5 апта Тақырыбы: Өлең мен қарасөз немесе қарасөзбен жазылған өлең – 1 сағ. 6 апта
«Өлең мен қарасөз немесе қарасөзбен жазылған өлең» мәселесін М.Жұмабаев, Т. Әбдікәкімов, Е. Раушанов шығармалары негізінде. Поэзияның прозалық сипаты мен қарасөзбен жазылған өлең мәселесі. А.Байтұрсыновтың пікіріне сүйенсек, «Күн көріс ісіне және көңіл көтеріс ісіне» құрылған сөздер дей отырып, алдыңғысын «қара сөзге» екіншісін «өлеңге» жатқызады. Бұдан шығатын қорытынды өлеңге қойылатын сөз ажары, айшығы, мағыналылығы сияқты талаптары ескеріліп отырса, қара сөзге тиесілі салқынқандылық, жүйелі баяндау, оқиғаның мән-жайын дәріптеу т.с.с басты сипаттары, айырмашылықтары болатынын мойындаймыз.
Поэзия мен прозаны тоғыстыру поэзияның жойылуына әкеп соқтырмауы.
бұл жөнінде зерттеуші А. Әбіловтың қазақ прозасының майталман жазушыларының (Ж.Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, З. Қабдолов) шығармалары.
Ж. Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» повесіндегі алғашқы сөйлемдерге ой жүгіртсек, осы ойымызға тірек болар тіркестерді қиналмай табамыз. Бұл тұста ырғақтың жиілеуі ұйқасқа әкеледі де поэзияға тән өрнектер бой көрсетеді. Шығарма үзіндісін тармаққа айналдырғанда кәдімгі қазақ өлеңінің табиғаты көз алдыңызға келіп, прозалық үлгі поэзиялық үлгіге көшкеніне куә боласыз. Осы жерден екінші бір мәселе туындайды. Ол қарасөзбен жазылған өлең мәселесі. Қарасөзбен жазылған өлең – прозалық пішіндегі лирикалық туынды. Оған тән белгілер: көлемнің қысқалығы, жоғары эмоция, сюжетсіз құрылым, субъективті әсер мен күйзелістің білдірілуі; бірақ ырғақ, өлшем, ұйқас жоқ. Сондықтан қарасөзбен жазылған өлеңді поэзия мен проза аралығындағы метрикалық белгілері бар ырғақты прозамен және еркін өлеңмен шатастыруға болмайды. Қарасөзбен жазылған өлең түрі еуропалық поэзияда романтизм дәуірінде проза түріндегі діни лирикада библиялық дәстүрді тірек ете отырып дамыды, ал француз поэзиясында басқа тілдегі өлеңдерді аударудағы тәсіл болды. Қарасөзбен жазылған өлеңнің алғашқы үлгісі деп А. Бертранның «Гаспар из тьмы» еңбегі болса, «Қарасөзбен жазылған өлең» термині Ш.Бодлердің «Цветы зла» кітабында қолданылды.
Ұлттық ақынымыз Мағжан Жұмабаев та өзінің шығармашылық тәжірибесінде бұл тарапта қалам тартқан. Ақынның «Балапан қанат қақты», «Домбыра» сияқты үлгілеріне қоса қазіргі ақындарымыз Т. Әбдікәкімов, Е.Раушановтардың қарасөзбен жазылған өлеңдерінің сыршыл сазы, терең лирикалық-психологиялық иірімдері, әсем үйлескен бейнелі тіркестерін айтуға болады.
Қазіргі модерндік әдебиетке тән кейіпкердің атын атамау арқылы оған жалпылық сипат дарытылып, типтік қалыпта көрсетілген. Сана ағымы арқылы бейнеленген ішкі әлем қалпы реалистік баяндаудан гөрі субъектінің қабылдауы бағытында ашылған. Модерндік, постмодерндік ағым белгілеріне жақын келетін бұл өлең мазмұнында Табиғат-Адам қарым-қатынасы Дария мен Ол арасында көрсетіледі. «Ол Дариясына оралды. Өзінің Дариясына... Көп заман өтіпті-ау...Бұл жолы жанында қонақтары бар еді»