Кен Робинсон



бет3/8
Дата06.03.2023
өлшемі292,25 Kb.
#72163
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
3. Қолдану
Бұл категория нақты материалды нақты және жаңа жағдаятта қолдана білуді білдіреді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, қағидаларды, заңдар мен теорияларды қолдану енеді. Оқу нәтижелері материалды, түсінуге қарағанда, анағұрлым жоғары деңгейде игеруді талап етеді.

Оқушы: ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайда қолданады, заңдар мен теорияларды нақты тәжірибелік жағдаятта қолданады, әдістер мен әрекеттерді дұрыс қолдануды көрсетеді.



4. Талдау
Бұл категория материалдың құрылысын ескере отырып, құрамдастарға дұрыс ажырату білігін көрсетеді. Мұнда тұтасты бөлшектеу, олардың арасындағы өзара байланысты анықтау, тұтасты біріктіру қағидаларын білу енеді. Оқу нәтижесі оқу материалының мазмұны мен қатар оның ішкі құрылымын білуден көрінетін жоғары зияткерлік деңгеймен сипатталады.

Оқушы: жасырын, күмәнді болжамдарды анықтайды, талқылау логикасындағы қателіктер мен кемшіліктерді көреді, фактілер мен салдарларды салыстырады, мәліметтің маңыздылығын бағалайды.



5. Жүйелеу
Бұл категория жаңадан тұтас құрастыру үшін элементтерді құрастыра алу білігін көрсетеді. Мұндай жаңа өнім хабарлама (баяндама), іс-әрекет жоспары немесе жинақталған байланыстардың бірлігі (бар мәліметтерді жүйелеу сызбасы) болуы мүмкін. Сәйкес оқу нәтижелері жаңа сызба мен құрылым жасауға арналған шығармашылық сипаттағы әрекеттерді көрсететді.

Оқушы: шағын шығарма жазады, сынақ жүргізу жоспарын жасайды, қандай да бір проблеманы шешу үшін түрлі саладағы білімдерін қолданады.



6. Бағалау
Бұл категория нақты мақсат үшін қандай да бір материалдың маңыздылығын бағалауды білдіреді. Оқушының пікір айтуда нақты критерийлерге сүйенеді. Критерийлер ішкі (құрылымдық, логикалық) және сыртқы (белгіленген мақсатқа сай) болады. Аталған категория барлық деңгейлердегі нәтижелерге қоса, нақты критерийлер бойынша бағалауды көздейді.

Оқушы: материалдың құрылу логикасын жазбаша мәтіндік түрде бағалайды. Қорытындылар мен бастапқы мәліметті салыстырады. Сапа критерийлеріне сүйене отырып, әрекеттің нәтижесінің маңыздылығын бағалайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет