Кіріспе Тақырыптың көкейкестілігі



бет8/10
Дата14.06.2022
өлшемі355 Kb.
#36821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.3 Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың себеп-салдары


Мотив адамның мінез-құлқына қозғау салатын, жағымды әрекеттерге бағыттайтын күш. Тиісті мотивтер болмайынша мінез-құлықтың қажетті нормалары бекілмейді, адамгершілік қасиеттер қалыптаспайды. Сол себептен педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған оқу - тәрбие процесі әдет пен дағдыны, адамгершілік қасиет пен құндылықтарды қалыптастырудың тиімді жолы болып табылады.
Әдет - әрекет жасауды қажетсіну, ал әдет дағдымен тығыз байланыста болады.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының қалыптасуы, егер оқушы мен студент үшін оқу, оқу еңбегі шын мәніндегі іштей күйзеліс тудырып, білім деңгейлерін көтеру үшін талпынатын болса, белгілі бір қажеттілікке айналса, онда оқу еңбегі олар үшін құндылық болып табылады. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының мотивация саласының негізін құндылықтар қалайды.
Соңғы кездердегі жеке тұлғаның мотивациялық - құндылық аспектілеріне жасалған зерттеу жұмыстары кең ауқымдылығымен ерекшеленеді.
Мотивтердің мәні мен маңызы, құрылымы, қажеттілігі мен қайнар көзі, міне, бұл мәселелер психолог ғылымдар арасында қызу, пікірталас туғызуда. Екі бағыттағы ағым пайда болады, оның біріншісі; мотивтердің серпінділік жағын, ал екінші бағытты жақтаушылар мотивтердің энергетикалық және мазмұндылық жақтарының диалектикалық бірлігін мақұлдайды.
Жеке адам, оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ерте кезде, Грецияда пайда болған. Әдепкі кезде пайда болған, жазылған теорияның бірі - материалистік теория, Бұл теорияны жақтаушылардың бірі, Греция философы Аристарх Эпикур. Бұл теория бойынша, адамның әрекеттері, қылықтары, оның жағымды сезімдерге ұмтылып, оларды қайтарып тастауымен байланысты. Олардың айтуы бойынша, адам өзінің тұрмысында, тіршілігінде әрқашанда жағымды сезімді туғызып, сол сезімдерді жоюға талпынады.
Француз психологтары мұқтаждық туралы физиологиялық теорияның негізін салады. Бұл биологиялық, теория, олар ешуақытта адамның мұқтаждығын биологиялық, физиологиялық ағымдарға теңеуге болмайтындығын ескертеді.
Адам қоғамның тыс, қоғамға тәуелсіз өмір сүре алмайды, өйткені оның тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым-қатынас жасайды. Әулеметтік жағдай әсер откенде ғана адам «кісілік» мән-мағынаға ие болады. Ер жетіп, ес білетін кісінің өмір жолына, ұстаған бағытына әсер ететін мотивтер (түрткі, себеп) көп.
Адамның бір мұқтаждығьшың қанағаттанып, оның орнына басқа мұқтаждығының пайда болуы оның өмір сүруіне, әрекет етуі өте қажетті шарт болып табылады. Егер адам өзінің мұқтаждықтарын қанағаттандырумен ғана тынатын болса, онда өмір сүрудің, тіршілік етудің айырықша керегі де болмас еді. Адамның қоғамға мұқтаждығы, ал қоғамның алға дамып отыруы да болмас еді. Сол себептен мұқтаждық, я қажеттілік адамның болсын, қоғамның болсын прогрессивтік түрде алға дамуына қажетті қозғаушы күш болып табылады.
Мұқтаждықтар негізінде адамдардың өз іс-әрекетінің мотивтері болады, яғни белгілі бір мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты бой ұру пайда болады.
Сонымен, мотив - іс-әрекетке жетелейін себеп, ал мақсат - адамның белгілі бір істі орындауға талпынуы. Мақсат мотивке үнемі сай келе бермейді. Бірақ, мақсаттың іс-әрекеттің мотиві болуы маңызды құбылыс. Мұнда адамның алдына қойылған міндетерді, мүмкін болғанша, орындауға талпынуы пайда болады, сөйтіп, ол оның мұқтажына айналады.
Іс-әрекет процесінде адамның алдына бір ғана максат тұрмайды, бір-біріне байланысты мақсаттардың бүтін бір жүйесі тұрады. Мысалы, мектеп оқушысының алдына тек үй тапсырмасын орындап қана қою оның соңғы мақсатын білдірмейді. Бұл міндетке қоса ұлы мақсат - білімді адам, өз ісінің шебері, мына қоғамның белсенді мүшесі болу мақсаты тұрады.
Бір жүйедегі мақсаттар ең таяу тұрған мақсаттар болады да, екінші бірі келешектегі, алда тұрған мақсаттар болады. Нақ сол сияқты іс-әрекет мотивтері де таяу, қысқа және алыс жатқан мотивтер болады. Егер адам қысқа, шолақ мотивтерді басшылыққа алса, оның іс-әрекетінің келешегі болмауы мүмкін. Бұл оның мүдделерінің тар өрістілігін немесе қажетті принциптілігі жоқ екендігін көрсетеді. Ең таяу мотивтерді басшылыққа алатын адамдар әдетте ең қарапайым ғана мақсаттар (өзінің материалдық мұқтаждықтарын қанағаттандыру, дүниені қызықтау) қояды. Бұл адамдар көбінесе еш нәрседен бас тартпайды,олар үлкен қиыншылықты жеңіп шығуға әдеттенбеген.
Алыс жатқан мотивтерді басшылыққа алатын адамдар ең таяу мақсаттарды өзінің әрекетіндегі ұлы мақсатқа жету жолындағы қажетті саты, қажетті кезең деп қарайды. Мұндай адамдарды кездескен қиыншылықтар жігерсіздендірмейді, жекеленген сәтсіздіктер оның жігерін әлсіретпейді, қайта өзінің бүкіл өмірінің мақсаты болып табылытын алдына қойылған міндетті шешуге жігерлендіре түседі.

Кесте – 1 Жаңа типті мектептерде оқушыларда білімге құндылық бағдарды қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық» моделі





Тұлғаның құндылық бағдарының көрсеткіштері

1.

Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңыздылығын түсінуге, жеке тұлға проблемасына, жеке тұлғаның құндылық, бағдарының ерекшеліктерін білуге ынталану, талпыну.

2.

Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңыздылығын түсінуге, құндылық бағдар процесінің ерекшеліктері мен зандылықтарын білуге, жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің амалдарын үйренуге, құңдылық бағдар процесінің қайшылықтарын жеке білуге талпыну, қызығу, ынталану.

3.

Жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасының маңыздылығын түсінуге, диагностиканың бағдарламасын жасай білуге, диагностиканың нәтижесін «көре білуге», диагностиканың нәтижесіне қарай тәрбие жұмыстарын жоспарлай білуге, жалпы тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін анықтап, белгілеуге қызығу, ынта-ықылас білдіру, ұмтылу.

4.

Жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесінің маңыздылығын түсінуге, ғылыми әдістемені тиімді пайдалана білуге, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға ұмтылу, қызығу, ынталану.



Жеке адам әлеуметтік қатынастармен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адамның өзіне тән белгілі бір көзқарас, қарым-қатынас, моральдық талаптары және тағы басқа да сапалы қасиеттері қалыптасқанда ғана ол басқаларға тәуелді болмайды. Біздің ойымызша, дамудың осы бір денгейін меңгерген адам барлык психикалық процестер мен функциялар, барлық қасиеттер мен саналар белгілі бір құрылымға ие болады. Бұл құрылымың негізі - жеке адам дамуының мотивация саласы.
Жеткіншектерде мотивтердің қалыптасуы ерікті түрде
жүреді. Бұл жастағы балалардың мотивациялық құрылымы тек баланың дамуы мен тәрбиесі негізінде белгілі бір адамгершілік құндылықтарды қабылдау процесі кезінде пайда болады.
Адам қоғамның, белгілі бір топтың құндылықтарын ғана қабылдайды. Бұдан адамның ұжым мен топпен бірлікте екенін және оның ұжыммен тікелей қатысы бар екенін, ұжым мен топтағы орнының бар екендігін аңғаруға болады. Адам құндылықтарды қабылдап қана қоймай, өзінің құндылықтарды біліп, саналы түрде ұғынуы үшін әрекет жасайды, өзіне-өзі талап қояды.
Мотивтердің иерархиясы қарапайым ынтығу мен қызығушылықтан белгілі бір қажеттіліктің пайда болуына дейінгі аралықпен сипатталады. Мысалы, болжамдық іскерлікті қалыптастыруда оқушының болашақ туралы ойлауын, яғни болжай білуге, көре білуге мектепте жүрген кезінің өзінде-ақ үйрету қажет. Бұл баланың қызығушылығынан киялға, арманға айналуы мүмкін, ал өсе келе, жоғары кластарда болжам жасауға деген ынтасын туғызады,
Танымдық іс-әрекетте құндылық бағдар оқушының білімін өзінің қажеттілігі мен талап, тілегіне сай дәрежеге жеткізеді, ал шығармашылық іс-әрекеттің мотивациясы жеке тұлғаның өз мүмкіндіктерін пайдалана алуымен сипатталады.
Бірлескен іс-әрекетте маңызды нәрсе болып, адамның өзіне серіктесіне (партнер) назар аударуы, іскерлік қарым-катынас орнатуы және ортақ тіл табыса білуі болып саналады.
Жеке тұлғаның құндылық бағдары.болашаққа арналған, ол жоспарланған істің құнды үлгісі ретінде қолданылады.
Құндылық бағдардың негізгі атқаратын қызметі - адамның мақсаты мен іс-әрекетін дұрыс жолға қойып, оның орындалуын бақылау.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының мотивациялық-мақсаткерлік компоненттеріне келетін болсақ, болжам, мақсат, идеал секілді негізгі педагогикалық категорияларды терең зерттеуді, сол категориялардың өзара байланысын, олардың жеке тұлғалық қалыптасу категорияларынан айналуын зерттейді, көздейді.
Мақсат адамның саналы іс-әрекетінің белгілі бір заңдылығын, идеал мен нақтылықтың диалектикалық бірлігі, нақтылықты белгілейтін форма. Мақсатқа бсрілген бұл анықтамадан оның көп қырлы категорияға жататынын көруге болады.
Адамның саналы әрекеті мақсатсыз болмайды, себебі мақсат қою, бағдарлама жасау және осыларды іс жүзіне асырудағы маңызды нәрсе адамның іс-әрекеті болып табылады. Сондықтан мақсатты жеке тұлғаның «көре білуі», болжай білуі және бағдарлай алуын сипаттайтын процесс ретінде қарастыру кажет.
Көптеген философиялық зерттеу жұмыстары мақсаттың қалыптасуына арналған (Б.А. Боронович, В.М. Гришенко, В.А. Костин, А.Н. Костин, А.Н. Яценко, М.Л. Салаш және т.б.)
Мақсатты болжау белгілі бір рухани іс және мақсатгың қалыптасу процесі ретінде жүреді. Мақсатты болжаудың ішкі құрылымы екі компоненттен тұрады: мазмұндылығы мен серпінділігі. Мақсатты болжаудың сипаты жаңа істің дамуымен байланысты. Саналы түрде қойылған мақсат сананың қызметіне қажетгі тіректі қамтамасыз етеді, мақсатгы қоя білу, жоспарлау, көре білудің элементтерін қамтиды. Мақсатты болжаудың категориялары: «көре білу», болжау, бағдарлау және жоспарлау.
Жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесі сол тұлғаның танымдық іс-әрекетімен байланысты, ал құндылық бағдар дербес жеке тұлғалық қалыптасу ретінде дамудың танымдық, іс-әрекет және мотивация салаларымен анықталады. Сондықтан жеке тұлғаның құндылық бағдарының мотивтері қандай, болса мотивтердің қалыптасуы қажет пе деген басқа да сауалдарға шешім табу міндеті түр.
Құндылық бағдарға қызығу, ынталану, талпыну ұғымдарының студенттің болашақ іс-әрекетгерінің объектілері мен субъектілерімен біртұтас байланысы ғана емес, сонымен бірге сол жеке тұлғаның құндылық бағдарына дұрыс көзбен қарауы деп қарастыру қажет. Ол көптеген психикалық процестерді, қабілетті көтермелейді, оларға дем береді, адамның іс-әрекетін толыққанды, қуатты және жарқын болуына көмектеседі.
Құндылық бағдарының маңызды қасиеттерінің біріне оның серпінділігін, яғни жай ғана қызығушылықтан жеке бастың тұрақты қасиетіне дейін өзгеруін жатқызуға болады.
Білуге, үйренуге қызығушылық адамның ми қабатында оптимальды қозу ошағының пайда болуымен байланысты; адамның бір нәрсеге қызығуы кезіңде оны тез арада жақсы түсініп, тұрақты қабылдаудың физиологиялық тұрғыдан түсіндірілу себебі де осыдан.
Білуге, үйренуге қызығушылықтың адамның санасын оятатын зор күші бар, ол қызығуды қанағаттандыру үшін амалдар мен қажет заттарды іздестірудің пәрменділігін, нәтижелігін арттыруға мәжбүр етеді.
Жалпы алғанда, жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесіне қызығушылық мынадай факторлардан тұрады деп санаймыз:

  1. Жеке тұлғаның құндылық бағдар проблемасына қызығу.

  2. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесін меңгеруге талпыну, ықылас білдіру.

  3. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасын меңгеруге ұмтылу, талпыну.

4. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесін игеруге ықылас білдіру, қызығу.
Сонымен, жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесінің мотивация саласы: жеке тұлғаның құндылық бағдар процесі; жеке тұлғаның құндылық бағдары; жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасы және жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесін меңгеруге, қалыптастыруға деген ынта-ықыластың пайда болуымен анықталады. Бұл басты өлшемдердің жекелеген көрсеткіштері;
1. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңыздылығын түсінуге, жеке тұлға проблемасына, жеке тұлғаның құндылық, бағдарының ерекшеліктерін білуге ынталану, талпыну.
2. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңыздылығын түсінуге, құндылық бағдар процесінің ерекшеліктері мен зандылықтарын білуге, жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің амалдарын үйренуге, құңдылық бағдар процесінің қайшылықтарын жеке білуге талпыну, қызығу, ынталану.
3. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасының маңыздылығын түсінуге, диагностиканың бағдарламасын жасай білуге, диагностиканың нәтижесін «көре білуге», диагностиканың нәтижесіне қарай тәрбие жұмыстарын жоспарлай білуге, жалпы тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін анықтап, белгілеуге қызығу, ынта-ықылас білдіру, ұмтылу.
4. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесінің маңыздылығын түсінуге, ғылыми әдістемені тиімді пайдалана білуге, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға ұмтылу, қызығу, ынталану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет