Кеніштің өнімділігі және қызмет ету мерізімі Кеніштің өнімділігін анықтау


Теспелерді бұрғылайтын перфораторлар мен және бұрғы қондырғылар



бет18/22
Дата06.01.2022
өлшемі373,94 Kb.
#13123
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
4.Теспелерді бұрғылайтын перфораторлар мен және бұрғы қондырғылар
Перфораторлар бөлінеді:

  • тасымалды;

  • керме бағаншада орнатылған;

  • телескопты.

Қолданатын перфораторлардың түрлері ПР-25Л, ПР-30К, ПТ-29, ПТ-38, КС-50, ПК-60, ПК-75, ПП36В, ПП50В, ПП54ВБ, ПП63СВП.
Кесте 3. Тасымалды перфораторлардың техникалық сипаттамасы


Шамашарттары

Өлшем бірлігі

Шамашарттардың сандық мәндері

ПП36В2

ПП54В2

ПП63В2

Сығылған ауаның жұмыстық қысымы

МПа(кгс/см2)

0,5 (5)


Соққының қуаты

Дж (кгм)

36 (3,6)

54 (5,4)


63 (6,3)

Соққылардың жиілігі

с-1(соқ/мин)

38 (2300)

30 (1800)

Бұраушы қуаты

Н·м(кгм)

20 (2,0)

29 (2,9)

27 (2,7)


Ауаның шығыны

м3/мин

3,3

4,5

4,0

Масса

кг

24

31

32

Ұзындығы

мм

700

820

850

Ауа құбыршегінің ішкі диаметрі

мм

25


Су құбыршегінің ішкі диаметрі

мм

12,5


Пайдалану мерзімі

сағ

1600

Кесте 4. Телескопты перфораторлардың техникалық сипаттамасы




Шамашарттары

Өлшем бірлігі

Шамашарттардың сандық мәндері

ПТ38

ПТ48

Соққының қуаты

Дж

80

86,3

Соққылардың жиілігі

с-1

43,3

43,3

Бұраушы қуаты

Н∙м

19,6

32,3

Сығылған ауаның шығыны

м3/мин

3,4

5

Ауаның жұмыстық қысымы

МПа

0,5

0,5

Теспелердің диаметрі

мм

42-85

Теспелердің тереңдігі

м

≤ 15

Кесте 5. Керме бағаншада орнатылған перфораторлардың техникалық сипаттамасы




Шамашарттары

Өлшем бірлігі

Шамашарттардың сандық мәндері

ПК60А

ПК75А

Соққының қуаты

Дж

90

150

Соққылардың жиілігі

с-1

41-45

33-37

Сығылған ауаның шығыны

м3/мин

9,1

13

Ауаның жұмыстық қысымы

МПа

0,5

0,5

Теспелердің диаметрі

мм

40-65

65-85

Теспелердің тереңдігі

м

25

50

Үңгубеттің ені 1,5 м-ден жоғары болған жағдайда теспелер 2-3 перфораторлармен жабдықталынған өзіжүргі бұрғы қондырғылармен бұрғыланады.

Көп жаңдайларда өздігінен қозғалатын бұрғылау құрылғылары кеңінен қолданысқа ие. Бұрғылаушылар бұл құрылғыны қолдану барысында перфоратор жұмысымен ұзақ байланыс жасамайды, көп дірілді сезбейді және шуы аз жерлерде жұмыс жүргізе береді. Бір ғана бұрғылаушы барлық перфораторларды қашықтан қолдана отырып, бұрғылауды іске асырады. Өздігінен жүретін шахталық бұрғылау құрылғыларыжүкті тиеу және жеткізу үшін өздігінен жүретін құрылғылармен бірге қолданады.

Өзіжүргі бұрғы қондырғылармен диаметрі 40-56 мм, тереңдігі 2-5 м теспелер бұрғыланады. Бұрғылау аймағының еңі 7-12 м, биіктігі 3,5-8 м. Өзіжүргі бұрғы қондырғылардың массасы 8-22 т. Бұрғыланып жатқан тау жыныстарының мықтылық коэффициенті орташа болғанда бұрғылаушының ауысымдық өнімділігі 500 м/ауысым-ға дейін болады.

1976 жылдан бастап БК сериялы кареталары іске қосыла бастады. Бұл кареталардың доңғалақты жүрісті түрінің 9 өлшемдері бар, екеуі – толық жетекті пневматикалық жүрісті ПК-60 тың 1 және 2 перфораторлары, қалғандары – 2 және 3 ПК-60 перфораторы немесе ПК – 75 дизельді жетек перфораторлары. диаметрі 40 – 50 мм., тереңдігі 3 – 4 м. Арнайы айналдыру перфораторымен жабдықталған өте күшті кареталар 30 м.тереңдіктегі теспелерді бұрғылауға мүмкіндігі бар. Бұрғылау құрылғысының типіне қарай 7 м., салмағы -5 т.-дан 20 т.-ға дейін. Бұрғылаушының жартастардағы еңбек өнімділігі бойынша орташа беріктіліктің ең жақсы көрсеткіші ауысымына 500м. болып табылады. Өте күшті дизельді жетегі бар өздігінен жүретін шахталық бұрғылау құрылғылары қымбат тұрады және жоғары білікті қызметті талап етеді, сондықтан оларды ірі кен қазбаларында пайдалану өте қолайлы. Ал кіші көлемді кен қазбаларында немесе өнімді аз шығаратын кенжарларда қуаты аз дизельді немесе пневматикалық жетекті өздігінен бұрғылау құрылғылары қолданылады. Пневматикалық жетекті бұрғылау құрылғысы – үш доңғалақты, екі құбырлы перфоратормен жабдықталған және дизельді жетекке қарағанда шамамен 7 есе арзанырақ тұрады. Бірақ олар шағын маневрлі және ауысымына бір ғана кенжарды бұрғылай алады.

Бұрғылау құрылғыларын қолдану басқаруды толық автоматтандыру, бұрғылау құрылғыларын қосу, белгіленген жерлерде тесіктерді бұрғылау, жарылыс бұрғылау құжаты бойнша бағытталған жұмыстарда, белгіленген тереңдікте бұрғылау, бұрғылау құралдарын өзінің бұрынғы қалпына келтіру, бұрғылау төбелерін ауыстыру жұмыстарынан басталады.

Бұрғыланып жатқан тау жыныстарының мықтылық коэффициенті 4-6, 10-14 және 19-20 аралығында болған жағдайда, айтылған мықтылықтарға сәйкес бұрғылаушының еңбек өнімділігі:


  • жеңіл перфоратормен бұрғылағанда 60, 30 және 20 м/ауысым;

  • ауыр перфоратормен бұрғылағанда 95, 50 және 35 м/ауысым





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет