Комплекс қосылыстар жөнiнде қысқаша мiндеттер


Периодтық система элементтернiң топтары бойынша



бет9/15
Дата06.01.2022
өлшемі244 Kb.
#16766
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Периодтық система элементтернiң топтары бойынша


жаттығулар мен сұраулар.
I топ элементтерiнiң комплекстi қосылыстары.

  1. Комплекстi қосылыстардың: K2[Cu(OH)4];

[Ag(NH3)2]OH; Na[Au(Cl)4] комплекс түзушiсiн көрсетiп, оның координациялық санын, тотығу дәрежесiн, комплекс ионының зарядын анықтап, атын атаңыз.




  1. Комплекс түзушiнiң Cu+2 координациялық саны 4 болса, аммиакты, гидроксо-комплекстердiң формулалары қандай?




  1. Төмендегi қосылыстардың координациялық формулаларын құрастырыңыз:

NaOH-Au(OH)3; Cu(OH)2·2KOH; AgIKI; CuBr·2KBr.


  1. Төмендегi берiлген комплекс иондарының зарядын анықтап, комплекс қосылысының формуласын толық жазыңыз:

[Cu(H2O)4·(NH3)2]; [Au(OH)4];


  1. Валеттiк схема (В.С.) әдiсiмен төмендегi қосылытардағы байланыстың түзiлуiн түсiндiрiңiз:

[Ag(NH3)2]Cl;
H2C – O O – CH2

| Cu |


H2C – O O – CH2


  1. Төменгi өзгерiстi жүзеге асырғанда қандай процесс жүредi:

AuCl3 → H[Au(OH)Cl3]


  1. Cu+1; Cu+2 түзетiн комплекс иондарының зарядын анықтаңыз.

[Cu(NH3)2]Cl; K2[Cu(OH)4]; [Cu(H2O)5NH3]

  1. Төменгi комплекстердiң қайсысы катион типтi, анион типтi, электронейтралды:

H2[AuOCl3]; Na[Ag(S2O3)2]; [Cu(NH3)4](OH)2; K[AgI2].


  1. Аталған комплекстердiң координациялық формулаларын жазыңыз:

а) диамминкупрум (I) хлоридi;

б) камийдiң дииодоаргентумат (I);

в) сутегiнiң оксотрихлоро аурумат (III);

г) тетрааминмыс (II) гидроксидi.




  1. Комплекс ионының зарядын, комплекс түзушiнiң координациялық санын, тотығу дәрежесiн анықтап, төмендегi комплекстердiң диссоциациясын жазыңыз:

[Ag(NH3)2]Cl; K2[Cu(OH)4]; H[Au(NO3)4].


  1. [Cu(NH3)4]2+ және [Cu(CN)4]2- иондарының диссоциациялану теңдеуiн жазыңыз.

Әрекеттесушi массалар заңына сүйенiп, тұрақсыздық константасының теңдеуiн қорытып шығарыңыз. Қай ионтұрақтырақ?

Комплекс иондарының тұрақсыздық константасының таблицасын қолдану қажет.



  1. Кт-с [Ag(NH3)2]+=6,8∙10-8; Кт-с[Cu(CN3)4]2+= 2,1∙10-13 тұрақсыз константалары жоғарғыдай, көрсетiлген екi ионның қайсысы тұрақтылақ№




  1. Көрсетiлген қатарда:

Қосылыстар [Cu(CN)2]

[Ag(CN)2]

[Au(CN)2]

К тұрақсыздық 1016

8∙10-22

5∙10-39

Қосылыстардың тұрақтылығы қалай өзгередi және қалай түсiндiруге болады?



  1. Төмендегi заттар арасында жүретiн алмасу реакцияларының молекулалық ионды= молекулалық теңдеулерiн жазыңыз:

а) K4[Fe(CN)6] және CuSO4



б) K4[Fe(CN)6] және AgNO3



  1. [Cu(CN)2] ионының АО гибридтелу типiн және пiшiнiн анықтаңыз.

  2. Au3+ ионы түзетiн комплекстердiң түсiн қалай түсiндiруге болады?


II топ элементтерiнiң комплекстi қосылыстары.




  1. Комплекстi қосылыстардың K2[Zn(OH)4]; [Be(H2O)4]Cl2; K2[BeF4]; K2[HgI4]; [Hg+2(NH3)4](NO3)2 комплекс түзушiсiн көрсетiп, оның координациялық санын, тотығу дәрежесiн, комплекс ионының зарядын анықтап, атын атаңыз.




  1. Компелкс түзушiнiң Hg+2 координациялық саны 4 болса, аммиакты, цианды, галогендi комплекстредiң формалары қандай?




  1. Төмендегi қосылыстардың кординациялық формаларын құрастырыңыз: HgI2∙2KI; 2KCN∙Zn(CN)2; 2KF∙BeF2.




  1. Төмендегi берiлген комплекс қосылыстарының зарядын анықтап, комплекс қосылысының формуласын толық жазыңыз:

[Mg+2 (H2O)6]; [Sr+2 (NH3)8]; [Hg+2 Iн].


  1. Валенттiк схема (В.С.) әдiсiмен төмендегi қосылыстардағы байланыстың түзiлуiн түсiндiрiңiз;

K2[Zn(CN)4]; K2[HgI4]; [Hg(NH3)2]Cl2; [Ag(NH3)2]Cl;


  1. Төменгi схема Zn(OH)2 қандай қасиетiн сипаттайды:
OH- OH-

[Zn(H2O)4]2+ Zn(OH)2 [Zn(OH)4]2- реакция теңдеуiн жазып, дәлелдеңiздер.


  1. Zn+2 түзетiн комплекс иондарының зарядын анықтаңыз.

Na2[Zn(OH)4]; [Zn(NH3)4](OH)2; K2[Z(CN)4];


  1. Төмендегi комплекстiң қайсысы катион типтi, анион типтi электронейтралды:

[Be(H2O)4]SO4; [Mg(H2O)6](NO3)2; [Ba(NH3)8]Cl2; [Hg(NH3)2Cl2];[Be(H2O)2(OH)2]


  1. Аталған комплектстердiң координациялық формулаларын жазыңыз;

а) гексааквамагний (II) нитраты;

б) калийдiң тетрацианацинкат (II);

в) октаамминбарий (II) хлоридi;

г) калийдiң тетраиодогидрагирумат (II) – Неслер реактивi.




  1. Комплекс ионының зарядын, комплекс түзушiнiң координациялық санын, тотығу дәрежесiн анықтап, диссоциациясын жазыңыз.

K2[Cd(NH3)4]; K2[HgI4];


  1. [Cd(NH3)4]2+ және [Zn(NH3)4]2+ иондарының диссоциациясын жазыңыз. Әрекеттесушi массалар заңына сүйенiп, тұрақсыздық константасын қорытып шығарыңыз. Қай ион трұрақтырақ? (таблицада) Комплекс иондарының тұрақсыздық константасы).

  2. Тұрақсыздық константалары 5·10-31 және 1·10-22 [HgI4]2- және [Hg(SCN)]2- ионының қайсысы тұрақтырақ.




  1. Көрсетiлген қатарды:

Қосылыстар: [ZnI4]2-

[CdI4]2-

[HgI4]2-

К тұрақсыздық 220

9·10-7

1,8·10-30

қосылыстардың тұрақтылығы қалай өзгередi және қалай түсiндiруге болады?


  1. Zn2+ ионыныа тән реактив [(NH4)2/ Hg(SCN)4] қосылысы.

Егер осы затпен мырыштың тұзының ерiтiндiсiнде әсер етсе, ақ түстi цинктiң тетраданогидраргидрумат (II) тұнбаға түседi. Осы реакцияның теңдеуiне молекулалық, иондық түрде жазық.


  1. Төменде берiлген заттар арасында жүретiн реакциялардың теңдеуiн молекулалық, иондық түрде жазыңыз:

а) HgCl2 және H2[SnCl6]

б) Hg2Cl2 және H2[SnCl4]




  1. Төмендегi берiлген иондарың магниттiк қасиетi қандай?

[ZnI4]2-; [Zn(NH3)4]+;


  1. Берiлген иондарының қайсысы түстi ион?

[CuCl2]-; [ZnCl4]2-; [Cu(NH3)2]+;


  1. [Zn(OH)4]2- ионының кеңiстiктегi пiшiнiне тетраэдр болса АО гибридтелу типiн анықтап, түсiндiрiңiз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет