Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы


Қазақ және ағылшын тілдеріндегі жүрек, жан концептілерінің құрылымдық жүйелену ерекшеліктері



бет10/17
Дата16.07.2022
өлшемі74,12 Kb.
#37699
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
2. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі жүрек, жан концептілерінің құрылымдық жүйелену ерекшеліктері

2.1. "жүрек/һеап" "жанры" концептілерінің ішкі және сыртқы құрылымдық жүйесі

Қазіргі логика ғылымында концептілік жүйе туралы теориялардың негізгісі ретінде Р.И. Павиленнистің тұжырымы басты ұстаным деп танылып отыр. Концептілік жүйе - индивтің ақиқат, бейақиқат дүние туралы ( ой, пікір, білім) ақпараттарының өзара үздіксіз ұласқан конструктілік жүйесі деп танылды. [7,387].


Концептілік жүйенің қызметі - оның құрамындағы көмпоненттерді бір мазмұнға реттеп топтастыру, Р.И.Павиленнис дүние концептілік бейнесін танытудағы концептілік жүйенің механизмін "сана тіл дүние" арақатынасында қалыптастыруды ұсынады [18,58]. Философ Л.Виттенштейн санадағы бейнені "тіл сана - дүние" үштігінің арақатынасы арқылы танытуды ұсынады. Концептілік бейне қалыптастырудағы бұл схемалық реттіліктердің басты мақсаты санадағы бейнені ұғындыру. Кез келген санадағы дүние бейнесі концептілік жүйеде түсіндіріледі,, демек, жүйенің тілдік көрінісі - мазмұндалған дайын өнім. Концептілік жүйеде білімдік ақпараттармен қоса тұлғаның ұғым туралы нақты бейнесін танытуға ұмтылған жеке танымы (пікірі) қатар жүреді. Көп жағдайда бұл тұлғалық таным метафоралық, ассоциативтік формада көрініс табады. Сондықтан концептілік жүйенің тілдік көрінісі ондағы элементтердің танытатын тіл бірліктерінің мағынасына сәйкес келмейтін жағдайлары кездеседі. Концептілік күйедегі авторлық галымы анықтауда оның таныту үшін қолданған моделінің сол объектінің жақындастыра ұқсатудагы шеберлігін анықтау керек. Концептілік жүйедегі дүние туралы субъективті- индивидуалдық білімнің көрінісін Р.И.Павиленис "білімнің субъективті құрылымы" деп атауды ұсынды [19,280].
Субъектіні санада қалыптасқан ақпараттарының маңыздысы - оның интерсубъектив білімі. Осы ақпараттар негізінде құралатын концептілік жүйенің реттелуі санада мынадай процестерден өтеді:
• қабылданған ақпарат субъект санасында талқыланады. белгілі бір ұғымға қатысты элементтер топтастырылады.
• басқа тұлғалардың ұғым туралы пікірімен салыстырылады.
• жинақталған ақпараттар бір жүйеде реттілікпен өңделеді.
• жүйедегі ақпаратардың тілдік көрінісі "код" деп аталады.
Тілдік символика концептілік мазмұнын тұрақты көрінісі бола алмайды. Бұдан концептілік жүйенің континуалдылығын, ал тілдің дискреттілік қасиетін танимыз.
Демек, логика ғылымында концептілік жүйе - индивид санасындағы білімі мен пікірінің жүнеленіп, интерсубъективті және субъективті ақпараттарына сәйкестендірілу Мұндағы тілдің қызметі - концептілік мазмұнды таңбалық негізде репрезентациялау.
Лингвокогнитивтік аспектіде концептілік жүйенің қызметі мынандай көрініс табады:

  • санадағы ақпараттар мен олардың бейнесінің интегративті қалыптасуын реттейді:

  • ақиқат дүниенің санадағы моделін, бейнесін танытады;

  • субъектінің дүние туралы жалпы түсінігін байқатады;

  • концептінің, мазмұндық, ассоциативтік, схемалық, құрылымдық, динамикалық, статикалық қасиеттерін танытады.

Логикалық аспектіде, концептілік жүйе континуалдық және бірізділік тәртіппен концептілерді жинақтау қабілетімен танылады.
Бұл зерттеулердің барлығы концептілік жүйенің қызметі деп саналады. Біздің пікірімізше, дүниенің концептілік бейнесін көрсететін негізгі тірек концептілік жүйе. Концептілік жүйе ішкі және сыртқы құрылымдардан тұрады. Ішкі құрылымы концептіні танытуға бағытталған құрылымдар: фрейм, сценарий, ойсурет, схема: ал сыртқы құрылымы - сөз, фразеологизм, метафора, сөйлем, тіркес, метонимия т.б. Концептілік жүйе қалыптастыруда санадағы ішкі құрылымдар белгілі-бір когнитивтік модельге салынып жинақталады. Когнитивтік модель автор танымындағы символ, бейне, прототип, этикет, эталон, ассоциативтік, стереотиптік бірліктер мен инсайт таңбалар арқылы қалыптасады.
Жоғарыда көрсетілген зерттеулер нәтижесінде «heart/жүрек» және «soul/ жан» атауларындағы концептілік жүйенің қалыптасуын келесі бөлімдерді мынадай перифериялық құрылымға салып тануды ұсынамыз.

«heart/жүрек», «soul/жан»

Дүниенің тілдік бейнесі

Концепт типтері

Когнитивтік модель

Мәтін

Фрейм

Бейне

Сөйлем

Схема

Эталон

Фразеологизм

Скрипт

Этикет

Сөз тіркесі

Ойсурет

Стереотип

Метафора

Сценарий

Символ

Концептілік құрылымдардың санада бейнеленуі әртүрлі формада көрініс табады. Олар:


1. Қарапайым форма (фрейм)
2. Күрделі форма(скрипт)
3. Оқиғалы форма (сценарий)
4. Сызбалы форма (схема)
5. Бейнелі форма(ойсурет) .
Адам санасында қалыптасатын бұл формалардың басты қызметі:
-концептілік құрылымдарды санада бейнелеу;
-құрылым элементтерін (ақпараттарды) өңдеу;
Фрейм - бұл концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым формасы. Ол концептінің ең жақын семаларынын құралады және ең жақын ассоциативтік, стеротиптік таңбалар арқылы көрініс табады.
Осы модельге салып «heart/жүрек» және «soul/ жан» концептілерінің құрылымдарын анықтап көрейік. Ақиқат дүние - жүрек. Ол адам денесінің бір мүшесі ретінде сезу ассоциациалары негізінде санада стереотипті түрде сақталады. Поэтикалық мәтінде ыстық жүрек, немесе жүрегі айныды, жүрегі дүрсіл қақты, жүрегі қарайды, жүрегін тебірентті, тағы да ақ жүрек, адал, ыстық жүректі деп ойсурет типінде объективтенген (негізгі мәні жүректің жылу беру қасиетін сезіну). Бұл жерде ақиқат дүниенің тілдік бейнесі метафоралы тіркестер арқылы беріліп тұр. Ал үлкен жүректі [адам]- аз. Сөзбе- сөз big heart (people) (фрейм), Жүрек жұтқан - аг. heart sip (ойсурет). Салыстыра қарар болсақ қазақ тіліндегі фреймдер мен ағылшын тіліндегі тіркестердің өзіндік айырмашылықтары бар екенін байқау қиын емес.
Фрейм білім қалыптастырудағы басты операциялардың бірі. М. Минский адамның көргеннен алған ақпараты мен есінде сақталған ақпаратын модельдеу тәсілін зерттеу арқылы фрейм ұғымын танытты. Ғалым фрейм туралы зерттеуін былай дәлелдейді: "…Мәселен, бөлмеге кірген адамның ондағы заттар мен құбылыстардың қандай екенін, қалай орналасқанын, санада сақталған осы ақпараттардың қаншалықтысы ақиқатқа сәйкес келетінін анықтау адам жадындағы модельдерді көрсетеді. Бұл модельдер - Фрейм деп аталады. Бұл құбылыс фильмнің әрбір кадры секілді санадағы дүниелерді визуалды, стереотиптік жағдайда тану әрекетіне келеді. Фрейм - жадыда сақталған білім мен ақпараттың бір дүние шеңберіне ұйымдасқан, адам тәжірибесіндегі дүние туралы нақты фрагменттерден құралған ақпарат. Фрейм көп жағдайда дүниенің лексикалық мағынасы, ол туралы тұлғаның энциклопедиялық және экстралингвистикалық білімі негізінде санада көрініс табады. Негізінен фрейм концепт ядросының төңірегіне ұйымдрылымдық элементтерді ассоциаландыра отырып ақпарат жинайды". Демек, санада сақталған әрбір ақиқат фрейм бола алады. Олар белгілі бір ұғым мазмұнына сай шоғырланса, концептілік жүйе құрайды. М.М. Минский пікірінше, фрейм құрылымы екі деңгейден тұрады:

  • жоғары деңгейге оқиға не жағдаяталдауға қатысатын нақты мәліметтер жатқызылады;

  • төменгі деңгей нақты мәліметтерді толықтыратын қосымша деректерден құралады. Минский мұны "бос тізбектер" деп атайды.

Тілдегі фрейм - бұл элементтері ұғымдық құрылымның жеке бөлігі (сөз, тіркес, сөйлем) болып табылатын лексикалық қатар. Қарапайым фреймдер бір ғана лексемамен берілуі мүмкін, ал күрделі фреймдер тіркестер немесе сөйлем арқылы танылуы мүмкін. Әрине бұл тек шартты түрдегі тілдік көрінісі. Тіл білімінде фрейм - әрбір сөзі белгілі бір бөлшекті (мағынаны) немесе кейбір концептілік немесе акционалды бүтіндікті айқындайтын сөздер жинағы [49, 78]. ретінде танылады.
E.С. Беляевтің пікірінше: "фрейм сөзден емес, көргеннен алған әсер, бірақ ол объектіні стереотипі немесе әрекеті ретінде жадыда сақталады". Кейінгі зерттеулерде фрейм екіжақты сипатымен танылып, былай дәлелденеді: бір жағынан фрейм лексикалық жүйе ішінде танылады [47, 199], екінші жағынан когнитивтік ақпараттарды ұйымдастырушы ретінде танылады [36, 109]. Осыған орай, фреймдік концепт түзуші бірлік деп тануға негіз туындайды. Фрейм санада концепт түзуші оқиға (жағдаят) бірліктерінің бірінен кейін бірінің жүйелі тәртіпке сай өтілуін қадағалайтын ақпараттар жинағы деп түсініледі. Бір жағынан фрейм оқиға барысында кездесетін жағдаяттардың жүйелі қалыптасуына базалық қызмет етеді. Екінші жағынан түсіндіру, интерпретациялау шеңберін қалыптастырады.
Фрейм- прессупозициялық модель. Егер адамның тілде таңбаланған заттар мен құбылыстар туралы білімі жеткілікті болса, егер оған белгілі бір оқиға шеңберіндегі жардаяттардың өту кезең белгілі болса, онда ол адам сол тілдік құрылымды фрейм ретінде қабылдай алады.
Мысалы, Жүрегіне беріш [тас] болды [болып қатты]- фрейм. Санада стереотипті таным арқылы қалыптасқан. Мысалы, Көңіліне дақ болып, ұялады ойынан кетпес, жадында қалар кекке айналды.
Қорыта келе, фреймдік құрылымды тануда мынадай қағидаларды ұстануға болады:

  • фрейм белгілі бір концепт төңірегінде ұйымдасқан санадағы ақпараттар бірлігі; ол ассоциациялық қор арқылы танылады;

  • стеротиптік белгілер арқылы жинақталады; концепт төңірегінде ең жақын белгілері мен қасиеттер арқылы модельденеді;

  • ұғым туралы нақты мәліметтерді танытады; когнитивтік санадағы белгілі бір ұғым туралы ақпараттарды рет-ретімен жинақтайды.

Схема - когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен ішкі сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды бір құрылымда таныту тәсілі. Бұл тәсіл- концептіні құрайтын ақпараттардың ұқсас жақтарын ұксас емес бөліктерден ажыратып, сұрыптау операциясын атқарады. Әрбір схема танылатын ұғымның заттық деталін жасауға ұмтылады. Концептіні көзбен көріп, қолмен ұстауға болатындай формада түсіндіретін таңбаларды құрайды. Схема - бейнелі репрезентацияның ең күрделі түрі деп танылып, когнитивтік операцияның логикалық (ментальды) бірлігі ретінде басқа құрылымдардан ажыратылады. Стиллинг, Файнштейн пікірінше: "Схема - бұл әрбір жағдаяттың нақты мазмұнын толықтыратын және сол мазмұнның объектісі мен құбылыстарын жалпы категорияға топтастыратын механизм көрінісі. А. Величковский пікірінше: "Схема - бұл білім репрезентациясының үнемі толықтырылып отыратын фрагменті. Бұл фрагменттердің төменгі көрінісі - сенсорлық ақпараттар, оның толықтырылған көрінісі - концептілік білім/37/." В.А. Маслова: "Егер сөздіктегі анықтамалар шеңбер, сызық, шекара шарттарымен түсіндірілсе, концептінің бұл анықталу типі схема болып саналады", -деп көрсетеді.
Схема ұғымның категориялануынан, сол категорияға негізделген ақпараттардың қалыптасуын көрсететін детальдар арқылы объективтенеді. Дүниені тануда таңбаларды, бейне мен символдар жүйесін қолданамыз. Сондықтан когнитивтік санада тану операциялары - сигналдар мен таңбалар үйлесуі схема құрлымын құрайды. Қорыта келгенде, концептілерді схемалықұрылымда тану механизмі мынадай қағидаларға негізделеді: танудағы сенсорлық, перцептивтік ақпараттар жинақталады; ақпараттарды детальдау операциясы қалыптасады; детальданған ақпараттар арқылы концептінің кеңістіктегі формасы объективтенеді. Сценарий. Концепт қалыптастырудағы оның қарапайым танымдық элементтері фрейм болса, әрбір фрейм тармақтарының төңірегінен оқиғалар мен жағдаяттар жүйесін жинақтауға болады. Бұл жүйені құрайтын бөлшектер - сценарийлер мен скрипттер. Сценарий белгілі бір фреймнен туындайтын эпизод фрагменттерінен құралады. Бірақ ол фреймнен уақыт өлшемін шешетін факторлар арқылы ажыратылады. Сценарий концептінің идеясын танытатын сюжеттерден құрылады. Сценариялық құрылымның деңгейі төрт түрлі формада танылады. 1. Үстірт -синтаксистік фрейм. Тілдік құрылымда предикаттық байланыс формасында танылады (атау+предикат). 2. Үстірт- семантикалық форма. Оқиғадан алған әсер фрейм тармақтарынан құралған фрагменттер. 3. Тақырыптық фрейм- сценарийлер. 4. Баяндау фреймі. Тақырыптың мазмұнын ашатын түсініктеме. Демек, сценарий оқиғаға, жағдаятқа құрылған фреймдерден құралады Скрипт - концептілік құрылымның бір типі. Скрипт қалыптастыратын L басты элемент фрейм. Скрипттің санадағы көрінісі- сценарий құрлымының кеңейтілген формасы. Скрипт көзбен көрген нақты тәжірибеден өткен оқиғалар арқылы, балалық шақтан келе жатқан стереотиптік ақпараттары арқылы немесе басқа адамдардың әрекеттерін есте сақтау арқылы жинақталған ақпараттардан құралады. Яғни тануға дайын сценарийлер мен фреймдерді топтастырып ұғыну. Скрипт концептіні тануда басқа бір оқиғаларды ой елегінен өткізіп, одан концептінің бір қырын танытатын фрагменттерді автоматты түрде салыстырып, не ұқсатып ойша табу шеберлігімен ерекшеленеді. Алғашқыда скрипт тек белгілі бір оқиғаны (концептіні) қортындылауды жеңілдететін тәсіл ретінде қолданылады. Скрипт көмегі арқылы санадағы бүтін концептіні модельдеуге болатыны айқындалады. Скриптке тән қасиет- мәтінге енетін фреймдер мен сценарийлердің қайталануы. Скрипт қалыптастыратын өқиға фрагменттері мынадай мақсатта қолданылады: локациялық (уақыт пен кеңістіктегі оқиғаны бейнелеу); логикалық (ойлау әрекетін тану); процедуралық (оқиғаның өтілу тәртібі); насихаттау, үгіттеу, иландыру түрінде қолданылады.
Ойсурет - концерт қалыптастыру операциясының ең күрделі формасы. Концепт құрайтын элементтерді санада метафоралау, яғни суреттеу тәсілі. Терминді енгізген ғалым Н. Уәлиұлы. Ойсурет санада бейне символ, метафора, аллегория көмегімен танылады. Концептінің ойсурет құрылымда танылған формасы аспан денелері атаулары арқылы да жиі көрініс табады. Ойсурет суреткердің қиялдау, суреттеу, ұқсату шеберлігінен туындайды. Санадағы фантазиялау таланты басым болса, концептіні ойсурет құрылымында таныту деңгейі жоғары болады. Мысалы, Жүрегі тас түйін болды -фрейм. Санада асоциативті таңба арқылы қалыптасқан. Тағы мысал келтіре кетсек:
Жүрегі дір [зу] ете қалды [түсті] - ойсурет. Ұлттық -мифологиялық танымы арқылы қалыптасқан. Мысалы, аяқ астынан жайсыз хабар естігенде қорқу. Ал сыртқы құрылымның негізі - сөз. Қазақ, ағылшын тілдерінде әлемнің тілдік бейнесі негізінде эмоция мен сезімнің бірігуінен кең орын алатын жүрек және жан концептілерінің мағыналық топтарына талдау жасағанда, екі тілден жинаған материалдардың дені фразео.огизмдер болды. Себебі тіліміздегі фразеологизмдер айналадағы қоршаған заттар мен құбылыстарға тілдік тұрғыдан баға беру, сипаттау арқылы сол халықтың менталитетін, көзқарасын, дүниетанымын аңғартады. Ол тілдік бірліктер сол ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа қалдырылған материалдық және рухани мәдениеттерінде сақталған.
Фразеологизмдердің пайда болуына күнделікті өмір мен өзімізді қоршаған заттар мен құбылыстардың бір-бірінің әсерінен туған бейнелі қабылдаудың ықпалы зор. Ғалым Р.Авакованың: «Халықтың рухани творчествосының жемісі, тілдің ажарын кіргізе гін, оның құдіретін арттыра түсетін, ойды бейнелеп, астарлап, өзінің нақышымен жеткізетін, ата-бабадан мұра ретінде келген сөз қазынасының дайын қолданылатын үлкен саласы фразеологизмдер этнос тілінің құрамдас бөлігі болғандықтан, оларға этнолингвистикалық талдаудың ғылым үшін құндылығы ерекше. Адамзат тарихын өз бойына сақтаған халықтың фразеологиялық қорына философиялық ойлары, дүниені танып-білуі, тұрмыс- тіршілігі, ұлттық мәдениеті көрініс тапқан»,- деген [1, 14] қағидасын ұсына отырып, жүрек, жан, концептілеріне байланысты мынандай фраземалардың этнолингвистикалық табиғатын байқауымызға болады.
Жүрек жарды сөз, жан тебірентерлік сөз «қуанышты хабар, жүрегінен шыққан сөз» фразеологизмінің сөзбе сөз мағынасы шын жүректен айтқан сөз. Адамға ішкі сезімін өзгертетін сонымен қатар, адамның ішкі жан-дүниесіне қуанышты әсер беретін мағыналы сөзді айтады. Мұндай жағдайда фразеологизмнің құрылу мағынасы сөйлемнің құпия күштерінен бастау алады.
Жүрегі жарылардай адам баласы қатты қуануы мүмкін немесе жанын тебірентерліктер әсер ететіндей сөз естуі мүмкін.
Мысалы: She spoke with an open heart ofher warm feelings for her pupils Аудармасы: Олжүрек жарды сезімін оқушысынан жасыра алмады.
Екі тілде де жүрек жарды сөз мағынасындағы тіркестің еш өзгеріссіз екі тілде де қолданылуы бірдей екенін сөйлемнен аңғару қиын емес.
Жүрек, жан көнцептілеріне қатысты фразеологизмдерді саралай келе, төмендегідей топтарға жіктеуге болады.
«Қорқыныш, үрей, жылау» мағынасындағы:

Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

Сөзбе-сөз аудармасы

жүрегі тас төбесіне шықты, жүрегі ұшты,

one's heart leaped in to one's mouth (throat)

жүрегі аузына тығылды, өте қатты қорықу

жан жүрегімен жылау

sob one's soul out



қатты қапаланып жылау

«Ашу, ыза, қаһар»:



Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

Сөзбе-сөз аудармасы

сұм жүрек

with halfa heart

қызығушылығы жүрек жоқ

жаны қас

soul-burning

наразылық, өкініш, ыза

Қазақ тілінде сұм жүрек "мұңға толы, шер жұтқан жүрек» сияқты мысалдар кездеселі, ал ағылшын тілінде "ашу, ыза» мағынасындағы жүрекке қатысты қолданылатын мысалдарды кездестіре алмадық. Көңіл күйді тек қызығушылық таньипаумен ғана берстіндігі байқалды. Ал керісінше, жан арқылы ыза болу бар.


«Қайғы, қасірет, уайым, бақытсыздық»:

Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

Сөзбе-сөзаудармасы

қара жүрегі қақ айырылды

to one's heart is breaking

жүрегі сыну, қирау

жан жүйесін босатты

bottom of one's soul

жанынын жаралау

Аталған екі тілден байқағанымыздай «қайғы, қасірет, уайым» бұл адамның жанын жаралап, жүрекке қарсы шабуыл жасаған тілдік бірліктер, оның әсері ерекше қирату, талқандау: мысалы ағылшын тіліндегі «біреудің жүрегін талқандау мен жанын жаралау» демек сол бір адамнан кегін алу, немесе өлтіру.


«Қуаныш, шаттық, рахаттылық, көңіл көтеру»:

Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

Сөзбе-сөз аудармасы

жүрегі жарылды, жүрегі жарыла жаздады,

a light heart

жеңіл жүрек, көңіл ашықтық

жан тәнімен қуану

with all one's soul

шын көңілден қуану

Қазақ тіліндегі мысалдан «қатты қуанды, көңілденді" деген мағынады қолданса, ағылшын тілінде «бейғамдық, қамсыздық, шаттық, жайдарылық, көңіл көтеріңкілік, көңіл ашықтық, сауық-сайран» мағыналарында қолданылғанын байқаймыз. Екі тілде де қуаныш, шаттықтың жанға, жүрекке қатысын әлемнің илдік бейнесі тұрғысынан қарастырсақ, ұқсастық, үйлесімділіктің бар екенін көреміз.


«Қауіп-қатер дабылы, жұртты дүрліктіру»:

Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

Сөзбе-сөз аудармасы

Жүрегі дір (зу) eтe қалды (түсті)

devour one's heart немесе (eat one's heart out)

жүрегі азап, жапа шекті, қорлық көрді

жаны көзіне көрінді

His heart was in his boots

қатты қорықты

Қазақ тілінде «бірден қатты шошыды; кенет қорықты», ағылшын тілінде «үнсіз қайғыру, үрейлену, қорқу» мағынасында қолданылатын тілдік бірліктердің де жүрекке, жанға әсері күшті. Бұл тілдік бірліктер көбінесе дабыл, сигнал ретінде жұмсалады.


«Қайырымдылық, мейірбандық, мейірімділік, рахымдылық, ізгілік, сезім»:

Қазақ тілінде тілінде

Ағылшын тілінде

Сөзбе-сөз аудармасы

жүрек [көңіл, сезім) қылын шертті

one's heart warms towards her (him…)

біреудің жүрегі біреудің жылуы арқылы толығады

жан жылуын сезіну

Open one's heart to smb.

жан жылуын біреуге ашу

«Көңіл-күй, хал-жагдай, жақсылық, қамқорлық»:



Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

Сөзбе-сөз аудармасы

жүрегі қарс айырылды

heart sickness

қайғыдан қатты күйінді

жаны ашыды
жүрегі елжіреді
жүрегі жібіді

soul/heart warming

жанды жадырататын, жылы, жайдарлы

«Махаббат»:



Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

Сөзбе-сөз аудармасы

жүрегіне от түсті

steal smb's heart

біреудің жүрегін жаулап алу

жанын жаралады

posses one's soul

біреуді ренжітті

Екі тілде де «бір адамға көңілі ауып, қатты ұнауы; соған қол жеткізіу».


«Әдемі, жанға жайлы, сүйкімді жағымды, тәтті, ұнамды/ұсқынсыз, жайсыз, сүйкімсіз жағымсыз»

Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

Сөзбе-сөз аудармасы

Ақ жүрек адам

from the botton of one's heart

Біреудің жүрегінің түбінен орын алу

жаны сұлудың тәні сұлу

beautiful body a beautiful soul

жаны сұлудың тәні сұлу

Қазақ тілінде: 1. «ақ, адал көңіл». 2. "белсенді, адал көрінгісі келген жан». Әлемнің тілдік бейнесі екі тілде де негізінде түсіністік жүрек және жан концептілері арқылы берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет