Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»


Бастауыш сыныпта оқушыларды оқыту және оқу үлгерімін жетілдіру. Бастауыш мектеп оқушыларының дербес ерекшеліктері



бет24/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
Байланысты:
педагогика

25. Бастауыш сыныпта оқушыларды оқыту және оқу үлгерімін жетілдіру. Бастауыш мектеп оқушыларының дербес ерекшеліктері
Оқыту процесіндегі оқушының оқудағы, білім алуындағы тұрақты күшті ықпал жасайтын мотив-ол қызығушылық,сабаққа,сабақ оқуға, білімге,білім алуға. Қызығушылық-ол оқушының ерекше маңызды сезетін, оқу іс-әрекетін нақты жасауға жеткізетін себеп, маңызды, мәні бар әрекеттер. Қызығушылық танымдық қажеттіліктің білінуі, нысаң немесе құбылысты тануға ұмтылу формасы,белгілі іс-қызмет түрін игеру деп түсінуге,анықтама беруге болады.
Бастауыш сыныпта оқушылардың үлгерімін жетілдірудің жолдары көбіне оқушылар білімінің дамуын олардың хабардар болуына қарай, әр түрлі салалардан, ең алдымен фильмдерді, телевизиялық хабарларды көру, радионы тыңдау, сондай-ақ ересектердің әңгімелерінен алынған көптеген еміс-еміс мағлұматтардың, фактілердің жинақталуына қарай бағалайды. Кейде төменгі сынып оқушыларының лексикасындаы ғылыми терминологияның мол қоры дамудық жоғары дәрежесі ретінде қабылданады. Оқушылар шын мәнінде ғылыми қиын терминдерді асқан шеберлікпен сан құбылта білгенмен, әлде бір себептермен көбінесе олардың мәнін түсіне алмайды. Мұнда «дамыған» оқушылар, эксперименттшілер жасаған атарлы «пәндік әрекеттерді ойдағыдай орындай отырып, бұрын таныс емес жағдайдағы ержені игеруге арналған практикалық тапсырма берілсе қиналып қалады, жазу кезінде грамматикалық талдаудан қателер жібереді.
Бастауыш сыныпта оқушылардың үлгерімін жетілдірудің жолдары қу жұмысының барлық түрлеріндегі белсенділік пен дербестік оқушылар білімінің дұрыс дамуындағы маңызды көрсеткіш.
Әрбір баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде байқалады. Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адам бойындағы мінез – құлық, темперамент, қабілет сияқты қасиеттер жатады. Нерв жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез – құлығының, темпераментінің, қабілетінің табиғи негізін құрайды. Дербес қабілеттердің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты. Ал дара қабілеттер адамның айналаны қоршаған дүниемен өзара әрекеттесу процесінде қалыптасады. Әр бір адамның өзіне тән қасиетерін қалыптастыру мен дербес енрекшеліктерін дамытудыжан – жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Тәрбие баланың дамуына ықпал жасап қана қоймайды, ол үнемі даму дәрежесіне сүйенеді.
Мұғалім күнделікті оқу – тәрбие жұмысының процесінде оқушылардың дара ерекшеліктерін бақылап, есепке ала отырады. Осындай нақты зерттеу жұмысының нәтижесінде мұғалім балаларда кездесетін әр – түрлі жағымды және жағымсыз дара ерекшеліктерді байқайды. Оларға : кейбір баланың оқу материлын тез ұғуы немесе баяу ұғуы, берілген тапсырманы мезгілінде бұлжытпай орындауы немесе түрлі сылтауларды айтып бас тартуы, іс - әрекеттерінің барысынгдағы белсенділік немесе енжарлық, бр баланың байсалды, ұстамды болуы, неесе ұжымнан өзін оқшау ұстауы т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет