Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Мемлекеттік менеджмент құралы мен әдісі



бет2/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

2. Мемлекеттік менеджмент құралы мен әдісі
Мемлекеттік менеджмент ғылымында және басқа да ғылымдарда теориялық және тәжірибелік (немесе қолданбалы) бөліктерді бөліп қарастыруға болады. Теориялық ізденістер мақсаты тәжірибелік зерттеулер тәжірибесін жинақтау, оны зерттеу және жалпылау болып табылады, ол басшыға өзі басқарып отырған мекеменің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қолданбалы зерттеулер мақсаты-менеджмент теориясына қол жеткізу негізінде нақты бір ұйымның басқаруын жетілдіру және мекеменің мүмкіндіктерін жетілдіру болып табылады.
Менеджмент ғылымы мыналарды зерттейді:
1) мекеменің заңдары, принциптері мен құрылу әдістері және қызметі;
2) мекемені басқару барысындағы басшы қызметкерлердің қызмет негізіндегі заңдар мен принциптер;
3) мекемені басқару бойынша басшы қызметкерлердің әрекеттері;
4) басшы өзі жауап беретін жеке (физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік) талаптар;
5) басқару барысында қалыптасқан қатынастар.
Ол қатынастар әр түрлі санаттар бойынша жіктелуі мүмкін:
1) қоғамның және жеке адамның қызмет саласы бойынша қатынастар экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани және зияткерлік болып бөлінеді;
2) сипаты жағынан қатынастар жеке тұлғалар арасындағы, жеке тұлға мен ұжым арасындағы және ұжым арасындағы болып бөлінеді;
3) ұйымға қатысты қатынастар ішкі және сыртқы болып бөлінеді;
4) мерзімі мен өзара әрекеттестігі мерзімі жағынан бір реттік және қысқа мерзімдік, жиі және қысқа уақыттық және тұрақтық болып бөлінеді;
5) байланыс түріне қарай қатынастар желілік, қызметтік және жеке болып бөлінеді.
Менеджменттің әдіснамалық негізі жүйелі және жағдаяттық тәсілдер болып табылады.
Жүйелік тәсіл . Жүйе теориясын басқаруда қолдану 50-ші жылдарға жатады. Атап айтқанда американдық ғалым Дж. Пола Гетти қолданды. Жүйе — кейбір тұтастықты көрсетеді, ол өзара байланысты бөлшектерден тұрады, оның әрқайсысы тұтасты сипаттауға өз үлесін қосады. Себебі ол тәсіл салыстырмалы түрде жақын мерзімнен бастап қолданылып отыр, бүгінгі күні аталған мектепті басқарудың теориясы мен практикасына нақты әсерін бағалау мүмкін емес. Соған қарамастан әсері аз емес және ол әсер одан әрі арта береді. Жүйе негізінде болашақта жасалатын жаңа білім мен теорияны синтездеуге болады.
Басшылар аусатын ұйымды жүйе ретінде білуі керек ол жүйе теориясын басқару процесі ретінде қолдану үшін қажет. Ауыспалыны анықтау және оның мекеменің тиімділігіне әсерін анықтау жүйелік тәсілдің негізгі күші болып табылады, ол жүйе теориясының логикалық жалғасы болып табылады.
Жүйелілік тәсіл барысында басшылар мекемені өзара әрекеттестіктегі элементтер бірлігі ретінде түсінуі керек, олар адамдар, құрылым, міндеттер мен технология олар өзгеріп отырған жағдайдағы әр түрлі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.
Жағдаяттық тәсіл. Осы тәсілді жасау басқару теориясына көп үлес қосты, себебі ғылымның нақты бір жағдаят пен жағдайларға тікелей қосымшасы пайда болды. Жағдаяттық тәсілдің басты моменті ол жағдаят (ситуация) болып табылады, яғни аталған нақты уақыт мәліметін ұйымдастыруға едәуір әсер етеді. Себебі ұйымдастыру сияқты бірнеше факторлар бар, сонымен қатар қоршаған ортада да басқарудың бірегей «үздік» әдісі жоқ. Басқарудағы ең тиімді әдіс ол қалыптасып отырған жағдайға неғұрлым сәйкес болатын әдіс болып саналады.
М. Фоллетт ХХ ғасырдың 20шы жылдары «Жағдаят заңы» туралы айтқан болатын. Алайда ол тәсіл тек 60 жылдары ғана дұрыстап жасалып бітті.
Жағдаяттық тәсіл ұсынылып отырған ұсыныстың қарапайым жинағы болып табылады, ол негізінен ұйымдастырушылық мәселелерге және оны шешуге қатысты ойлау әдісі. Осыны пайдалана отырып, оның басшылары қай мәселе ұйымдастыру барысында нақты бір жағдайда мақсатқа жетуге болатынын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
Жағдаяттық тәсілде басқару процесі концепциясы сақталып отыр, ол барлық мекемелер үшін де қолданылады. Алайда, осы тәсіліне сәйкес мекеменің мақсатына тиімді түрде қол жеткізуге пайдаланылуы мүмкін, арнайы тәсілдер едәуір түрлендірілуі мүмкін. Сондықтан мекемеде мақсатқа жету үшін нақты бір тәсілдерді нақты бір жағдаятқа байланыстыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет