Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады



бет55/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:


Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді бес жыл мерзімге қызметке сайлау және оны қызметінен босату;
Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;
Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;
Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;
Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы — Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы ҚР Парламенті Сенатының қабылдау бөлімінің тел.: +7 (7172) 74 71 11 
Мәжіліс
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.
Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды.
Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл.
ҚР Парламент Мәжілісінің ерекше қарауына жатқызылған
мәселелер (Парламенттің төменгі палатасы):

Парламентке қарауға ұсынылған конституциялық заңдар жобасын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;
Палата депутаттарының көпшілік дауысымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;
Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;
Парламент Мәжілісіне Конституция жүктеген басқа да уәкілеттіктерді жүзеге асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет