Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы



бет13/17
Дата16.07.2022
өлшемі74,12 Kb.
#37699
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Сiзге ғылым кiм берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз.
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз, -деп жан концептісін жану, сөну мағынасымен ұштастырады.
Тағы бір өлеңінде:
Жан біткенге жалынбай,
Жақсы өліпсің, япырмай!- деп айтып кеткен. Мұнда да жан концептісі адамды қайрау арқылы мықты болуға үндейді.
Жүрек, жан концептілеріндегі «ойлау»:

Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

Сөзбе-сөз аудармасы

жүрегі ұнатты

to creep in heart

жүрегіне ұрланып кіру

жаны жақын алу ашу, жанға жақын алу

To lay smth to soul

жанына бір нәрсені қою, ойлау

Екі тілде де ойлау қабілетінің үрдісі көбінесе жүрекпен, адам жанымен байланысты, бірақ бұл ойлау мен ойлану түсініктерімен толығымен сәйкес емес. Read people's hearts/soul - (сөзбе-сөз) адамдардың жүрегін/жанын оқу. Жүректе ойлау арқылы берілетін ой емес, одан да маңызды ойлар сақталады. Жүрек концептісіндегі «есте сақтау»:



Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

Сөзбе-сөз аудармасы

жүрегінде мәңгі қалу

enthroned in the hearts

жүрегінде мәңгі қалу

Ағылшын тілінің әлемдік бейнесінде қазақ тіліне ұқсас. Екі тілде де менталдық ерекшеліктердің сақталуын тек жүрекпен байланыстырады.


Жүрек, жан концептілеріндегі жеке адамның рухани сипатының маңызы:

Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

Сөзбе-сөз аудармасы

жүрегі жұмсақ

whole-hearted

Толық жүрегімен, адам

қайырымды жан

the big heart

кең жүректі

Қазақ тілінің әлемдік бейнесінде жүрек, жан сөзімен тіркескен тілдік бірліктердің беретін мағыналары басқаларға қайырымдылық жасай отырып кішірейеді. Ал ағылшын тілінде де бұл талап сақталған. Мысалы ағылшын тілінде арсыз адамды былай бейнелейді: hollow hearted «адал емес, арсыз» (сөзбе-сөз аудармасы: тесік жүрек). Ағылшын тілінің әлемнің тілдік бейнесінде «мейірімді жүрек» пен «қайырымды жан» алтынмен асоцияланады. Демек, асыл тастардың ішінде алтынның таңдалуы бекер емес, өйткені алтын ежелден асыл тастардың ең таңдаулысы.


Ақындардың ішінде Абай бір ғана "жүрек" сөзін әр алуан эпитетпен жұмсайды, олардың ішінде жылы жүрек, ет жүрек бірен-саран ғана тұрақты эпитеттермен айтылған образдар хорды жүрек, асау жүрек, жалын жүрек, кірлеген жүрек, ынталы жүрек, асыл жүрек, мұз жүрек, сұм жүрек, ызалы жүрек. Бұлардың бәрі де образдар. Абай жалпы «жүрек» сөзін 150-ден астам рет жұмсағанда, ол қолданыстардың дені «адам, адамның жан дүниесі, рухани болмысы, сезім» деген ауыспалы мағынада келген.
Бір нәрсенің орталық бөлігі, мағынасындағы жүрек концептісінің қызметі:

Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

Сөзбе-сөз аудармасы

Отанмының жүрегі- Қазақстан. ауыс. мағ.

heart of smth

бір нәрсенің ортасы

Жүрек дене мүшесінің ең негізгі орталығы болып саналады. Сондықтан ол адам денесіндегі барлық мүшелерінің жұмыстарын реттеу арқылы адамзат атаулыға нәр береді. Жүрек сондай-ақ, бір нәрсенің орталық бөлігін, өзегін білдіруге байланысты қазақ тілінде ауыспалы мағынада қолданылады. Ағылшындар да жүрек орталық болып анықталады. Мысалы қазақ тілінде: Алматы - жүрегі Алатаудың. Таң ұйқыға кеткенде бүлкілдеген (М.Мақатаев), Сақшымын құдіретті Кремльге, Кремль - жаңа дәуір жүрегі де (Қ.Бекхожин). деген өлеңдерінде берілген тіркестерді алып қарасақ, «жүрек» сөзі белгілі бір өзекті, орталықты білдіреді. Сонымен қатар «жүрек» символ болумен бірге орталық, өзек мағынасын білдіріп тұр [25, 191].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет