥмкін немесе керісінше
қабылдамауы мҥмкін [13]. Болашақ әлеуметтік педагогтің кәсіби сәйкестендірудің әлеуметтік
дамуы ӛзара байланысты екі бағытта жҥреді: әлеуметтендірілу (әлеуметтік-мәдени тәжірибені
меңгеру, оны игеру) және даралану (тәуелсіздік алу, салыстырмалы автономия). Егер бала кәсіби
қоғамға араласқанда, әлеуметтендірілу мен даралану теңеседі. Ал бір жағынан, ол қоғамда
қабылданған мінез-қҧлық нормалары мен ережелерін ҥйренсе, екінші жағынан, оған ӛзінің
ҥлесін қосса, баланың қоғамға интеграциялануы жҥріп жатыр деп толық айта аламыз. Сонымен
бірге, адам мен қоғамның ӛзара тҥрленуі де жҥріп жатады. Бҧл ҥдерістер қоғамның барлық
деңгейлерінде, оның ішінде болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби қоғамдастыққа кіргенде
және оның белгілі бір кәсіби, жеке қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ететін кезде кӛрінеді. Егер
болашақ әлеуметтік педагогтың топпен кәсіби сәйкестендіру процесі болмаса, онда оның
бойында сенімсіздік пайда болуы, белсенді болмауы және тҥбінде ол жеке басының, кәсіби
деформацияға әкеліп соқтырады. Болашақ әлеуметтік педагог сәйкестендіру кезеңін жеңіп,
айналасына жеке ӛзінің идеялары мен қажеттіліктерін ӛткізбек болса, бҧл жан-жағына
жағымсыз, кҥдікті, агрессивтілікті бейнені және ӛзін-ӛзі шектен тыс жоғары бағалауды дамытып
жіберуі мҥмкін. Осылайша, қоғамның рӛлі болашақ маманның дамуына оң және теріс әсер етуі
немесе кәсіби сәйкестендіруді дамытудың маңызды факторларының бірі болады.
Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби сәйкестілігін тиімді қалыптастыру ҥшін,
болашақ мамандардың білім беру қызметі мен кәсіби тәрбиені университеттік деңгейде жҥргізу
маңызды. Ғалым педагогтардың және психологтардың жалпы педагогикалық идеяларын ескере
отырып, оқыту мен тәрбиелеу ҥдерістерінің ерекшеліктері мен қарым-қатынасын жалпы оқу
ҥдерісі тҧрғысынан қарастырып, қысқаша сипаттамасы берсек:
|