Бұл есеп 2023 жылғы 5 маусымнан 2 шілдеге дейін Шымкент қаласының кәсіпорындарының бірі болып табылатын, "НИЦ "ЖАҢА ЖОБА"" ЖШС -де өндірістік практикадан өту нәтижелері бойынша жасалды.
Өндірістік практиканың негізгі мақсаты өндіріс жағдайында өндірісті ұйымдастыру және басқару және өнімді өткізу бағыттарын игеру, яғни университетте 6B04110 - "Экономика" білім беру бағдарламасы бойынша оқу процесінде алынған теориялық білім мен дағдыларды бекіту және тереңдету; сондай-ақ кәсіпорынды жан-жақты зерттеу болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа жету үшін практикадан өту кезеңінде мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
-кәсіпорынның құрылу тарихы мен сипаттамаларын зерттеу;
-кәсіпорындағы экономикалық жұмысты ұйымдастыруды зерттеу;
-кәсіпорынның және оның ішкі шаруашылық бөлімшелерінің жұмыс істеуінің экономикалық механизмін түсіну;
-нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның экономикалық қызметін, экономикасын, өндірісін ұйымдастыруды және басқаруды талдау бойынша практикалық дағдыларды алу;
-кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметін мониторингілеу үшін бастапқы және бухгалтерлік есеп, статистикалық есептілік және басқа да материалдардың деректерін пайдалануды талдау;
-дербес тапсырманы орындау;
-CҒЗЖ тапсырмасын орындау.
Тәжірибе туралы есеп жазу кезінде заңнамалық актілер, арнайы әдебиеттер, кәсіпорынның экономикалық және қаржылық көрсеткіштері, Интернет деректері қолданылды.