Кіріспе. Тау жыныстарының физикасының мақсаты мен есептері



бет6/23
Дата25.11.2023
өлшемі281,03 Kb.
#126453
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Негізгі әдебиеттер: 1.[24-29]
Қосымша әдебиеттер: 4.[1-10]
Бақылау сұрақтары:
1. Пәнді оқудың мақсаты. Тау-кен жыныстарының негізгі физикалық параметрлерін түсіндіріп беріңіз.
2. Студент пәнді оқығаннан кейін нені білуі керек.
3.Тау-кен жыныстарындағы физикалық процестерін атап көрсетініз.

5 Дәріс


Тау-кен жынысын физикалық қасиеттері бойынша жіктеу


Аннотация: Қасеиттерінің өзгергіштігіне басты себептер, бастапқы минералдық құрамы, жыныстың құрылысы мен физикалық қасеиттері. Сыртқы әсер етуші өрістердің параметрлері айтарлықтай роль ойнайды; оның қарқындылығы, уақыт бойынша өзгеру сипаты, ұзақтығы, әсер ету бағыты.


Кілт сөздер: Магмалық, шөгінді және метаморфты


Жоспар:
1. Жыныс құрамының өзгеруі.
2. Жыныстың тығыздалу дәрежесінің өзгеруі.
3. Жыныстың жеке бөлшектері арасындағы байланыс күшінің өзгеруі.
4. Сыртқы өрістердің тау-кен жыныстарының қасиеттеріне әсері


Әдістемелік нұсқау

Сыртқы факторлардың әсерінен жыныс қасиеттерінің өзгеру себептерінің барлық түрін үш топқа келтірілуі мүмкін:



  1. Жыныс құрамының өзгеруі: кеуектіктердің сұйық және газбен толуы, температура төмендегенде кеуектердегі судың мұзға айналуы, тотығуы, тотықсыздануы, температура өзгертірілгенде бір қатар минералдардың дегидратациялануы және диссоциациялануы, полиморфты өзгеру.

  2. Жыныстың тығыздалу дәрежесінің өзгеруі: кеуектердің майысу есебінен сығылуы, механикалық сығылу күштерінің әсерінен жарықшақтардың жабылуы, әсіресе жан-жақты сығылу кезінде, немесе жынысты қыздырғанда немесе суытқанда пайда болатын ішкі жылу күштерінің әсерінен; қопсыту, механикалық күштің немесе соған сәйкес жынысты қыздырғанда немесе суытқанда пайда болатын жылу күштерінің жиынтығының әсерінен жарықшақтардың ашылуы; қосымша кеуектіктің минералдардың еру немесе жану эффектілерінен бостықтарда пайда болуы.

3. Жыныстың жеке бөлшектері арасындағы байланыс күшінің өзгеруі: минерал жағдайының балқу нүктесіне жақындатып қыздырғанда олардың төмеңцеуі; сұйықтықтың жыныс бөлшектері арасына кіруінен жыныстардың суға қануы кезінде; бөлшектерді қыздырғанда, қатуынан, суытқанда, олардың көбеюі.
Қасеиттерінің өзгергіштігіне басты себептер, бастапқы минералдық құрамы, жыныстың құрылысы мен физикалық қасеиттері. Сыртқы әсер етуші өрістердің параметрлері айтарлықтай роль ойнайды; оның қарқындылығы, уақыт бойынша өзгеру сипаты, ұзақтығы, әсер ету бағыты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет