Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет54/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   111
Байланысты:
стандарттар

Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Зарарсыздандыру ерітінділері

  3. Қалдықтарға арналған ыдыс

  4. Құмы және спирты немесе лизолы бар сауыт

  5. Таза мақта

  6. Шыны бойынша қарындаш

  7. Иммерсияға арналған маймен сауыт

  8. Сүртінділерді зерттеу үшін қорабша

  9. Талдау бланктері

  10. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы

Іс-қимыл алгоритмі:
I. Сүртінділерді дайындаңыз

  1. Қорабшадан заттық әйнекті алыңыз, нөмірді үстінде жазыңыз

  2. Оны тұғырыққа немесе шыны мостикқа нөмірдің шеті лаборантқа бұрылып тұрғаны үшін қойыңыз

  3. Қақырығы бар түкіргішті алыңыз, түкіргіштің нөмірі заттық әйнектегі нөмірге сәйкес болу керек

  4. Түкіргішті ашыңыз, қақпағын қалдықтарға арналған ыдысқа лақтырыңыз

  5. Тұзақты алыңыз, оны спирт жанарғы отына күйдіріңіз және физиологиялық ерітіндісі бар стаканда суытыңыз

  6. Тұзақпен ірің бөліктері бар қақырықтың аз мөлшерін алыңыз, қақырықтың ірің түйіршігін жіңішке қабатпен заттық әйнектің 2/3 бөлігінде жағыңыз (шамалап сүртіндінің көлемі 20мм 10мм-ге болуы тиіс )

  7. Әр бір манипуляциядан кейін тұзақты спирт жанарғы отына, ол қызыл түске айналғанға дейін күйдіріңіз. Құмы және спирты немесе 3 см.кем емес құмды жабатын лизолы бар сауыт ішінде тұзақты үстіне-төмен қимылдармен күйдіру алдында қақырықтың ірі бөліктерін алып тастауға болады.

  8. Дайындаған сүртіндіні сүртінділерді кептіру және бояуға арналған мостикке салыңыз

II. Сүртінділерді кептіріңіз
Дайындаған сүртінділерді ауада 15-30 минут ішінде кептіріңіз. Кептіруге арналған препаратты жылытуға болмайды, өйткені онда микроб жасушалардың ыдырауы тез басталады.
III. Сүртінділердің фиксациясын өткізіңіз

  1. Жұмыс орында заттық әйнектерде дайындалған және кептірілген сүртінділермен спиртовканы және мостикты орнатыңыз

  2. Қышқашты пайдаланып, нөмірі бар шетіне ұстап сүртіндісі үстінде жатқан заттық әйнекті алыңыз

  3. Оны 3-5 секунда ішінде спиртовка отының ең жарық бөлігінен баяу өткізіңіз.

  4. Сүртіндіні бояу үшін мостикке салыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет