Конференциясының материалдары


НН03  С006Щ3НN3  П0К4ЗЫ8437,  К4КN3  У9N8N73ЛЬНЫ3  83ЩN  М0Ж37  93Л47Ь



Pdf көрінісі
бет55/60
Дата09.03.2017
өлшемі9,39 Mb.
#8612
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60

94НН03  С006Щ3НN3  П0К4ЗЫ8437,  К4КN3  У9N8N73ЛЬНЫ3  83ЩN  М0Ж37  93Л47Ь 

Н4Ш Р4ЗУМ! 8П3Ч47ЛЯЮЩN3 83ЩN! СН4Ч4Л4 Э70 6ЫЛ0 7РУ9Н0, Н0 С3ЙЧ4С Н4 

Э70Й С7Р0К3 84Ш Р4ЗУМ ЧN7437 Э70 4870М47NЧ3СКN, Н3 З49УМЫ84ЯСЬ 06 Э70М. 

Г0Р9NСЬ. ЛNШЬ 0ПР393Л3ННЫ3 ЛЮ9N М0ГУ7 ПР0ЧN747Ь Э70.  

411 

Вот еще один вариант: 

А попробуйте прочитать это: 

йокшуратс йондо с яслимоканз кочиратс нидо как, аледив то-ка 

К мотоп а, лертомс ёен ан оглод- оглод но алачанС .еквонатсо ан 

     и екшубаб йтоэ к лёшодоп, инерис кечотев окьлоксен лаврос 

  тувоз янеМ  .ыв и как, яансаркерп еж яакат ьнерис атЭ» :лазакс 

.ясьтичуоп умеч ьтсе оген У .олим кат олыб отЭ  .«навИ 

7. Математика по - арабски.

- Возьмите лист бумаги и ручку (можно карандаш или что-то иное, что удобно); 

-  Ручку  зажмите  в  левой  руке  (т.е.  не  в  правой,  как  обычно-а  в  левой,  как  зеркальное 

отражение); 

-начните писать цифры с правого края листа в зеркальном отражении; 

-начните с 1,2,3 и т.д. Напишите в первый день до 100 (можно больше). На следующий день 

продолжайте, например, так: 101,102,103 и т.д. Пока не напишите до 1000 (можно больше); 

-не забывайте, что вы пишите в зеркальном отражении. Так, например, вы пишите число 395. 

Обычно пишут  вначале цифру 3, потом 9, а затем 5 (слева-направо). Вам же нужно писать 

сначала 5, потом 9, а затем уже 3 (справа-налево). Это правило касается всех чисел



Примечание: 

Старайтесь,  чтобы  цифры  выглядели  достаточно  аккуратно  как  в  самом  написании,



так и в ровном расположении на листе.

Если  изложенный  способ  написание  цифр  окажется  слишком  сложным,  то



используйте  схему  написания  цифр  здесь  593  (пишут  вначале  цифру  3,  потом  9,  а

затем 5 справа-налево).

Данное  упражнение  рекомендовано  только  для  правшей.  Для  тех  у  кого  с  рождения



доминирует левая рука, это упражнение можно и не делать.

8. «В стране Красивого письма».

- Сейчас я предлагаю Вам на сердечках написать афформации для самого близкого для Вас 

человека….  Для кого, как Вы думаете? Для самого себя. Но писать мы с Вами будем не той 

рукой, которой привыкли писать, а противоположной. 

Почему богатство окружает меня повсюду?



Почему я притягиваю деньги?

Почему всегда  только самое лучшее происходит со мной?



- Когда вы выполняли все эти упражнения, думали ли вы о чем нибудь в этот момент, были 

ли какие-нибудь мысли у вас в голове? Отвлекались ли вы на что-нибудь постороннее? 

Йоги  говорят,  что  когда  нам  удается  остановить  поток  мыслей,  то  мы  достигаем  альфа 

состояния и в этот момент можно загадать любое желание, или исцелиться от болезни. 

Это так называемое состояние счастья и покоя. 

9.Работа с мандалой.



412 

 Мандала  –  это  священный  узор.  Созерцание  мандалы-  это  начало  разговора  с  правым. 

Найдите  красивую  для  вас  мандалу  в  интернете.  Расслабившись  ,  смотрите  в  центр  узора 

около 2-3 мин. Вы  увидите, что  через время  рисунок начнет  «играть», изменяясь, словно в 

детском калейдоскопе. Кстати, рисование мандал является одной из практик в буддистских 

монастырях. Монахи собирают дивный по красоте узор из разноцветных зерен не один день 

и даже неделю. Закончив рисунок, они стирают его, не раздумывая взмахом руки. Вот уж по 

истине,  настоящая  не  привязанность  к  результату  творчества.  Найти  мандалы  можно  в 

интернете. 

Когда  мы  что-то  делаем  с  удовольствием  и  весело,  это  становится  супер  эффективным  в 

достижении того, для чего мы производим какие-то действия! 

Это я особенно хочу выделить! Позвольте себе жить весело и легко, не надевайте  «маски» 

серьёзности  и  взрослости.  Оставайтесь  ребёнком  в  душе.  Жизнь  –  это  игра.  Мы 

божественные дети, которые пришли сюда поиграть. Так давайте играть в радостные игры. 

Давайте перестанем играть в трагедии, страдания, уныние, недовольство жизни. Вы и только 

вы  выбираете,  во  что  вам  играть  и  как  относиться  к  жизни.  Конечно,  если  вам  нравится 

страдать, если вам зачем-то нужны трудности – вы на это имеете полное право. Но и право 

на радость, смех, лёгкость, счастье у вас тоже есть! Помните об этом! 

 БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА АТА-АНАНЫҢ ЫҚПАЛЫ 

Сейтенова Бахыт Есімқызы,    

Көкшетау қаласы № 12 орта мектебі,  

бастауыш сынып мұғалімі 

     Бала  өмірге  келгеннен  бастап  өскен  ортасына  қарай  айналасында  болып  жатқан  әр-түрлі 

құбылыстарды  өз  бойына  сіңіреді.  Дәл  осы  шақта  ата-аналардың  берген  тәрбиесінің 

ұқсамауына  қарай  баланың  әр  түрлі  мінез-құлқ   нормалары  қалыптасады.  Мысалы,  билік 

айтқыш  ата-аналардың  балалары  көбінесе  бойсұнғыш,  сыпайы  мінезді  болып  өссе,  шектен 

тыс алаңдағыш ата-аналардың балалары көбіне аңқау, ырықсыз, қорқақ мінезді болып өседі 

екен.  Себебі  неде?  Біз  көбінде  балаларымыздың  іс-әрекетін  бақылап  отырамыз  деп  жоқтан 

өзгеге алаңдап, көп нәрселерден шектеп, өзіміздің қалауымыз бойынша жүруін басты назарға 

аламыз.  Бірақ,  нәтижесінде  бала  өз  әлінше  шешім  шығара  алмайтын,  ұяң,  жүрексіз  мінез 


413 

қалыптастырып  алады.  Сосын  балаларымызды  біреуге  еліктегіш  немесе  біреуден  жиіркену 

арқылы бұйрық райда тәрбиелер бере бастаймыз. Мысалы “Ананың баласын қарашы, сенің 

жүрісің  мынау”  –  деген  сияқты   сөздер  баланың  ешқашан  өз  ісіне  көңілі  толмайтын,  үнемі 

басқа біреуге ұқсағысы келеді де тұратын немесе басқа біреуді жек көріп тұратын ішарлық 

қасиетке итермелейді. 

Ал, баласын әлпештеп, ырқына көнгіш ата-аналардың балалары жауапкершіліксіз, тәртіпсіз, 

соқтыққыш,  қырсық,  жүгенсіз,  ашушаң  мінезді  болып  өседі.  Өйткені,  ата-ана  –  бала 

тәрбиесіндегі  басты  тұлға.  Әке  де,  шеше  де  балаларының  жан  дүниесіне  үңіліп,  мінез-

құлқындағы  ерекшеліктерді  жете  біліп,  балалармен  әңгімелескенде  олардың  пікірімен  де 

санасыумен қатар дұрыс жолды нұсқап, көп ырқына көне беруден сақтанған дұрыс. Баланың 

тәтті қылығына қызығып ырқына көне берген ата-ана келешекте бала мінезіне ие бола алмай 

қалуы  мүмкін.  Осындайлардың  кесірінен  бүгінгі  таңда  жастар  арасында  көптеген 

ұлтымыздың руханиятына жат кесірлі істер көптеп туылуда. 

Үнемі  тәуелсіз  көзқараспен  жүріп-тұратын,  өзіндік  принциптері  бар  үлкендер  тәрбиелеген 

бала еркін, ақкөңіл, қайырымды, ықыласты, қоғамдық байланысқа шебер болып өседі. 



Оқушының үлгеріміндегі ата-ананың ролі: 

Баға дегеніміз не? 

Баға – оқушы үлгерімінің көрсеткіші 

Қандай бағаны жақсы, қандай бағаны жаман деп айтамыз 

«5» жақсы, «2» - жаман 

Бала «5» алғанда, ата-ана не істейді? Бала не істейді? 

Ата-ана 


Бала 

Қуанады 


Қуанады 

Мақтайды 

Мақтанады 

Риза болады 

Көңіл-күйі көтеріледі 

Оқушы «2» алғанда, ата-ана не істейді? Бала не істейді? 

Ата-ана 


Бала 

Ренжиді 


Қорқады 

Ұрсады 


Жылайды 

Айқалайды 

Көңіл-күйі түседі 

Күйінеді 

Ренжиді 

Педагогикада  «талаптану  деңгейі»  деген  термин  бар  (уровень  притязаний).  Ол  бір 

оқушыда жоғары, біреуде төмен болады. Сондықтан, талаптану деңгейі  жоғары оқушы  «2» 

алса,  ол  бағаны  жоюға  тырысып,  намыстанып,  келесі  сабаққа  дайындалып  келеді.  Ал,  осы 

деңгейі төмен оқушы жаман баға алса, ол өзін басқалардан төмен санайды. «Мен бәрібір ол 

«2»  жоя  алмаймын»  деген  ойда  қалады.  Баланың  осы  кемшілігін  тәрбиелеу  үшін  не  істеу 

керек? Ол үшін мына сұраққа жауап беріп көрейік: 

- Сіздің балаңыз «2» алып келсе, сіз не айтасыз? 



Таблица 1 

     Енді  педагог  Н.Водовозованың  мынадай  әңгімесін  тыңдап  көріңіз.  Үлгермеуші  оқушы 

қызды  мұғалім  қосымша  сабаққа  шақырады.  «Жарайсың,  ақылдысың»  -  деп  мұғалім  оны 

мақтайды.  «Жоқ,  өтірік  айтпаңыз,  мен  ақылды  емеспін»  -  деп  қыз  жылап  жібереді.  Таң 

қалған мұғалім: «сен неге олай айтасын?» деп сұрайды. «Маған мамам сен ақылсызсың деп 

ұрсады»  -  деп  жауап  береді  қыз.  Осы  оқушы  қыздың  талаптану  деңгейі  төмен  бе?  Жоғары 

ма? Әрине төмен. Мұғалімнің мақтағанына сенбейді. Ал бала сондай болмау үшін не істеу 

керек? 


414 

 

Ата-ана: 



Бала: 

Сену керек 

Сену керек 

Мақтау керек 

Мақтау керек 

Көмектесу керек 

Көмектесу керек 

Мұғаліммен байланыста болу керек 

Ата-анамен байланыста болу керек 

  

Ата-анамен мұғалімнің жұмысы, міндеті бір екен. Сондықтан баланың алдындағы 



жауапкершілігімі з  де  бірдей.  Не  істеу  керек  екенін  білеміз.  Ал,  осыны  істейміз  бе? Мінез-

құлқымызды түзетіп көрелік.  

Ол үшін: Таблица 2 

  Көріп отырғандай біздер осы: «Бірақты» жойсақ, бала екісін де жояды, талаптану деңгейін 

де  көтереді.  Оқушы  үлгерімнідегі  ата-ананың  рөлі  қандай  болу  керек?  Деген  сұрақтың 

жауабы табылады. Ата-ана баласына: 



Сену керек 

Мақтау керек 

Үнемі көмектесу керек 

Мұғаліммен байланыста болу керек. 

Туындаған  тәлім-тәрбиедегі  жарасымдылық  мектеп  пен  ата-ана,  әлеуметтік  орта 

бірлесіп  жұмыс  істеген  жағдайда  ғана  үйлесіміділік  табады.  Өйткені,  баланың  өмір  сүруге 

құштарлығының  оянуы  өзін  қоршаған  ортасына,  ұстазға,  ата-анаға,  құрбы  –  құрдастарына, 

олардың  күнделікті  іс-әрекетіне,  жүріс  тұрысына,  сырт  көрінісіне,  сөйлеген  сөзіне, 

әдептілігіне  т.б.  қасиеттеріне  байланысты.  Халық  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілерсің» 

деп тегін айтпаған. 

Сынып  жетекшісі  болу  –  үлкен  өнер  десе  болғандай.  Өйткені,  ол  «бала  жанының 

бағбаны».  Тәрбие  саласында  ата-анамен  жағымды  қарым-қатынасты  реттеуде  ұстаз  небір 

қиыншылықтарға  тап  болып  жатады.  Қазіргі  жаңа  педагогикалық  ойлауға  орай  ата-анамен 

жұмыс жүйесін дұрыс құру және оны   жаңаша  ұйымдастыру бүгінгі күннің талабы.  

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы 

да  -  балалар,  яғни  бүгінгі  ұрпақ  -  ертеңгі  елдің  болашағы.  Шығыс  ғұламасы  Әл-

Фараби: «Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  тәрбие  берілуі  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім-

адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген.  

     Бұдан  тура  4  жыл  бұрын  «Тәрбие  –  көзі  жанұяда»  атты  ата-аналар  жиналысы  болып 

өткен  болатын.  Биыл  тағы  сол  тақырып  төңірегінде  сөз  болды.  Бұдан  не  байқауға  болады. 

Ата-  аналар    өз  балаларының    төрт  жылда  қандай  өзгеріс  барын  қағаз  бетіне  салып.  Өз 

ойларын  ортаға  салды.  Ата  –аналарды    «Шаттық  шеңберге»    тұрғызып,  бір-  бірлеріне  ізгі 

тілектер  айтты.  Сандар  (1,  2,  3,  4)  бойынша  ата-аналар    топтарға  бөлінді.  Әр  топқа  жеке 

тапсырмалар берілді, топтар қызу жұмысқа кірісті.  

I. Қиындық. 

II.Таңқалу. 

III.Егер мен сынып жетекшісі болсам... 

IV.Сәттілік. 

Қиындық туғызған не? Биылға МАБ –ға дайындық ортаңғы буында оларды кім алады, 

қандай мұғалімдер болады, нешінші ауысымда оқиды т.б. 



 Таңқалу -  оқу жылының басында жаңадан оқушы келген болатын аты – Алтынай. Ата 

– әжесінің қолында болған бала, өте ерке, ауылдың  мектебі жабылған соң, қалаға әке – 

шешесіне қойтып оралған.Алғаш келгенде өте баяу, жауабы шала, жазуы нашар т.б. , кей 

кездері сабаққа кешігіп келген күндері де болды. Ауылда күнде 5 әкелетін қалаға үйрене 

алмайтын шығар деп ойлап едім қызым тез тіл табысты. Сабақ үлгерімі де түзелді,  

оқушылар мен мұғалім көп көмек берді. 



Егер мен сынып жетекшісі болсам... 

Мен балаларға дұрыс тәрбие бере алмас дедім, өйткені жүйкем жұқа, тез ашуланып, қол 

жұмсап жіберуімде мүмкін... 


415 

Сәттілік -  Балаларымыз аман- есен. Сабақтары жақсы, ақылды, мейірімді, тіл алғыш, 

бірдемені тез істейді, бір жұмысты бастаса аяғына дейін апарады. т.б. 

Мұғалімге көп рахмет. Келесі оқу жылы осындай мұғалім бізде болса жақсы болар еді. 

Кері байланыс парағы толтырылды. 

        Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыстың табысты не табыссыз болуы оның 

таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби 

құзырлылығына байланысты болатынын ұмытпау керек. Қазіргі кезде сынып 

оқушыларының тәрбие ісін әрі қарай жетілдіру отбасы мен мектептің бірлескен жұмысын 

дамыта және нығайта түсу арқылы жүзеге асады. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, 

сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу сіздер мен біздердің 

борышымыз.  

   Қорытынды: Ата-аналарға кеңестер (оқылады) таратылады. Мұғалім: Әрине,өмірдің 

барлық жағдаяттарын қамти алатын, жұрттың бәріне ортақ,бірыңғай ереже жоқ.Әрбір бала 

әртүрлі. Әрқайсысы өзінше ерекше. Сол сияқты бізбен сіздің қарым-қатынасымыз да өзіндік 

сипатта.  

Біздер: педагогтар мен ата-аналар- балалардың бойындағы білуге құмарлық, еңбек 

етуге,әдемілікке, өз қабілет-қарымы мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тырысушылық 

әрекеттерін жетілдіру, дамыту, қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізуіміз қажет. 

Мен бұл бағыттағы іс-әрекеттеріміздің нәтижелі боларына сенемін. Жиналыстың соңында 

сіздерге алғыс айта отырып,жауап байланыс парағын толтыруды сұраймын. 

Жауап байланыс парағы: 

Ата-аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе? 

Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды, нені қосу керек еді? 

Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз? 

«Сиқырлы қобдиша» тренингі. (Топтағы қатысушылар   шеңбер құрып, көздерін жұмып 

отырады.Тапсырманы орындау үшін- қобдиша керек.Оның ішінде домалақ айна болады) 



Психолог: Қазір сіздер мына сандықшаны  бір-біріңнің қолдарыңа бересіңдер.Сандықшаны 

алған адам оны ашып ішіне қарайды. 

Оның ішінде кішкентай өзеннен сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені 

көресіздер.Оған күліп қарауларыңыз керек. ( Барлық қатысушылар сандықшаға қарап болған 

соң, психолог сұрақтар қояды). Жан-жақты  және қайталанбайтын  деген сөзді қалай 

түсінесіздер? 

Жан-жақты және қайталанбайтын бейне кім болып шықты? 

Сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сіздерге қалай қарады? 

Біз жан-жақты және қайталанбайтын бейнеге қандай көзқараспен қараймыз? 

( қатысушылар ойын тыңдау) 



Қорытынды ой  түйіндеу. Демек,біз, сіз, әрбір адам өз алдына жан-жақты және 

қайталанбайтын бейне екендігіне көз жеткіздік. Осы әрбір жан-жақты қайталанбайтын 

бейнелер «Өмір» атты үлкен өзенде тіршілік  етіп жатыр. Енді олар үшін сол өмірдегі 

құндылықтарды атап өтсек:  Жақсы өмір сүруде      Адамдармен жақсы қарым-қатынаста 

Денсаулықта         

Бала тәрбиелеуде 

Бала сүюде

Арман мен мақсатта 



Ұрпақ қалдыруда 

    Әрбір ата-ана «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін » деп әлпештеп 

өсірген перзенті  ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, 

«Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған. Бала тәрбиесі – қызығы мен 

қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.  

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-

балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, 

сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.  



Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін  мектеп, ата-ана, ұстаз  тығыз 

байланыста болуы қажет. 

416 

ОҚУШЫЛАРДЫ КІТАП ОҚУҒА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ 

Шегенева Бакыт Болатовна 

Ақмола облысы 

Көкшетау қаласы 

№ 17 орта мектеп. 

Бастауыш сынып мұғалімі  

  «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. 

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - 

деген еді Ғабит Мүсірепов. 

Өкінішке  орай  көркем  әдебиетті  өз  бетімен  оқуға  деген    оқушылардың 

қызығушылығы азайды.Бірақ, мүмкін бұл ойымыз дұрыста емес  шығар. 

 Бастауыш  сынып   ата-аналармен,  оқушылармен  сауалнамалар  жүргізу  арқылы  

балалардың    көркем  әдебиетті  оқу  деңгейлерін  анықтау  және  себебіне  жету  болды.  Менің 

сыныбымда  көптеген  ата-  аналар   балаларының  кітап  оқуын  қадағаламайтыны    айтты.Ал 

оқушылардың өз беттерімен қызығып көркем әдебиет оқымайтыны анықталды. 

Неліктен  ?-  сендер  көркем  әдеби  кітаптарды  оқымайсыңдар  деген  сауалға  

төмендегідей жауап берді: 

1. Уақыт жоқ немесе теледидар, ұялы телефон агентте отыру.

2. Ата – анамыз айтпайды, ұстаздар ондай тапсырма бермейді.

3. Бала  кітап  оқып,  ойын  қорытудың  орнына  теледидардан  дайын  өнімдерді  көруге

бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. 

4. Ал  ата – аналар тым жұмыс басты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа

ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. 

Енді  осы жиналған ақпаратты қортындылай келе мен өз сыныбымдағы оқушыларды 

қалай  көркем  әдеби    шығармаларды  оқуға  қызықтырамын?  Ол  үшін  не  істеуім  керек  деген 

ойға  келдім.Осы  мәселені  шешу  үшін  мен  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отыра 

сыныпты  бірнеше  топқа  бөлдім.  Осы  топтар  арасында  бірнеше  кезеңнен  тұратын 

шығармашылық сайыстар өткіздім.  

Менің сыныбымда барлығы отыз бір  оқушы бар .Осы оқушыларды бес топқа бөліп 



бірінші кезкеңде  «Ертегілер әлемінде»  деген  топтық кітапша шығарамыз деген тапсырма 

берілді.Бұл  тапсырманы  орындау  үшін  әр  топ  мүшесі  өзіне  берілген    кітапты  оқып  шығып 

осы ертегі мазмұнына ұқсас өзі ертегі жазып, оның  мазмұнына қарай суреттерін салып топ 

басшысына  тапсыру  керек.Ал  топ  басшысы  өз  кезегінде  топ  мүшелерінің  жұмыстарын 

жинап ата- аналардың көмегімен осы жұмыстарды бір кітапша ретінде жинақтады.Сыныпта 

осындай бес кітапша пайда болды.Енді оқушылардың қызығушылығын одан ары қарай ояту 

мақсатында  әр  топ  өздерінің  кітаптарына  жарнама    жасады.  Бұл  шығармашылық 

тапсырманың  екінші  кезеңі  болды.Өздері  жасаған  кітапшаларды  жарнамалауға 

оқушылармен  қатар  ата-  аналар  да  ат  салыса  қатысты.Бес  кітапшаға  бес  бағыта  ,  бес  түрлі 

жарнама 


дайындалды.Олардың 

жарнамалары: 

видеоролик, 

кеспе 


карточкалы, 

банер,презентация және  музыкалық клип түрінде өткізілді. 

Енді  осы  тапсырмаларды  үшінші  кезеңі    ол  дайындаған  жарнамаларын  қолдана 

отырып өз кітаптарын қорғау болды.Бұл сайысқа бір қызығы мектептегі басқа үшінші сынып 

оқушылары мен олардың ата- аналары шақырылды.Өз кітаптарын қорғау үшін әр топтан екі 

оқушы  дайындалып  өз  жұмыстарымен  таныстырды.  Олар    неге  өз  кітаптарын  осылай 

атады?Оның авторлары кім? Кім қандай ертегі жазды? Осы топ мүшелері үшін оның қандай 

маңызды екенін  ерекще әсермен қорғап шықты. 

Осы  жұмыстарды  тамашалаған  басқа  сынып  оқушылары  қызығушылық  танытып 

оқушыларға өздерін қызықтырған бірнеше сұрақтар қойды. 



417 

Осындай ұйымдастырылған іс- шаралар оқушылардың көркем әдебиетті оқуға еріксіз 

баулиды және  ата- аналар да белсене қатысып өз үлестерін қосқаны сөзсіз. 

Кез  –келген  ұстаздың  шығармашылық  ойлары  кез  келген  оқушының  жан-  жақты 

ашылуына  әсер  етеді.Соңғы  кезде  менің  зерттеуімше  оқушылардың  көркем  әдебиеттерге 

қызықпайуының  тағы  бір  себебі  олар  өздері  оқыған  шығарманың  негізгі  ойын  аша 

алмайды.Олар кез келген мәтінді,шығарманы тек стіртін оқиды. Оның терең мағнасын түсніп 

мәтін  бойынша  сұрақтар  қойып,  оны  саралап  зерттей  алмайды.  Ұстаздарға  осы  мәселені 

шешу  тарапынан  тіл  сабақтарында  берілген  тақырыпты  терең  талдап  олардың  негізгі  ойын 

ашып, оларды сұрақтар арқылы тексеріп саралауға үйрету. 

Әр  қашан  өздері  оқып  жүрген  шығармаларды  сыныптастары  арасында  талқыға 

салуды үйрету. 

Мысалы  менің  сыныбымда  Темірболат  Санжар  деген  оқушы  бар.  Ол  қөркем  әдеби 

шығармаларға  дүниетану  сабағынан  қосымша  деректер  жинауға  жауапты  оқушы.  Ол  осы 

өткен  тақырып  бойынша  келесі  сабақта  сабақта  бастамас  бұрын  тақырып  бойынша  жинап 

келген  қосымша  ақпаратпен  оқушыларды  таныстырып  жұмысын  атқаратын.  Ал  қазір 

сыныпта  осындай  тапсыраны  өз  бетімен  ізденуді  сыныптың  жартысы  жарыса 

орындайды.Тіпті  олардың  жиаған  деректерін  оқыған  кітаптарын  алып  келіп  пікір 

таластырып  дәлелдейді.Сонда  оқушылар  сабақтың  қаншалықты  қызықты  және  тез  өтіп 

кететін өздері қортындылап айтады.Осылайша оқушыдан оқушыға берілген ақпарат олардың 

есінде көпке дейін сақталып қалатынына  көзім жетті. 

Сонымен  қатар  бірлесе  отырып  кітап  оқу,  оқығаны  туралы  ой  бөлісу 

топқа  бөліп  балаларды  бірлесе  отырып  топпен  жұмыс  істеуге  баулу,  жұмыс  үстіндегі 

еркіндік,  тек  сөйлеушіні  тыңдауға  ғана  емес,  ойлауға  жетелеу,  өз  ойын  жеткізуге  баулуға 

үйретеді. 

Өз  ұлтының  көркем  тілінің кәусәрінән  қанып  ішкен  ұл  мен  қыз  шын  мәнінде  елінің 

толыққанды мәдениетті азаматы болатынын естен шығармағанымыз жөн. 

«Оқушы  көркем  әдебиетті  неге  оқымайды?»  -  деп  сауал  тастап,  шарқ  ұрып  жүрген 

әріптестеріме айтарым – бала оқиды, тек  «Қалауын тауып, қар жағу» өз қолымызда  екенін 

ұмытпуымыз керек. 

Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйретуде оқушы сауаттанады, сөздік қоры ұлғаяды, 

ойын  еркін  жеткізе  алады.  Сөйлегенде  мәдени,  әдеби  тілде  көптеген  сөздердің  баламасын 

тауып  айтып,  өз  ойы  бойынша  мазмұндап  айта  алады.  Көркем  әдебиетті  үнемі  оқитын 

оқушылар суреттер бойынша сөйлегенде шешендік қабілеттерін де көрсете біледі сөз таңдай 

алады. 

Оқушыны  өз  бетімен  кітап  оқуға  үйрету,  оны  қалыптастыру  оқушыны  өмірге 



дайындаудың  негізі  болып  табылады.Мен  екінші  және  үшінші  сыныптарда  оқушыларыма 

өздеріне  қызықты  тақырыпта  зерттеу  жұмысын  алып  оны  жан-  жақты  зерттеуге  ұсыныс  

тастадым.  Ол  таңтап  алған  тақырыптарын  жеке  дара  әр  оқушы  қорғау  ұсынды.Сонымен 

көркем әдебиетті оқытып оны саралап зерттеуге бағыттаудың бір жолы  ретінде «Мәнерлеп 

сөйлеу»  сайысын өткізу болыды. Осы сайысты өткізу барысында менің оқушым Рахметулла 

Сапарбек  кейін  таңдаған  тақырыбымен  облыстық  «Зерде»  зерттеу  жұмысына  қатысып 

жүлделі  2  орынды  жеңіп  алды.  Сынып  оқушылары  түгел  атаңдап  алған  тақырыптарын  бір 

жыл көлемінде қосымша көркем әдебиеттер арқылы ақпараттар жинап қортындылады. Оқу 

жылы  соңында  осы  тақырыптарды  қорғады.  Оқушылар  еркін  сөйлеп,  өздері  жинақтап 

зерттеген ақпараттармен бөлсті. Бұл іс –шара бастауыш сынып  оқушылары  мен ата- аналар 

алдында  өтті.  Оларға  әділ  қазылар  алқасы  сайланып  оқушылардың  жұмыстары 

марапатталды. Осы сайыста жеңімпаз атанған оқушылардың жұмысы зерттеу жұмыстарына 

жіберіліп отырды. 

Осындай  іс-  шаралардан  кейін  ата-  аналармен  сұхбат  жүргізілді.  Сұхбат  барысында 

ата-  аналар  өз  балаларының  қазіргі  таңда  көркем  әдеби  шығармаларды  тек  қана  оқып 

қоймай,оларды  саралап  талдай  білетіндерін  атап  өтті.  Балалары  оқыған  көркем  әдебиетті 

оқып оның негізгі ойын ашуға тырысып жатқанын, олармен бірге сол шығарманы талдауға 


418 

 

көмектесемін, пікір таластырамын деп бірнеше ата-ана да көркем әдеби шығармаларды жиі 



оқи  бстағандарын  айтып  кетті.  Өкінішке  орай  кейбір  ата-  аналар  өз  балаларымен  пікір 

таласқа  түсе  алмайтындарын  да  жасырмады.  Оның  себебі  олар  оқыған  шығарманың  

мазмұнын  ашып  бере  алмайды.  Себебі  ата-  аналардың  өздері  орыс  тілді.  Осындай  қейбір 

қездесетін  қиыншылықтар  балалардың  барлығын  көркем  әдеби  шығармаларды  белсене 

оқуына ықпал етеді. Бірақ соған қарамастан біз үзілмес ізденіс үстіндеміз. Біз оқушыларды 

көркем  әдеби  шығармаларды  оқығанда  өзіміз  қандай  әсерде  болсақ,оларды  сол  әсерді 

бойларынан  өткізе  білуге  жетелеу  керек.  Сол  кезде    олардың  қызығушылығы  кітап  оқуға 

мәңгілік  өшпейді.  Ал  ұстаз  ретінде  алдымызда  отырған  оқушының  тек  қана  білімді  емес 

сонымен  қатар  мәдениетті,жан-  жақты    болуы  біздің  міндетіміз  екенін  ұмытпайық 

әріптестер. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет