Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»


Оқыту процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бастауыш сынып оқушыларының еңбек тәрбиесі



бет25/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
Байланысты:
педагогика

26. Оқыту процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бастауыш сынып оқушыларының еңбек тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн.
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабақтарында шешіледі. Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию, балшық пен пластилиннен бейне құру, өсімдіктерді күту, ағаш пластмасса, қаңылтыр сыммен жұмыс істеуді үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. “Жас натуралистер”, “Жас техниктер” “Жас тәжірибешілер” және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Єрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттер мен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төселеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет