Мемлекеттік билік пен басқарудың бірлігі – мемлекеттің ұйымдастырушылық-саяси негізін көрсетуші принциптер және оның қоғамдық жүйеге билік тұрғысынан әсер етуі.
Заңдылық принципі мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге және азаматтарға Конституцияны сақтауда және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауда олардың құқықтарын сыйлау. Заң мен сот алдында бәрі тең.
Мемлекеттік басқару саласында заңдылықты сақтау принципі тиісті заңдық кепілдіктермен қамтамасыз етіледі оған мемлекеттік практика мен қоғамдық өмір негізделеді.
Азаматтардың мемлекет мүддесі алдындағы заңды мүдделері мен бостандықтары және беделі –азаматтардың мемлекеттік органдарға қатысты және олардың лауазымды тұлғаларына қатысты артықшылық жағдайларын көрсететін принциптер. Конституцияға сәйкес (1-бап) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуындағы теңдіктері 33-бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.
2. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
3. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.
4. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді.
Мемлекеттік басқарудағы қоғамдық көзқарастарды есепке алу –басқару органдарының қызметін міндетті түрде есепке алуды лауазымдық тұлғаларды қандай да болмасын формадағы қоғамдық көзқарасты көрсететін принцип, (мысалы, баспада басқару органдарындағы немесе сын мақалалары ретінде немесе басқару органына бағытталған басқа да ұсыныстар).