Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»


Саналылық пен белсенділік принципі



бет33/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43
Саналылық пен белсенділік принципі
Бұл принципке негіз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы білім адам білімінің шынайы өзегі болады; оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуғы ынталануы, мұғалім қолданатын әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді меңгеруде саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларына берік тоқулары сөзсіз.
Саналылық пен белсенділік принцепін жүзеге асыру үшін мұғалім оқыту процесінде төмендегі оқыту ережелігін басшылыққа алады.
  • Оқушы алдында тұрған мақсат пен міндеттерді анық түсуну саналы оқытудың шарты боларын назарға алу.


  • Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мән – мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету.


  • Әр бір сөздің, сөйлемнің, ұғымның мәнін түсіндіру үшін оқушыларды білімі мен тәжірибесін негізге алу.


  • Оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттыратындай тиімді әдістерді үнемі қолдану, бүгінгі белсенді шәкірт ертеңгі белсенді қоғам мүшесі екенін ұмытпау.


  • Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшін әлі бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан белгілі ақпаратпен ұштастыра білу.


  • Өз бетімен оқытуды үйрету, таным әрекетінің әдістері мен таныстыру.


  • Бас және қосалқы материалын ажыратуды үйрету, назарларына негізгі ойларды алу.


  • Оқушыларды ойлауға үйретіп, «неге» сұрағын жиі қоюға дағдыландыру.


  • Оқушы білімдерін тәжірибеде қолдануына көмектесу.




36. Білім мазмұны түсінігі жəне оның мəні. Жүйелiлiк пен бiрiздiлiк принципi
Білім мазмұны түсінігі жəне оның мəні
Табысты оқу қамтамасыздығы үшін неге оқыту қажет, білім мазмұны қандай болуы керектігін анықтап алу міндетті шарт. Білім мазмұны түсінігі бойынша біркелкі пайымдама жоқ. Білімдендіру қызметін іске асыруға бағытталған дəстүрлі педагогикада білім мазмұны оқушылар игеруі тиіс педагогикалық икем мен сəйкестікке келтірілген ғылыми ақпарат жəне оған байланысты тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар жүйесі ретінде қабылданған Білім мазмұнының мəнін ашуда бұл бағыт білімдік бағдарлы (знаниево-ориентированное) оқу атамасын алған. Мұндай оқу жүйесінде адамзаттың тарихи дамуы барысында жинақталған білімдер ғана əлеуметтік құндылық ретінде танылады. Білім мазмұнының қалыптасуына байланысты негізгі теориялар XVIII ғ. ақырында- XIX ғ. басында өрбіді. Бұлар мəн-мағынасына қарай білім мазмұнының материалдық жəне формальдық теориялары атауларымен педагогика тарихына енді. Білім мазмұнының материалдық теориясын қолданушылар (дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы тараптарлары) білімнің негізгі мақсаты – оқушыларға ғылымның əрқилы салаларынан мейлінше ауқымды білім игерту деп білді.
Жүйелілік және бірізіділк прнципі:

  1. Көрнекіліктерді қолдануды талап ету

  2. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерту

  3. Оқыту процесін және оның мазмұнын бір тәртіппен құрастыруды талап етеді

  4. Оқушының мүмкіндіктерін ескеру

  5. Оқыту процесінде оқуышыларды білімді пратикада қолдануға ынталандыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет