Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»



бет20/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

Мемлекеттік билік дегеніміз – ол қоғамдағы басқарудың ерекше атрибуты. Ірі материалдық, қаржылық, ұйымдастырушылық және басқа да ресурстарға ие бола отырып мемлекет әлеуметтік жүйеге басқарушылық әсер ету барысында қажет болған жағдайда мәжбүрлеудің легитимдік құралдарын қолдануға құқылы. Мемлекеттік басқару мақсатты сипатта және арнайы міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік билік орган жүйелері барысында қоғамды басқарады. Олар құрылымы жағынан және құзыреттілігі жағынан әр түрлі, ал олардың бірлігін мемлекет механизімі деп атайды, мемлекеттік биліктің материалдық көрінісі деп атайды1. Сонымен қатар маңыздылар қатарына заң шығару органдары, атқарушы және сот билігі де жатады, олар қоғамның қалыпты түрде қызмет етуін қамтамасыз етеді және құқыққа қарсы әрекеттерден қорғайды.
Мемлекеттік басқарудың келесі бір белгісі ол оның елдің барлық тиісті аумағына таралуы болып саналады.
Демократиялық қоғамдағы мемлекеттік басқару мына принциптерге негізделеді, олар билікті жекелеген тармақтарға бөлу (заңнамалық, атқарушылық, сот), заңның үстемдігі, қоғамдық ойларды есепке алу, ашықтық, соттың рөлінің жоғары болуы, халықаралық қатынастардағы дұрыс ақылға сыярлық саясат жүргізу (компромистер, орын беру және т.б.)
Қоғамдық жүйеге мемлекеттік әсер ету мінденттілік қасиетке ие, яғни ел аумағындағы барлық азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдіктер өздері қаласа да, қаламаса да мемлекеттің заңдарын орындауға міндетті. Мемлекет жалпыға міндетті (құқықтық) нормаларды анықтайды, адамдардың қоғамдағы өздерін ұстаулары немесе оның жеке бір салаларында өздерін ұстаулары міндетті болады және оны мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы да сақтауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқаруға әлеуметтік институт азаматтық тікелей қатысты. Әлеуметтік жүйеге мемлекеттік әсер ету мемлекеттің әкімшіліктік-аумақтық құралмен әсер етуі байланысты.
Сонымен қатар мемлекеттік басқаруға мемлекеттің егемендігі сияқты қасиеті де бар. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (2т.2т) республиканың егемендігі оның барлық аумағына қолданылады. Мемлекет тұрақтылықты, аумағына қол сұқпаушылықты және оның иелігінен шығарылмауын қамтамасыз етеді. Егемендік негізі ол мемлекеттің ел ішіндегі және халықаралық аренадағы басқа да мемлекеттерге басқа да әлеуметтік құрылымдарына қатысты басымдығы және тәуелсіздігі (мемлекет аралық қатынастар саласы) сонымен, мемлекеттік басқару универ­салды түсінік ретінде мемлекеттің барлық қасиеттерін көрсетеді, оның негізін және әлеуметтік мақсатын, қызметтерін, қызмет формасын көрсетеді, әлеуметтік басқару негізі болады. Мемлекеттік билік басқару арқылы қоғамның барлық жақтарына әсер етеді (экономика, әлеуметтік сала, әкімшіліктік-саяси құрылыс). Мемлекеттік басқару мемлекеттің қоғамдық процестерге мақсатты түрдегі Қазақстан Республикасындағы саяси қайта құрудың және әлеуметтік-экономикалық міндеттері басымдықтарына сәйкес ұйымдастырушылық және реттеуші түріндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси әсері болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет