Осыған байланысты заң шығару процесінде лоббирлеу мәселесі туындап отыр. Мәжіліс Регламентінің 25 тарауы анықтап отырғандай мемлекеттік органдардан, заңдық бастама жасауға құқығы жоқ қоғамдық бірлестіктерден және жекелеген азаматтардан шығатын заң жобалары Мәжіліске заң шығару бастамашысы құқығы бар орган мен тұлға атынан енгізіле алмайды [5].
Облыстың мәслихаттар заң жобаларын аталған аумақтан сайланған Мәжіліс депутаттары мен Сенат депутаттары лоббилендіру арқылы заң шығару процесіне белсенді түрде қатысуға мүмкіндіктері бар. Сапалы нақты сұраныстарға аумақ талаптарына жауап беретін жобадан парламент бас тартпайды деп ойлаймыз.
Сондықтан мәселе Парламентке заң жобаларын шығаратын құқығы бар субъектілер шеңберін кеңейту емес қолда бар мүмкіндіктерді неғұрлым тиімді пайдалануда болып отыр.
Парламенттің облыстық өкілдікті органмен байланысы аталған жоба аясында ғана емес, сонымен қатар, тұрақты болу керек деп пайымдаймыз. Егер де барлық заң жобалары оның ішіндегі неғұрлым маңыздылары әсіресе әлеуметтік салаға қатысты маңыздылары министерліктерге, ведомстваларға және басқа да орталық мемлекеттік органға ғана жолданбай, сонымен қатар облыстық, қалалық (республикалық мәндегі қалаларға және астанаға) мәслихаттар мен әкімдіктерге де жолдануы керек. Жергілікті орындарда талқылау, мәселені ішінен білетін жергілікті депутаттардың және аппарат қызметкерлерінің ұсыныстар дайындауы, актіні жетілдіріп қана қоймайды, сонымен қатар ол қайта орталықтандырудың нақты қадамы болады.
Жоғары деңгейдегі Мәслихаттар қажет болған жағдайда республикалық референдум жүргізу бойынша халық бастамашыларын құру бойынша жұмысты да басқара алар еді. Аталған бастама Республика Президентіне референдум тағайындау туралы өтініш беруші республикалық референдумға қатысуға құқылы республиканың 200 мыңнан артық азаматтарына тиесілі, олар саны жағынан барлық облыстарды Республика елордасы және республикалық мәндегі қалаларды көрсетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Государственная служба Германии // 12-й Международный конгресс. М., 1993. С. 35.
2. Вильсон В. Государство. Прошлое и настоящее конституционных учреждений. М, 1905. С. 508.
3. Зверев А.Ф. Теория бюрократии от М. Вебера к Л. фон Мизесу //Советское государство и право. 1992. № 1. С. 90—91.
4. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента: Пер. с англ. М.: Дело, 1993. С. 66—67.