Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті басқару



бет52/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

4. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті басқару
Мемлекеттік қызмет ерекше кәсіби қызмет ретінде қоғамда басқарушылық қызметті жүзеге асырумен байланысты өзі өзін басқарушы жүйе болып табылады. Сонымен қатар басқару мақсаттары мен міндеттері, басқару қызметінің субъектілері мен объектілері де, мазмұны мен осы жұмыс нәтижелері де маңызды болып табылады. Сонымен қатар ол басқару қызметіндегі ерекше қызмет, ол мемлекеттік қызметкерлердің өз жұмыстарын ұйымдастырумен байланысты, мемлекеттік қызмет саласында бірегей мемлекеттік саясатты қамтамасыз етумен байланысты, сондықтан оның өз принциптері, қызметі, әдістері мен басқару формалары қалыптасқан.
Мақсатты процесс ретінде мемлекеттік қызмет саласындағы басқару бірінші кезекте Қазақстанның 2030 жылдарға даму Стратегиясын жүзеге асырумен байланысты, атап айтқанда мемлекеттік кадрлық саясатын жүзеге асырумен байланысты. Отанымызда және шетелде дайындықтан өткен тиімді кадрды басқаруда жалпыға қолжетімді жүйені құру үшін, қызмет сатысына адал жылжуды ұстану, бірегей ақпараттық жүйе құру мен әлеуметтік кепілденген шаралары бар, негізгі ресурсты адам капиталына ұқыппен қарайтын жүйені құру'. Осымен қоса кадрды басқару жүйесі білімсіз біліктілігі төмен қызметкерлерді де шығара білуі керек.
Қазақстан үшін тиімді, заманға сай мемлекеттік қызмет құру және басқару құрылымын құру төтесінен қойылып отыр, ол нарықтық қатынастар барысында оптималды болуы керек. Мемлекеттік қызметті басқару үшін ол жалдау жүйесін, кадрды даярлау мен қайта даярлау жүйесін көрсетеді, ол стратегиядағы маңызды принциптердің бірі. Осы бағытта кейінге қалдырылмайтын міндет алғы шығып отыр, ол жаңа ұрпақтың басқару кадрларын даярлау мәселесі. "Жаңа басымдықтағы шенеуінік — ол ұлт қызметкері, отансүйгіш және адал, өз ісіне және кәсібіне берілген"2. Басқаруға басымдықты міндеттер мен тапсырыстарды білек сыбанып атқаруға кірісетін технократтар өтуі керек.
Мемлекеттік қызмет саласында бірегей мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін арнайы қызметтер мен уәкілеттіктері бар арнайы органдар құрылды. Оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік істер жөніндегі Агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері жатады. Стратегиялық жоспарда аталған органның басты міндеті ол қоғамда мемлекеттік қызметтің жоғары беделін қолдау және құру болып табылады. Ол бірінші кезекте Қазақстанда жаңа мемлекеттіктің құрылуымен байланысты, ал екінші жағынан демократиялық, құқықтық, әлеуметтік бағытталған мемлекеттің құрылуымен байланысты.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік істер жөніндегі Агенттігінің негізгі қызметтері мен уәкілеттілігі Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен және Ережемен бекітілген3.
Арнайы мәселелер бойынша құзыретке ие орган ретінде Агенттік мемлекеттік қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлау бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру мен оны құруды координациялайды; әкімшіліктік мемлекеттік лауазымды атқаруға үміткерлерді және мемлекеттік қызметкерлерге тестілеу жүргізеді; мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтауына бақылау жүргізеді; С-1, С-2, С-3 санатындағы мемлекеттік әкімшіліктік қызметкерлерге қатысты тәртіптік жаза мәселелерін қарастырады, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған орталық атқару және басқа да орталық мемлекеттік органдағы тәртіптік жауапкершілікке тартуды тудырған мәселелерді қарастырады және қызметтік этика Ережелерін бұзған, сонымен қатар тәртіптік жауапкершілікті тудыратын сыбайлас құқық бұзушылық жасаған орталық құқық қорғау басқармалары басшылығына дейінгі лауазымдық тұлғалардың және арнайы қызметтердің (осы органдардағы бірінші басшылар мен бірінші орынбасарлары мен орынбасарларынан басқа) тәртіптік жауапкершілікке тартуды тудырған мәселелерді қарастырады.
Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi: мемлекеттiк қызметшiлердiң бос лауазымдарына орналасуға конкурстар өткiзудi, аттестациялауды, мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет лауазымдарына орналасқан кезде сынақтан өтуiн қамтамасыз етедi; мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне байланысты шешiмдерiн ресiмдейдi, мемлекеттiк қызметшiлердiң жеке iстерiн жүргiзедi, мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбек ету тiзiмдерiне қажеттi жазбаларды енгiзедi; мемлекеттiк қызметшiлерге олардың құқықтық жағдайының мәселелерi жөнiнде консультациялар бередi, мемлекеттiк қызметке байланысты шектеулердiң сақталуын бақылайды; мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби даярлығының деңгейiне талдау жасайды, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау (қайта мамандау) мен бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;  (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 6 б.) Республикалық ақпараттық жүйеге мемлекеттік қызмет кадрын басқару ақпаратын енгізуді ерекше атып өту қажет, ол арқылы конкурстық таңдауды және аттестация жүргізуді, кадрлық менеджмент және мемлекеттік қызметтің ағымдағы жағдайын анықтауды қамтамасыз ету мүмкін болып отыр.
Мемлекеттік қызметтің практикалық қызметі әр түрлі заңдық салдар туғызатын әр түрлі шешімдер қабылдаумен байланысты болғандықтан, мемлекеттік аппарат қызметкерлерін құқықтық даярлау қажеттілігі артып отыр (әсіресе құқық, конституциялық, әкімшіліктік, азаматтық, еңбек және т.б. салалар бойынша). Мемлекеттік қызметкерлер сонымен қатар экономика, қаржы саласында, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру, мәдениет саласында да білімді болуы керек. Осының барлығы мемлекеттік қызметкердің бойында қазіргі заманға тән мәселелерді шешуге қажет болатын ғылыми-тәжірибелік әдістерді қалыптастыруда алғышарт болып табылады.
Сонымен, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мен оның бірлігі барысында арнайы органдар жүйесі қамтамасыз етіледі (уәкілетті орган және аумақтық бөлімшелер). Өзінің құзыретіне сәйкес мемлекеттік қызмет органдары тиісті мемлекеттік басқару саласында тиісті мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады, сонымен қатар заңмен анықталған шектерде сала арылық координацияны және басқа да арнайы атқарушылық қызметтерді және уәкілеттіктерді жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет істері бойынша орга­ндар жүйесін мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері толықтырады, олар жергілікті орындарда кадрлық жұмыстарды қамтамасыз етеді. Осы бірлік мемлекеттік қызметті ұйымдастыруда республика көлемінде бағытында негізгі бағыттарды қамтуға мүмкіндік береді, сонымен қатар қазіргі заманға сай және тиімді мемлекеттік қызметті құру бағытында "Қазақстан - 2050" Стратегиясын жүзеге асыруға ықпал етеді.

  1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік жүйесі

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 2 бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 бабына сәйкес: “Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады”
Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік
ҚР Президенті - Елбасы

Заң шығару билігі

Атқарушы билік

Сот билігі

ҚР Парламенті

ҚР Үкіметі

ҚР Жоғары соты

Сенат
Мәжіліс

Атқару билігінің орталық органы

Соттар

Мәслихаттар

Әкімдіктер




Конституцияның 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
Қазақстан Республикасының Президентi туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заңы.
Республика Президентi
1. Республика Президентi – мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Республика Президентi – халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны, әрi кепiлi.
Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.
Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадір-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.
Президенттің сонымен қатар атқарушы билікте де уәкілеттілігі мол, алайда атқарушы билік басшысы болып табылмайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының халық алдында үйлесіммен қызмет етуін қамтамасыз етуші. РФ Прғезиденті өзінің құзыреттілігі жағынан жарлықтар мен өкімдер шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет